"Тайынша қаласы мен Тайынша ауданының елді мекендеріндегі жануарларды ұстаудың, иттер мен мысықтарды серуенге шығарудың Ережелерін бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 5 сәуірдегі N 135 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 қазандағы N 158 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 2 желтоқсанда N 13-11-157 тіркелді. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2012 жылғы 28 маусымдағы N 04-05-92 хаты)

       Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күшін жойды (Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2012.06.28 N 04-05-92 хаты)

      «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы Заңы 1-бабының 4-тармағы 1) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. «Тайынша қаласы мен Тайынша ауданының елді мекендеріндегі жануарларды ұстаудың, иттер мен мысықтарды серуенге шығарудың Ережелерін бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 135 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 13-11-39, 2006 жылдың 10 мамырда, «Тайыншинские вести» газетінде 2006 жылғы 19 мамырдағы № 21 жарияланған), «Тайынша қаласы мен Тайынша ауданының елді мекендеріндегі жануарларды ұстаудың, иттер мен мысықтарды серуенге шығарудың Ережелерін бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 135 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 13-11-61 2007 жылдың 16 мамырында, «Тайынша таңы» газетінде 2007 жылдың 15 маусымында, «Тайыншинские вести» -2007 жылғы 25 маусымда жарияланған) аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 11 сәуірдегі № 208 шешімімен, «Тайынша қаласы мен Тайынша ауданының елді мекендеріндегі жануарларды ұстаудың, иттер мен мысықтарды серуенге шығарудың Ережелерін бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 5 сәуірдегі №135 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 13 қазандағы № 16 шешімімен ((нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 13-11-71 2007 жылдың 16 қарашасында, «Тайынша таңы» газетінде 2007 жылдың 9 желтоқсанында, «Тайыншинские вести» - 2007 жылғы 9 желтоқсанда жарияланған) өзгерістер енгізілгенін есепке ала отырып, келесі өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің кіріспе сөзбасындағы «мемлекеттік басқару» сөздерінен кейін «және өзін-өзі басқару» сөздермен толықтырылсын;
      2. «Тайынша қаласы мен Тайынша ауданының елді мекендеріндегі жануарларды ұстаудың, иттер мен мысықтарды серуенге шығарудың Ережелерін бекіту туралы» аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 27 шілдедегі № 135 шешімі жойылсын.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы                            Г. Полякова
      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Қ. Ысқақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады