Мамлют ауданындағы көркейту және жасыл желекті екпелерді қорғау ережелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 7/1 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудынының Әділет басқармасында 2008 жылғы 7 мамырда N 13-10-70 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2012 жылғы 4 маусымдағы N 4/2 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2012.06.04 N 4/2 Шешімімен

      «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 Кодексінің 3-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6- бабы 1-тармағы 8) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Берілген Мамлют ауданындағы көркейту және жасыл желекті екпелерді қорғау ережелері бекітілсін.
      2. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған соң, он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Сессия төрағасы –
      аудандық мәслихаттың хатшысы                     А. Нұртаев

Аудандық мәслихаттың
2008 жылғы 15 сәуірдегі
№ 7/1 шешімімен бекітілді

Мамлют ауданындағы көркейту және жасыл желекті екпелерді қорғау ережелері

1. Жалпы ережелер

      1. Осы ережелер Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Заңының 3300387-баптарына, Қазақстан Республикасы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 3-бабына, Қазақстан Республикасы «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес әзірленген.
      Ережелер көркейту, жасыл желекті екпелерді қорғау, Мамлют ауданында инфрақұрылым объектілерін күтіп ұстау және қорғау саласында  қарым-қатынасын реттейді.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Мамлют аудандық мәслихатының 2009.10.23 N 18/4 Шешімімен

2. Осы ережелерде пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен анықтамалар

