Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 20.08.2014 N 462 қаулысымен.
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына, «Монополияшы кәсіпорындардың қызмет көрсетулеріне бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеу жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 сәуірдегі № 400 қаулысына, «Электр энергиясын пайдалану және Жылу энергиясын пайдалану ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 10 бұйрығының 67-тармағына сәйкес және жылу энергиясын тұтыну нормасын анықтау үшін ұсынылған есептеулер негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Агрофирма Эксимнан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылытатын Петровка ауылындағы тұрғын үйлер үшін жалпы алаңының бір шаршы метрге жылу энергиясын тұтыну мөлшері айына, жылыту мезгіліне 0,023 гекоколорий/м2 көлемінде бекітілсін.
2. Теплоком-норд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылытатын Тайынша қаласының тұрғын үйлер үшін жалпы алаңының бір шаршы метрге жылу энергиясын тұтыну мөлшері айына, жылыту мезгіліне 0,0388 гекоколори/м2 көлемінде бекітілсін.
Ескерту. Қаулы 2-тармақпен толықтырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық әкімдігінің 2009.12.28 N 518 Қаулысымен
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі |
А. Маковский |