Монополияшы кәсіпорындардың қызмет көрсетулеріне бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеу жөніндегі қосымша шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 сәуірдегі N 400 қаулысы

      Республиканың ішкі рыноктарындағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2688  конституциялық заң күші бар Жарлығының  негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Рыноктарда үстем жағдайға ие және оны бағалар мен тарифтерді негізсіз көтеру үшін пайдаланатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің жылу қуатын өндіру және онымен жабдықтау, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, кірме темір жолдарды пайдалану бойынша көрсететін қызметтеріне бағаны мемлекеттік реттеу енгізілсін.
      2. Былай деп белгіленсін:
      1) Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) бағалары туралы ақпарат тұтынушыларға тек теңгемен берілуі тиіс;
      2) Қазақстан Республикасының резиденттері арасында шарттар жасалғанда бағалар тек теңгемен белгіленеді;
      3) коммуналдық қызметтердi есептеу аспаптары болмаған кезде газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау үшiн төлемнiң мөлшерi 2003 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша нормалардан аспайтын қолданыстағы тұтыну нормалары ескерiле отырып айқындалады; <*>
      4) электр қуаты мен газды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден сатып алатын және өнімді қазақстандық өндірушілерден алудың балама мүмкіншілігі жоқ аймақтарды электр қуатымен және газбен үзбей жабдықтау мақсатында, тұтынушылар үшін газ бен электр қуаты тарифтерін өзгерту ай сайын, АҚШ долларының ай ішіндегі орташа биржалық бағамының серпінінен қарай, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі агенттігі белгілейтін тәртіппен жүзеге асырылына алады.
      Ескерту. 3)-тармақша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.04.25. N 548 қаулысымен.
      Ескерту. 3)-тармақша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.03.26. N 297 қаулысымен.
      3. Осы қаулының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген шектеулер табиғи монополияларды реттеу жөніндегі заңдарда және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда ұйымдардың қызмет көрсетулеріне белгіленген бағаларға қолданылмайды.
      4. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі агенттігі рыноктарда үстем жағдайға ие шаруашылық жүргізуші субъектілердің жылуды өндіру және онымен жабдықтау, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, кірме темір жолдарды пайдалану бойынша көрсететін қызметтеріне бағаны мемлекеттік реттеудің енгізілуін қамтамасыз етсін.
      5. Министрліктер, агенттіктер және өзге де орталық атқарушы органдар бұрын қабылдаған нормативтік актілерін осы қаулыға сәйкес келтірсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады