Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімдігінің 2010.04.30 N 122 Қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін
өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23
қаңтардағы № 148 Заңы 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23
қаңтардағы № 149 Заңы 7-бабы 5-2) тармақшасына сәйкес және
«Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының
Заңын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарында жұмыс орындары жалпы санының үш пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары З.Ж. Молдағанаповқа жүктелсін.
3. «2009 жылға арналған ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарында жұмыс орындары мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» аудан әкімдігінің 2009 жылғы 20 ақпандағы № 56 қаулысының
күші жойылсын.
4. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланған күнінен бастап
қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Тастеміров