Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2010.01.26 N 31 Қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5) тармақшасына сәйкес, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және бюджеттік қаражаттарды тиімді пайдалану мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
қоғамдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс берушілермен шарттар жасасын;
жұмыссыздарды ақылы қағамдық жұмыс орындарына жіберуді 2009 жылға арналған аудан бюджетінде, оларды өткізу үшін көзделген қаражаттар шегінде жүргізсін;
қоғамдық жұмыстарға қатысқан жұмыссыздардың еңбегіне төлеу, ақшалай қаражаттарды екінші деңгейдегі банктердің жеке шоттарына есепке алу жолымен жүргізсін.
2. Қоғамдық жұмыстарға қатысқан жұмыссыздардың еңбегіне төлеу орындаған жұмысына тәуелді бекітілсін (1 қосымша).
3. Қоғамдық жұмыстар өткізуге болатын, Есіл ауданы бойынша аудан әкімдігінің коммуналдық меншігінде тұратын, кәсіпорындар және мәдени-әлеуметтік маңызы бар объектілердің тізімі бекітілсін (2 қосымша).
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бектасова Айнагүл Кәкімжолқызана жүктелсін.
Есіл ауданының әкімі В.Бубенко
Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 15 қаңтардағы
№ 3 қаулысына 1 қосымша
Қоғамдық жұмысқа қатысушыларға атқарған жұмысына байланысты еңбегіне төлу туралы
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Есіл ауданы әкімдігінің 2009.06.18 N 158 Қаулысымен
Жұмыс түрлерінің атауы |
Мамандық |
Дәреже |
Тариф |
1. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы ұйымдарына елді мекендердің аумақтарын жинауда көмек көрсету |
Аумақтарды жинаушы |
1-2 |
1,39 |
2. Аймақтарды экологиялық сауықтыру (аумақтарды көгалдандыру және қөркейту)(ағаш отырғызу, гүл егу), орман саябақтық шаруашылықтарды, демалу, туризм орындарын сақтау және дамыту, қаңғырма жануарларды аулау |
Көркейту бойынша жұмысшы |
3 |
1,59 |
3. Спорттық шараларды, мерейтойларды, мемлекеттік мерекелерге арналған шараларды дайындауға қатысу, соның ішінде мұз қалашықтарын салуда қосалқы жұмыстарды орындау |
Мәдени ұйымдасты |
3-4 |
1,59 |
4. Республикалық және аймақтық қоғамдық науқандарға (cауалнама жүргізу, халық санағы,жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау сұрақтары бойынша тексеріс жүргізу) қатысу |
Санақшы |
G-14 |
1,43 |
5. Халықтың аз қамтамасыз етілген топтары мен жалғыз тұратын қарттарға, жаңа келген оралмандарға, әлеуметтік-тұрмыстық мәдениет нысандарына отын және жемазық дайындау, қөмірді жеткізуге және түсіруге көмек көрсету |
Жұмысшы |
1 |
1,39 |
6. Үй шаруашылығын тіркеуде және шаруашылық кітаптарын құрастыруға көмек көрсету |
Тіркеуші |
G-14 |
1,43 |
7. Әлеуметтік-мәдени мақсаттағы маңызды объектілерді, сондай-ақ аудан әкімдігінің коммуналдық меншігіндегі бос ғимараттарды күзету |
Күзетші |
1-2 |
1,39 |
8. Балалардың, жасөспірімдердің, жастардың бос уақытын балалар-жасөспірімдер клубтары арқылы ұйымдастыру жөнінде бір жолғы жұмыстарды (мерекелер мен мерейтойларға дайындық) жүргізу |
Мәдени ұйымдасты |
G-13 |
1,68 |
9. Саябақтар, гүл бақтары аумағын күзету (жеке меншік объектілерінен басқалары) |
Күзетші |
1-2 |
1,39 |
10. Зираттарды, қоқыс орындарын, соның ішінде қоқыстарды жинауды ұйымдастыру |
Қөркейту бойынша |
3 |
1,59 |
11. Мемлекеттік мекемелерде бюджеттік ұйымдардың жылу беру маусымы кезінде пеш жағушы ретіндегі жұмыс |
Пеш жағушы. |
1-2 |
1,39 |
12. Жалғыз басты ауру қарт азаматтарды күту (тамақ,дәрі-дәрмек сатып әкелу, үй ішін жинау, ағарту, еден сырлау, кір жуу, көкөніс отырғызу, арам шөп жұлу және жинау) |
әлеуметтік жұмысшы |
G-13 |
1,68 |
13. Тұрақты тұратын жері бойынша халықты құжаттау және тіркеуде техникалық қызмет көрсету |
Төлқұжатшы |
G-14 |
1,43 |
14. Оралмандарды қабылдау және жайластыру жөніндегі тапсырмаларды орындау |
Іс жүргізуші |
G-14 |
1,43 |
15. Мемлекеттік тілдегі өгініштер бойынша іс- жүргізуде көрсету |
Аудармашы |
G-13 |
1,68 |
16. Құжаттарды сақтауға дайындық және өндеуде көмек көрсету |
Мұрағатшы |
G-14 |
1,43 |
17. Жұмыспен қамту мәселелері және 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау кезінде қажетті құжаттарды жинау бойынша көмек көрсету |
Асистент |
G-13 |
1,68 |
18. Аудан әкімі аппаратының ғимараты ішінде тәртіпті қадағалауға көмек көрсету (гардеробта жұмыс істеу) |
Гардеробшы |
G-14 |
1,43 |
Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 15 қаңтардағы
№ 3 қаулысына 2 қосымша
Қоғамдық жұмыстар өткізуге болатын, Есіл ауданы бойынша аудан әкімдігінің коммуналдық меншігінде тұратын, кәсіпорын және мәдени-әлеуметтік маңызы бар объектілердің тізімі
1. Селолық округ әкімдері аппаратарының ғимараттары.
2. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылаттын мемлекеттік мекемелер.
3. „Камкор” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
4. Ауруханалар.
5. Отбасылық-дәрігерлік амбулаториялар.
6. Фельдшерлік–акушерлік пункттер.
7. Емхана.
8. Мектептер.
9. Клубтар.
10. Мәдиниет үйлері.
11. Кітапханалар.
12. Балабақшалар.
13. Стадиондар.
14. Тарихи - сәулет ескерткіштері.
15. Локалдық су өткізгіш желілері.
Егер жұмыс кәсіпорын жұмысшыларының функционалдық міндеттеріне кірмесе және ол үшін штаттық кестеде бірліктер каралмаса.