      2. Ауданды көркейту – аудан аумағында адамның өмірін жайлы, қолайлы, салауатты етуге бағытталған элементтер және жұмыстар кешені.
      3. Аула ішілік аумақтар – шағын сәулет нысандарын, балалар, кір жаятын, контейнер алаңдарын, автокөлік тұрақтарын, сәндік құрылғылар  орнату, үйге кіретін жолдар, аулаға кіретін жолдар үшін пайдаланылатын жерлер.
      4. Бөлінген аумақ – жер пайдаланушының (кәсіпорынға, мекемеге, жеке тұлғаға) иелігіне тапсырылған немесе Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған, уәкілеттік органдардың құқықтық шешімдеріне сәйкес пайдалану үшін өзіне тиісті объектілерді орналастыруға берілген жер учаскесі.
      5. Іргелес жатқан аумақ – тікелей ғимараттар, орын жайлар,  қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама объектілеріне иелігінде, жалға алып пайдаланылуындағы, пайдаланылуындағы басқа объектілер шекараларына (периметрі бойынша 5 метр шекарадағы) жанасып жатқан аумақ.
      6. Жерді пайдаланушы –мақсаты мен меншік түріне қарамастан (кәсіпорындар, ұйымдар, коммерциялық құрылымдар, кәсіпкерлер, жеке сектор үйлерінің иелері, пәтерлер иелері кооперативтері және басқалары) аудандық, қалалық, селолық шекарада жер учаскелерін пайдаланушы заңды және жеке тұлға.
      7. Жалпы пайдалану орындары – демалыс аймақтары (саябақтар, жағажайлар, тынымбақтар) алаңдар, көлік аялдамалары және тағы басқалары.
      8. Шағын сәулеттік нысандар – көлемі жағынан кішкене әсемдік, сондай-ақ іске жарамды сипаттағы объектілер:
      сәндік құрылғылар – мүсіндер, фонтандар, және әсемдік су тоғандар, стеллалар, оймабедерлер, гүл құмыралары, ту салғыштар және басқалар;
      іске асыру сипатындағы құрылғылар – демалу орындары, павильондар, дүңгіршектер, орындықтар, қоршаулар, қоқыс қораптары, көшелер, үйлер мен жарнама тақтайшалары, пошта жәшіктері және басқалар.
      9. Ғимарат – көтергіш және қоршау құрылғыларынан тұратын,  міндетті түрде жер үсті тұйық көлемін жасайтын, функционалдық қызметіне қарай, адамдардың тұруы немесе болуына, өндірістік істерді  орындау үшін, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыру мен сақтауға арналып салынған жасанды құрылыс. Ғимараттың жер асты бөлігі болуы мүмкін.
      Тұрғын үй (тұрғындық ғимарат) – негізінен тұрғын бөлмелерден, сонымен қатар тұрғын емес бөлмелерден және өзге ортақ мүліктен тұратын құрылыс.
      10. Орын-жай - өндірістік үрдістерді орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыру мен сақтауға немесе адамдар мен жүктердің уақытша тұруына (ауысуына), сондай-ақ құралдарды (құбырлар, сымдар) немесе коммуникацияларды орналастыруға арналған, көлемді, жазықты немесе тізбекті салынған жасанды құрылыс (жер үсті, су үсті немесе жер асты, су асты). Құрылғы сондай-ақ көркем-эстетикалық, сәндік-қолданбалы немесе мемориалдық болуы мүмкін.
      11. Өту жолдары, өтетін жер – тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және басқа да аудандық, қалалық, селолық құрылыс объектілеріне көлік құралдарының кіруін қамтамасыз етуші жол элементі.
      12. Жаяужолдар – жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолға жалғасып жатқан немесе одан гүл кестемен бөлініп жатқан жолдың бөлшегі.
      13. Жолдарды күтіп ұстау – нәтижесінде талапқа сай келетін, жол мен жол құрылғыларының көліктік-тұтыну жағдайы сақталатын жұмыстар жиынтығы.
      14. Аумақты тазарту – аумақты жинау, тұрмыстық қалдықтарды қоқыстарды, қарлы мұздықтарды жинау, шығару және кәдеге жарату (зарарсыздандыру).
      15. Өндірістік және тұтыну қалдықтары (одан әрі – қалдықтар) - өндіру және тұтыну кезінде пайда болған шикізат, материалдар, жартылай өңделген өнімдердің, басқа да бұйымдар мен тағамдардың қалдықтары, сондай-ақ өздерінің тұтыну қасиеттерін жоғалтқан тауарлар (өнімдер).
      16. Қатты тұрмыстық қалдықтар (одан әрі – ҚТҚ) – тұтынудың  ұсақ тұрмыстық қалдықтары.
      17. Ірі көлемді қалдық (бұдан әрі – ІКҚ) - өзінің тұтыну қасиеттерін жоғалтқан, тұтыну және шаруашылық қызметінің қалдықтары (тұрмыстық техника, жиһаз және т.б).
      18. Жөн-жосықсыз төгілетін қоқыстар үйінділері – заңды және жеке тұлғалардың жұмысы кезінде пайда болған ҚТҚ, ІКҚ, өндіріс және құрылыс қалдықтары, басқа қоқыстар, қар, мұздарды өз еркімен (жөн-жосықсыз төгілетін) шығару (орналастыру) немесе үю.
      19. ҚТҚ, ІКҚ жинау және шығару – ҚТҚ контейнерлерден арнайы автокөліктерге арту, контейнер алаңшаларын және оларға кіретін жолдарды шашылған қоқыстардан тазарту және оларды қоқыс жинау орнынан кәдеге жарату орнына тасымалдау.
      20. Уәкілетті орган – тұрғын-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігінің және автокөліктік жолдар саласында құзыры Мамлют аудынының әкімдігімен анықталған мемлекеттік мекеме.

3. Аудандық аумақтарды тазарту.

      21. Жалпы пайдаланылатын орындарды тазарту мен күту жұмыстары мына жұмыс түрлерін енгізеді:
      1) ұсақ және тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды жинау мен шығару;
      2) ірі көлемді қоқыстар мен қалдықтарды жинау мен шығару;
      3) сыпыру, жазғы мерзімде су құю және жуу;
      4) қамыстар мен басқа жабайы өскен өсімдіктерді шабу және шығару;
      5) қоршаулар мен шағын сәулет нысандарын жөндеу және сырлау;
      6) қысқы мерзімде жол жүру бөлігін механикалық жинау;
      7) механикалық жинау кезінде қарды арту және шетке шығару.

3.1. Көшенің өту жолдарын тазарту

      22. Жолдардың өту жерлерінің барлық ені бойынша тазарту, алаңдардың, көшелердің және аудандық, қалалық, селолық көше желілерін, сондай-ақ соңғы автобус бағыттарының тұратын-айналу алаңдарын, жол желілерін күту мен тазалау жұмыстарын осы жұмыстарды жүргізуге мемлекеттік тапсырыс жасау шарты негізінде, мердігер-кәсіпорындар жүргізеді.
      23. Жолдардың жиектері өсімдіктен, ірі көлемді және басқа қоқыстардан тазартылуы қажет. Жұмыстарды жүргізу кезінде қоқысты көшенің және өту жолдарының жағына шығаруға жол берілмейді.
      Ескерту. 23-тармаққа өзгерту енгізілді - Мамлют аудандық мәслихатының 2009.10.23 N 18/4 Шешімімен

3.2. Жаяужолдарды, аялдама және отырғызу алаңдарын тазарту

      24. Көше мен өту жолдары бойымен орналасқан немесе жол жағынан гүл кестемен бөлінген және тұрғын жай ғимараттарының кіре берісінен, аула аумақтарынан, мекемелерден, кәсіпорындардан, сауда және қызмет көрсету объектілерінен іргелес жатқан қоршауына тікелей шығу жолы жоқ жаяужолдарды тазарту жұмыстары коммуналдық кәсіпорындармен жүргізіледі.
      25. Көпірлердегі, жол желілеріндегі жаяужолдарды, сондай-ақ инженерлік құрылғыларға және баспалдаққа шығатын жерлерге жалғасқан техникалық жаяужолдарды тазарту, осы инженерлік құрылғылардың иесі болып табылатын кәсіпорындармен жүргізіледі.
      26. Көшенің жол жағынан гүл кестемен бөлінген жаяужолдар және тұрғын жай ғимараттарының кіре берісінен, аула аумақтарынан, мекемелерден, кәсіпорындардан, сауда және қызмет көрсету объектілерінен шығатын жерлердің жол жағын тазарту мен күту жұмыстары кесіп берілген жермен сәйкес орындалады.
      27. Жаяужолдар толығымен топырақ-құмнан, әртүрлі қоқыстан тазартылуы қажет.
      28. Қалалық жолаушылар көлігінің аялдама алаңдарын тазалау жұмыстарын қаланың санитарлық жинауын жүзеге асыратын кәсіпорындар атқарады. Аялдама алаңдары толығымен топырақ-құмнан, әртүрлі қоқыстан тазартылуы керек.

3.3. Қысқы кезде аудандық аумақты тазарту ерекшеліктері

      29. Қала көшелерінің өту жолдары мен кіру жолдарын қыста тазарту жұмыстары, осы Ережелердің талаптарына сәйкес жүргізіледі.
      30. Саябақтардағы, орман саябақтарындағы, бақтардағы, саяжолдардағы және басқа көгалды аймақтардағы жолдарды тазарту кезінде, осы мақсаттарға бұрын дайындалған алаңшаларға, жасыл отырғызылымдардың сақталуы мен еріген сулардың ағуын қамтамасыз еткен жағдайда, құрамында химиялық қоспалары жоқ қарларды үюге рұқсат етіледі.
      31. Қысқы мерзімде жолдар, бақ орындықтары, қоқыс салатын қораптар мен басқа да элементтер мен кіші сәулеттік формалар, сондай-ақ олардың алдындағы және бүйірлеріндегі жерлер, оларға баратын жолдар қар мен мұздықтардан тазартылуы керек.
      32. Қар үйінділерін жасауға болмайтын жерелер:
      бір деңгейде барлық жолдар мен көшелердің және кіру жолдарының қиылыстарында және темір жолға жақын жолдарда;
      көліктік қоршаулармен жабдықталған немесе көтеріңкі жиектемелері бар жол учаскелерінде;
      жаяужолдарда.
      33. Жаяужолдар мен гүл кестелерге қар шығаруға рұқсат етілмейді.
      34. Көшелер мен жолдардағы қарды шығару жұмыстары арнайы кесіп берілген, дайындалған алаңшаларға (қарлы үйінділерге) жүргізілуі тиіс. Белгіленген тәртіпте көрсетілмеген жерлерге қар шығаруға жол берілмейді.
      35.Қарды уақытша шығаруға берілген орындар, қар ерігеннен кейін қарлы үйінділерді күтіп-ұстайтын мердігер-ұйымымен қоқыстардан тазартылып, көркейтілуі керек.
      36. Жаяужолдар мен көпірге шығатын жерлердегі баспалдақтарды тазарту жұмыстарына мынадай талаптар қойылады:
      1) жаяужолдар мен көпір құрылғыларына шығатын жерлердегі баспалдақтар жаңа жауған қар мен тапталған қар басып кеткенге (қар-мұздықтарының пайда болуы) дейін барлық еніне дейін тазартылуы қажет;
      2) тоқтаусыз қар жауған кезде жаяужолдар мен көпір құрылғыларына шығатын жерлердегі баспалдақтар тайғаққа қарсы материалдармен өңделіп және жаяу жүргіншілер жүруі үшін тазартылуы керек;
      3) тайғақ болатыны немесе болу мүмкіндігі жөнінде хабарландырылған жағдайда, бірінші кезекте баспалдақтар, содан кейін жаяужолдар тайғаққа қарсы материалдармен өңделуі керек.
      37. Аула ауамақтары мен ішкі орамдардан тазартылған қарды автокөліктің қозғалысына және жаяулардың жүруіне кедергі келтірмейтін орындарға үюге рұқсат беріледі.
      38. Аула ішінде қарды үйген кезде, жылғалардың ағып кету жағын қарастыру керек.

4. Тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету

      39. Тұрмыстық және құрылыс қоқыстарын, өндірістік қалдықтарды, жәшіктерді, ағаш үгінділерін, жапырақтарды, қарды аудан, қала, село аумағында шығаруға жол берілмейді.
      40. Кәсіпорындардың және жеке меншік үй иелерінің ішкі аумақтарын қоса алғанда, қоқыстарды, жапырақтарды, жәшіктерді, өндірістік қалдықтарды жағуға, алау жағуға жол берілмейді.
      41. Тоғандарға және сайларға өндіріс кәіспорындарының тазартылмаған суларын және жеке сектордың төгілетін суларын ағызуға жол берілмейді.
      42. Көлік құралдарын тұрғын-жай орамдары ішінде және жалпы пайдаланылатын жерлерде, су жібергіш құдықтар, тоғандар, адамдардың демалу орындары, тұрғын үй алдында жууға, тазартуға және жөндеуге жол берілмейді.
      43. Жолдарды ластауға жол бермейтін, брезентпен немесе басқа материалдармен жабусыз топырақтарды, қоқыстарды, төгілмелі құрылыс материалдарын, жеңіл жәшіктерді, жапырақтарды, ағаш үгінділерін тасымалдауға жол берілмейді.
      44. Әр түрлі маңызы бар объектілерді гүл кестелерге, гүлзарларға, жаяужолдарда, балалар алаңшаларында, ғимараттардың аркаларына орналастыруға жол берілмейді.
      45. Ауданның жергілікті атқарушы органдары белгілеген жерлерден тыс жерлерде хабарландыруларды, жарқағаздарды, баспа үгіт материалдарын, хабарламаларды және басқа да көзбен шолатын ақпараттардың нысандарын орналастыруға, жапсыруға жол берілмейді.
      46. Баспа үгіт материалдарын шашып тастауға жол берілмейді.

