Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық әкімдігінің 22.01.2014 N 9 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңы 5-бабына, 7-бабы 2) тармақшасына, "Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" азақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 қаулысы 1.5. тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда тұратын мақсатты топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі айқындалсын (қосымшаға сәйкес).
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі халықтың мақсаттық тобына жататын тұлғалардың жұмыспен қамтылуын қолдау мен әлеуметтік қорғау бойынша іс-шаралар қарастырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Айбек Оралбекұлы Күшеновке жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткенен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М. Тасмағанбетов
Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан әкімдігінің
2009 жылғы 14 сәуірдегі № 91
қаулысына қосымша
Халықтың мақсатты тобына жататын
тұлғалардың қосымша тізімі
1. 29 жасқа дейінгі жастар.
2. 50 жастан асқан тұлғалар.
3. Арнайы орта және жоғары оқу орындарының түлектері.
4. Ұйымдар штаты мен санын қысқартуға байланысты босаған тұлғалар.