"Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына және "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға жеңілдіктер беру және әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Заңының 20-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тіс протездеуге әлеуметтік көмек (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) осы санаттағы азаматтарға көрсетілсін:
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына;
Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне;
жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға;
жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға.
2. Әлеуметтік көмекті беру үшін анықталсын:
тіс протездеу құнының көлемінде (құнды металдар мен металлопластика, металокерамика, металлоакрилдардан басқа) тағайындалады;
аудан бюджетінен бөлінген қаражатының шегінде көрсетіледі;
осы қаулының 1-тармағында көрсетілген Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының аумағында тұрақты өмір сүретін және тіс протездеуге мұқтаж болған тұлғаларға беріледі.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары З.Ж. Молдағанаповқа жүктелсін.
4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Тастеміров |