Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы N 152 шешімімен
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2010.12.20 N 240 Шешімімен
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексі 422-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 6-бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2009.10.23 N 154 Шешімімен
1. Қосымшаға сәйкес Тайынша ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкалары белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2010.12.20 N 240 Шешімімен
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) «Тайынша ауданы бойынша төлемнің жеке түрлері бойынша ставкаларды белгілеу туралы» (2007 жылғы 15 тамыздағы нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген нөмірі № 13-11-68, «Тайынша таңы» және «Тайыншинские вести» газеттерінде 2007 жылдың 27 тамызында жарияланған) аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 13 шілдедегі № 221 шешімі;
2) «Тайынша ауданы бойынша төлемнің жеке түрлері бойынша ставкаларды белгілеу туралы» (2008 жылғы 4 қаңтардағы нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген нөмірі № 13-11-89, «Тайынша таңы» газетінде 2008 жылдың 18 қаңтарда, «Тайыншинские вести» газетінде 2008 жылдың 25 қаңтарында жарияланған) аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 13 шілдедегі № 221 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 21 шешімі.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы |
А. Рафальский |
Аудандық мәслихаттың |
Айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың бірыңғай ставкалары
Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2010.12.20 N 240 Шешімімен
рет № |
Салық салу объектісінің атауы |
Тіркелген жиынтық базалық ставкалардың мөлшері (айлық есептік көрсеткіште) |
1 |
2 |
3 |
1 |
Бір ойыншымен ойын өткізу үшін арналған ұтыссыз ойын автоматы |
1 |
2 |
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы |
1 |
3 |
Ойынды өткізу үшін пайдаланатын жеке компьютер |
1 |
4 |
Ойын жолы |
5 |
5 |
Карт |
2 |
5 |
Бильярд үстелі |
3 |