Айыртау ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарына мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 4 наурыздағы N 48 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 10 сәуірде N 13-3-95 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі N 184 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық әкімдігінің 15.04.2013 N 184 қаулысымен

       Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7-бабының 5-2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңының 31-бабының 1-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Айыртау ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарында жұмыс орындары жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Н. Бубенеевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Аудан әкімі                                 Е. Айнабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады