Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық әкімдігінің 15.04.2013 N 184 қаулысымен
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7-бабының 5-2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңының 31-бабының 1-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Айыртау ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарында жұмыс орындары жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Н. Бубенеевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Аудан әкімі Е. Айнабеков