Мамлют ауданының мекемелері мен кәсіпорындарында мүгедектер үшін 2009-2010 жылдарға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 6 сәуірдегі N 59 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 21 сәуірде N 13-10-82 тіркелді. Күші жойылды - (Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық әкімінің 2013 жылғы 14 қаңтардағы N 02-08-02-02/37)

      Ескерту. Күші жойылды - (Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық әкімінің 14.01.2013 N 02-08-02-02/37)

      Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағы 13)14) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31 бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы «Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабы 5-2) тармақшаларына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мамлют ауданының мекемелері мен кәсіпорындарында жұмыс істеушілердің жалпы санының үш пайызы көлемінде мүгедектер үшін 2009-2010 жылдарға жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Б. Бәкеевке жүктелсін.
      3. Қаулы бірінші ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                   Қ. Қалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады