"Тайынша ауданындағы кәсіпкерлік қызметтің жеке түрлеріне бірыңғай тіркелген жиынтық салық ставкаларын белгілеу туралы" аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 29 қаңтардағы N 98 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2010 жылғы 20 желтоқсандағы N 240 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 21 қаңтарда N 13-11-203 тіркелді

     Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 25.12.2013 N 152 шешімімен
      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Кодекстің 422-бабына және «Нормативтік құқықтық актілері туралы» Қазақстан республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңы 28-бабының 3-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. «Тайынша ауданындағы кәсіпкерлік қызметтің жеке түрлеріне бірыңғай тіркелген жиынтық салық ставкаларын белгілеу туралы» аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 98 шешіміне (Мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 10 наурызда тіркелген № 13-11-138, 2009 жылғы 3 сәуірде «Тайынша таңы», «Тайыншинские вести» газетте 2009 жылғы 3 сәуірде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) атауы келесі редакцияда жазылсын: «Тайынша ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы»;
      2) шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      «1. Қосымшаға сәйкес Тайынша ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкалары белгіленсін»;
      3) қосымшада «айына салық салу бірлігіне бірыңғай тіркелген базалық ставкалардың ставкалары» сөздер «айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың бірыңғай ставкалары» сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Сессия төрағасы
      Аудандық мәслихаттың хатшысы

С. Звольский
Н. Трифонов

   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады