Аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылғанын тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 15 шілдедегі № 172 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 37 бабы 8 тармағына сәйкес, ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылғаны танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енізіледі.
      Аудан әкімінің м.а. З.Молдағанапов

  2010 жылғы 15 шілде № 172 аудан әкімдігінің қаулысына қосымша

Аудан әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулысыларының тізбесі

      1. "Тіс протездеуге әлеуметтік көмек көрсету туралы" аудан әкімдігінің 2009 жылғы 25 қыркүйектегі № 344 Қаулысы (2009 жылдың 25 қыркүйегінде № 13-4-91 Ақжар ауданының әділет басқармасының бекітілген, 2009 жылғы 31 қазандағы № 44 "Дала Дидары");
      2. "Ақжар ауданына жұмыс істеуге келген медицина саласының жас мамандарына бір жолғы төлем ұйымдастыру туралы" аудан әкімдігінің 2007 жылғы 18 шілдедегі № 243 Қаулысы (Ақжар ауданының әділет басқармасының № 13-4-91 бекітілген, 2007 жылғы 8 қыркүйектегі № 39 "Дала Дидары");
      3. "Аз қамтылған отбасынан шыққан студенттерге әлеуметтік қолдау көрсету ережелерін бекіту туралы" аудан әкімдігінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі № 269 Қаулысы (2009 жылдың 25 қыркүйегінде № 13-4-3 Ақжар ауданының әділет басқармасымен бекітілген, 2005 жылғы 7 мамырдағы № 18 "Дала Дидары").

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады