Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық әкімдігінің 21.02.2014 N 76 қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37-баптарына, «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына, «Монополияшы кәсіпорындардың қызмет көрсетулеріне бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеу жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 сәуірдегі № 400 қаулысына және Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 10 бұйрығымен бекітілген Жылу энергиясын пайдалану ережелерінің 67-тармағына, тасымалдаушыдан жылу қуатын тұрғын үй ғимараттарының жалпы көлемінің бір шаршы метріне жылу қуатының шығыны мөлшерінің есептеулеріне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығымен «Жігер» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жылытатын жылыту маусымына тұрғын үй ғимараттарының жалпы көлемінің бір шаршы метріне жылу қуатының шығынының мөлшері Нефтяниктер поселкесіне айына 0,045 гекокалорий болып бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.С. Колесниковке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ. Пшенбаев