5. Қалдықтарды жинау, уақытша сақтау, шығару және іске жарату

      47. Үй-жайлардың аумағына контейнер орнату үшін, көлік өтуге ыңғайлы жолдары бар, арнайы алаңшалар бөлінуі қажет. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін металдан жасалған контейнерлерді қолдану керек.
      48. Қатты тұрмыстық қалдықтар қоқыс шығарушы көліктермен жүргізіледі.
      49. Контейнерлік алаңшалары бар аумақтарда мына талаптар орындалуы керек:
      1) контейнерлік алаңшалар, кіреберістері мен оларға өтетін жолдардың қатты төсемдерінің болуы тиіс;
      2) контейнерлік алаңшалар іргелес жатқан аумақтарға қоқыстарды шығармау үшін жаппай қоршалуы тиіс;
      3) контейнер алаңшалары мен оған іргелес жатқан аумақты тиісті санитарлық ұсталуын қамтамасыз етуге;
      4) контейнерлердегі тұрмыстық қалдықтарды жағуға жол бермеуге;
      5) жылдың қысқы мерзімінде контейнерлік алаңшаға арналған автокөліктің жұмысына және халықтық пайдаланылуына қолайлы жағдай туғызу мақсатында кіреберістері мен оларға өтетін жолдардың қар мен мұздан тазартылуы қамтамасыз ету керек;
      50. Контейнерлер орнату үшін алаңшалар тұрғын-жай және қоғамдық ғимараттардан, спорт алаңшаларынан және халықтық дем алатын орындарынан кем дегенде 25 метрдей және 100 метрден аспайтын қашықтықта болуы керек. Алаңшаның көлемі 3 контейнерлер санынан кем емес орнатуға есептелген. Контейнерлер мен алаңшаның шегіне дейін шақырым 1 метрден кем емес болуы тиіс.
      51. Контейнерлерден қоқыс шығарушыларға арту кезінде түсіп  қалған қоқыстарды жинау жұмыстары ҚТҚ, ІКҚ шығаруды ұйымдардың қызметкерлері жүзеге асырады.
      52. Сапаржайларда, базарларда, әуежайда, саябақтарда, демалыс аймақтарында, алаңдарда, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде және көпшілік баратын жерлерде, көшелерде, қоғамдық жолаушылар көлігі аялдамаларында, сауда объектілеріне кіреберістерде қоқыс салатын қораптар орнатылуы керек. Халық көп келетін орындарда қораптар бір-бірінен 40 метрдей қашықтықта аулаларда, саябақтарда, алаңдарда және басқа аумақтарда 10-нан 100 метрге дейінгі арақашықтықта қораптар орнатылады.
      53. Қораптарды орнату мен тазалау жұмыстары мемлекеттік тапсырыс шартына сәйкес аумақты пайдаланушылармен және иелігінде немесе қолданылуында аумақтары бар шаруашылық субъектілер мердігерлермен жүргізіледі.

6. Шағын сәулет нысандарын күтіп ұстау

      54. Тұрғын-жай құрылысы аумақтары, қоғамдық аумақтар, саяжолдар, көшелер, желекжолдар, саябақтар, демалыс алаңдары шағын сәулеттік нысандармен – демалу орындарымен, көлеңкелейтін қалқалармен, гүлзарлармен, орындықтармен, қораптармен, бұрқақтармен, балалар ойнайтын, ересек адамдар демалатын құрылғылармен, қабырға газеттерімен, қоршаулармен жабдықталады.

7. Тұрғын жай орамдарын көркейту

      55. Тұрғын жай орамдары, кесіп берілген жер учаскелері шегінде аумағының аула маңы аумақтарында мына тәртіп сақталуға міндетті:
      аулаларға өздігінен түрлі шаруашылық немесе қосалқы құрылыс (гараждар және басқа) салуға жол бермеуге;
      аулаішілік аумақтарды құрылыс материалдарымен үйіп тастауға жол бермеуге;
      өзінің балансындағы (шаруашылық жүргізуші немесе жедел басқару) инженерлік желілерді қалыпты жағдайда ұстауға, құдықтарды уақытында қарап, тазартуға;
      шағын сәулет нысандарын, спорттың, ойын, балалар мен шаруашылық алаңшаларының жабдықтарын, қоршаулар мен қашаларын қалыпты жағдайда ұстауға, олардың сыртқы түрінің ұқыптылығын сақтауға.
      56. Аулаішілік аумақта:
      аумақты тазарту немесе апатты жағдайларды жою жұмыстарынан басқа,
      сағат 23-тен сағат 6-ға дейін, тыныштық пен тәртіпті бұзатын жұмыстарды жүргізуге;
      аулаішілік және ішкі орам аумағындағы жасыл аймаққа, балалар алаңшасына, жүргіншілер жолына қызметтік және жеке меншік автокөлікпен кіруге, қоюға;
      көлік құралдарын қоюға және (немесе) аялдатуға арнайы бөлінбеген және белгілермен белгіленбеген орындарға қоюға жол берілмейді.
      Ескерту. 56-тармаққа өзгерту енгізілді - Мамлют аудандық мәслихатының 2009.10.23 N 18/4 Шешімімен

