Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімі аппаратының 2011.10.03 N 02.06-05-05/843 хаты)
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 13-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабы 2-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мағжан Жұмабаев ауданы аумағында халықтың мақсаттық тобына жататын тұлғалардың қосымша тізімі орнатылсын:
1) оқу орындарының түлектері;
2) ұйымдардан босатылған тұлғалар;
3) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.
2. «Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мақсатты топқа жататын тұрғындарды – уақытша жұмыспен және кәсіби дайындықпен қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар қолдансын, мақсатты топқа жататын азаматтардың жұмысқа орналасуына көмектесуді қамтамасыз ету.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.П. Мұсақұловаға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Сапаров