Ескерту. Күші жойылды - (Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық әкімінің 14.01.2013 N 02-08-02-02/37)
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағы 13), 14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31 бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы «Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабы 5-2) тармақшаларына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мамлют ауданының мекемелері мен кәсіпорындарында жұмыс істеушілердің жалпы санының үш пайызы көлемінде мүгедектер үшін 2009-2010 жылдарға жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Б. Бәкеевке жүктелсін.
3. Қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ. Қалиев