8. Апатты жұмыстарды жүргізу

      57. Пайдалану кезінде немесе жерасты және жерүсті коммуникацияларында құрылыс жұмыстарын жүргізген кезде пайда болатын апаттар, олардың дұрыс жұмыс жасауына немесе азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп тудыруға әкеліп соғатын, су объектілерінің ластануы төтенше жағдай болып табылады және олардың қалыпты жұмысын қысқа мерзімде орындау шараларын талап етеді.
      58. Апаттың бригаданы апат орнына жіберумен қатар пайдаланушы ұйым апаттың сипаты мен орны жайында, осы апат ауданында жерасты және жерүсті құрылғылары бар ұйымдарға, қоғамдық жолаушылар көлігі қызметіне, ауданның ішкі істер жол полициясы бөліміне, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органына, ауданның коммуналдық шаруашылығының уәкілетті органдарына және басқа да мүдделі қызметтерге хабарлайды.
      59. алынып тасталды - Мамлют аудандық мәслихатының 2009.10.23 N 18/4 Шешімімен
      60. алынып тасталды - Мамлют аудандық мәслихатының 2009.10.23 N 18/4 Шешімімен
      61. алынып тасталды - Мамлют аудандық мәслихатының 2009.10.23 N 18/4 Шешімімен
      62. Апаттың салдарын жою және аумақты көркейтуді қалпына келтіру үшін, апат болған күннен бір тәуліктен асырмай, жер жұмыстарын жүргізуге рұқсат алуы қажет, көрсетілген мерзімге дейін жер жұмыстарын жүргізуге рұқсат қағазын жасамаған жағдайда қазу жұмыстары жөн-жосықсыз болып саналады.
      63. Бұзылған жол төсемдері мен басқа да көркейту элементтерін қалпына келтіру жұмыстары осы кәсіпорынмен апатты жұмыстар аяқталғаннан кейін тез арада жасалады. Апатты жұмыстардан кейін жаңартылған асфальтобетон жабуының сапа кепілдігінің мерзімі 2 жылдан кем емес.
      64. Апатты, жоспарлы жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.
      Ескерту. 64-тармаққа өзгерту енгізілді - Мамлют аудандық мәслихатының 2009.10.23 N 18/4 Шешімімен

