Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігінің 2009.10.20 N 345 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 15 қаңтардағы «Діни наным мен діни бірлестіктердің бостандығы туралы» Заңының 6-2 бабы 2) тармақшасына сәйкес Заңды тұлға белгілері жоқ шағын діни топтарды тіркеуді қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шағын діни топтарды Мағжан Жұмабаев ауданының аумағында есепті тіркеу бойынша уәкілетті орган ретінде «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі белгіленсін.
2. Шағын діни топтар болып заңды тұлға белгілері жоқ және заңды тұлға мәртебесімен Қазақстан Республикасының діни бірлестіктерінің біріне құрылымдық тұрғыда қатысты тіркеуге алушы органда есептік тіркеуге жататын жергілікті діни қауымдар танылады.
3. Шағын діни топ оны тіркеуге алатын органда шағын діни топ туралы мағлұматтар есебінің журналына енгізу жолымен есептік тіркеуге қойылған сәтінен бастап діни қызметті жүзеге асыру құқығына ие болады.
4. Шағын діни топтарды есепті тіркеу үшін оның басшысы немесе уәкілетті тұлға тіркеуге алатын органға мынадай құжаттарды тапсырады:
1) 1-қосымшаға сәйкес есептік тіркеуге қою туралы өтініш;
2) тіркелетін шағын діни топ оған құрылымдық тұрғыда қатысты болып табылатын, заңды тұлға мәртебесі бар діни бірлестік жарғысының көшірмесі.
5. Есептік тіркеу шағын діни топ туралы мәліметтерді 2-қосымшаға сәйкес арнайы қатаң есептілік журналына енгізу жолымен жүзеге асырылады.
6. Есептік тіркеу құжатты тапсырған күннен бастап 15 күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
7. Есепке алу журналына мәліметтер енгізілгеннен кейін тіркеуге алушы орган шағын діни топтың басшысына немесе уәкілетті тұлғаға 3-қосымшаға сәйкес есептік тіркеуге қойылғаны туралы тиісті анықтаманы береді.
8. Шағын діни топ жергілікті уәкілетті органында діни бірлестік ретінде әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін өзінің қызметін нақты тоқтатқан жағдайда немесе діни бірлестіктің филиалы мен өкілдігінің есептік тіркеуінен өткеннен кейін есептік тіркеуден алынады.
9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.П Мұсақұловаға жүктелсін.
10. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енеді.
Аудан әкімі А.Сапаров
Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 13 сәуірдегі
№ 88 қаулысына 1-қосымша
__________________________
(өтінішті тіркеуші органның
__________________________
атауы, мекен-жайы)
Заңды тұлға белгілері жоқ шағын діни топтардың
есептік тіркеуге тұрғызу туралы
өтініш
_____________________________________________________
(топ басшысының тегі, аты, әкесінің аты)
______________________________________________________
(діни топтың атауы, оның діни ұстанымы)
______________________________________________________
(кәмелетке толған мүшелерінің саны)
______________________________________________________
(діни топтың мекен-жайы мен діни құрылыстың бар болуы)
______________________________________________________
(өз қызметін жүзеге асыратын аумақ)
Қолы
Күні
Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 13 сәуірдегі
№ 88 қаулысына 2-қосымша
Заңды тұлға белгілері жоқ шағын діни топтарды тіркеу
журналы
р/с № |
Тіркеу нөмірі мен тіркелген күні |
Діни топтың атауы |
Діни топтың діни ұстанымы және оның діни орталыққа жатуы |
Діни топтың мекен- |
Діни топтардың қызметінің ауданы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Діни құрылы-сының (ғиба- |
Топ басшысы- |
Нөмірдің тіркелуі туралы анықтама-ны толтырған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты |
Тіркеу туралы анықтаманы алған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты мен қолы |
Топтың кәмелетке толған мүшелері- |
Шағын діни топтар-дың есептен шығару мәліметтері |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 13 сәуірдегі
№ 88 қаулысына 3-қосымша
_____________________________________________________
(өтінішті тіркеуші органның атауы)
Заңды тұлға белгілері жоқ шағын діни топтардың
есептік тіркеу қою туралы
____________ анықтама
200_ жылғы «___» ___________ берілді
Діни топтың атауы ___________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
Топты тіркеуге алған
органның басшысы Қолы
Мөр