Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2012.06.28 N 04-05-92 хаты)
«Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы Заңы 1-бабының 4-тармағы 1) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. «Тайынша қаласы мен Тайынша ауданының елді мекендеріндегі жануарларды ұстаудың, иттер мен мысықтарды серуенге шығарудың Ережелерін бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 135 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 13-11-39, 2006 жылдың 10 мамырда, «Тайыншинские вести» газетінде 2006 жылғы 19 мамырдағы № 21 жарияланған), «Тайынша қаласы мен Тайынша ауданының елді мекендеріндегі жануарларды ұстаудың, иттер мен мысықтарды серуенге шығарудың Ережелерін бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 135 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 13-11-61 2007 жылдың 16 мамырында, «Тайынша таңы» газетінде 2007 жылдың 15 маусымында, «Тайыншинские вести» -2007 жылғы 25 маусымда жарияланған) аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 11 сәуірдегі № 208 шешімімен, «Тайынша қаласы мен Тайынша ауданының елді мекендеріндегі жануарларды ұстаудың, иттер мен мысықтарды серуенге шығарудың Ережелерін бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 5 сәуірдегі №135 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 13 қазандағы № 16 шешімімен ((нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 13-11-71 2007 жылдың 16 қарашасында, «Тайынша таңы» газетінде 2007 жылдың 9 желтоқсанында, «Тайыншинские вести» - 2007 жылғы 9 желтоқсанда жарияланған) өзгерістер енгізілгенін есепке ала отырып, келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің кіріспе сөзбасындағы «мемлекеттік басқару» сөздерінен кейін «және өзін-өзі басқару» сөздермен толықтырылсын;
2. «Тайынша қаласы мен Тайынша ауданының елді мекендеріндегі жануарларды ұстаудың, иттер мен мысықтарды серуенге шығарудың Ережелерін бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 27 шілдедегі № 135 шешімі жойылсын.
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы Г. Полякова
Аудандық мәслихаттың хатшысы Қ. Ысқақов