Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2012.06.04 N 4/2 Шешімімен
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 6-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 3-бабы 2-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. «Мамлют ауданындағы көркейту және жасыл желекті екпелерді қорғау ережелерін бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 7/1 шешімімен бекітілген Ережесіне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркеу № 13-10-70 2008 жылғы 7 мамырдан, 2008 жылғы 9 мамырдағы № 21 аудандық «Знамя труда» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгертулер енгізілсін:
1 тармақтағы екінші абзацта «және жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігін анықтайды» сөздері шығарылсын;
23 тармақтағы «тыйым салынады» деген сөзі «жол берілмейді» сөзімен алмастырылсын;
56 тармақтағы «тыйым салынады» деген сөзі «жол берілмейді» сөзімен алмастырылсын.
59,60,61 тармақтары шығарылсын;
64 тармақтағы «қатаң түрде» сөзі шығарылсын;
65 тармақ шығарылсын;
69 тармақтың 9 тармақшасы келесі редакцияда;
«9) көгалдар мен гүлзарлардағы құрылыс жұмыстары» деп берілсін;
72 тармақтағы екінші сөйлем шығарылсын.
2. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған соң, он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихаттың
сессиясының төрайымы хатшысы
Н. Знайко А. Нұртаев