Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің 2010.01.14 N 2 Шешімімен
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 33-бабына 2-тармағына, Қазақстан Республикасы «Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен оларға теңестірілген тұлғаларды әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер көрсету туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Заңының 20-бабына сәйкес аудан әкімі ШЕШТІ:
1.Азаматтардың төмендегі санаттарына тісті протездеуге әлеуметтік көмек (одан әрі - әлеуметтік көмек) көрсетілсін:
жеңілдіктер және кепілдер бойынша Ұлы Отан Соғысына қатысқандар мен оларға теңестірілген тұлғаларға;
жеңілдіктер және кепілдер бойынша Ұлы Отан Соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға.
2. Әлеуметтік көмек төмендегідей тағайындалсын:
тісті протездеу бағасы мөлшерінде (қымбат металлдардан, металлкерамикадан, металлпластиктен, металлкерамикадан, металлакрилден жасалған протездерден басқа);
аудандық бюджеттен бөлінген қаражат есебінде көрсетіледі;
осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының аумағында тұрақты тұратын және тісті протездеуді қажет ететін тұлғаларға.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Б. Бәкеевке жүктелсін.
4. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ. Қалиев