9. Жасыл өсімдіктерді қорғау және күзету

      65. алынып тасталды - Мамлют аудандық мәслихатының 2009.10.23 N 18/4 Шешімімен
      66. Жасыл өсімдіктердің ағымдағы күтіп ұстауы, сақталынуы мен жаңартуы аумақ тиесілі заңды және жеке тұлғаларға, иелеріне және жер пайдаланушыларға жүктелінеді:
      1) тұрғын үйлер алдындағы құрылыстардан бастап жаяужол сызығына дейін көшелерде – пәтер иелері кооперативтері, тұрғын қорының иелері;
      2) жалпы пайдалану объектілерінде (саябақтар, тынымбақтар, саяжолдар және тағы басқалары) және жаяужол сызығына дейін көше бойынша – аудандық бюджет есебінен шарттық негізде жұмысты орындайтын кәсіпорындар;
      3) өндірістік кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер және меншіктің түрлі нысанындағы басқа да объектілер аумағында, сондай-ақ оларға тиесілі аумақта және санитарлық қорғау аймақта - кәсіпорындардың бастықтары мен осы объектілердің иелері;
      4) құрылысқа деп кесіп берілген аумақтарда, жұмысты бастаған күннен бастап – талап беруші немесе оның сенімхаты бойынша бас мердігер – құрылыс ұйымы.
      67. Құрылыстың аясына түсіп жатқан жасыл өсімдіктерді алып тастау және қайта салу, жер астындағы коммуникацияларды және инженерлік жүйелерді жіберу жасыл өсімдіктерді жаруына немесе жер астынан алуына рұқсат болған кезде ғана жол беріледі.
      68. Жұмыс жүргізген кезде қажет:
      1) жасыл өсімдіктерді бұзушылықтан қоршау;
      2) аудандық, қалалық, селолық жолдарды, жаяужолдарын, өту жолдарын, алаңшаларды салған кезде 1 метрден кем емес диаметрмен  шұңқырды қалтыруға
      3) жасыл өсімдіктерге күтім көрсету, соның ішінде:
      қоқыстарды жинау, көгалдарды тырнақшамен жинауға, құрғақ жапырақтарды жинау;
      арамшөптерді жұлу, көгалдарды шабу, бұталарды қию;
      ағаштардың шұңқыры құралымен жерді қопсыту, ағаштарды ағарту;
      жасыл өсімдіктерге, көгалдарға, гүлзарларға су құю;
      ағаштардың жапырағын кесу, құрғақ бұтақтарды, сынған бұтақтарды кесу;
      ағаштарды, бұтақтарды жаңарту (мамандардың кеңесі бойынша);
      ауру және құрғақ ағаштарды алып тастау (комиссияның актісі бойынша);
      жасыл қордағы ағаштардың және бұтақтарды жөндеу, отырғызу;
      жүйелі ауылшаруашылық зиян келтірушілермен және аурулармен, карантиндік арамшөптермен өз күшімен немесе өсімдіктерді қорғау станцияларымен шарт бойынша күрес жүргізу;
      көгалдарда, саябақтарда және басқа да жасыл өсімдіктер бар жерлерде көлік құралдарының тұрағына жол берілмейді;
      тұрғын құрылыс аумағында, саябақтарда, саяжолдарда жапырақтарды жағуға жол берілмейді.
      69. Жасыл өсімдіктер аумағында мыналарға жол берілмейді:
      1) құрылыс материалдарын, топырақты, ағашты, көмірді және басқа да заттарды жинауға;
      2) көгалдарды, гүлзарларды, шұңқырларды қоқыспен толтыруға;
      3) көгалдар үстінде жүру, ағаштарды, бұтақтарды сындыру мен кесу, басқа да механикалық бұзушылықтарды келтіруге;
      4) ағаштардың және бұтақтарды кесуге;
      5) қоршамдарды құруға, гүлдерді жұлуға, көп жылдық гүлдердің түйнектерін және бадандарын қазуға;
      6) көгалдарға және гүлзарларға автокөлікті қоюға;
      7) жапырақтарды жағуға, көгалдарда көкөністерді өсіруге, ағаштарға сымдарды, әткеншектерді, жіптерді, жарнамаларды және кестелерді орналастыруға, баубақша-саябақ құралдарын бұзуға;
      8) мал, құс бағуға, жалпы пайдаланылатын жерлерде иттерді қыдыртуға;
      9) көгалдар мен гүлзарлардағы құрылыс жұмыстары.
      Ескерту. 69-тармаққа өзгерту енгізілді - Мамлют аудандық мәслихатының 2009.10.23 N 18/4 Шешімімен

10. Аудан аумағында тазарту жұмыстарын ұйымдастыру, санитарлық ұстау, көркейту жағдайын бақылау жөніндегі уәкілетті органның және мемлекеттік органдардың міндеттері

      70. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес осы Ережелердің сақталуын бақылау қоршаған ортаны қорғау, ішкі істер, сәулет-құрылыс, өртке қарсы, санитарлық қадағалау органдарымен өз құзыры шеңберінде жүргізіледі.
      71. Функционалдық міндеттерге сәйкес ауданды көркейту жағдайын бақылауды, мемлекеттік бақылау-қадағалау органдарының комиссиялық тексерістерін үйлестіруді уәкілетті орган жүргізеді.

11. Ережелерді бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігі

      72. Осы ережелерді бұзған кінәлі жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларына және Қазақстан Республикасында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.
      Ескерту. 72-тармаққа өзгерту енгізілді - Мамлют аудандық мәслихатының 2009.10.23 N 18/4 Шешімімен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады