Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 11.07.2013 N 111 шешімімен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 6-бабының 1-тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодесінің 238-бабының 2-тармағына, «Агроөндірістік кешен мен селолық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабы 4-тармағына сәйкес аудандық мәслихат
ШЕШТІ:
1. Тайынша ауданының ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласының азаматтық қызметкерлеріне арналған аудандық бюджет қаражаттарының есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің жалақыларымен және ставкалармен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалары белгіленсін.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Ю. Красноголовый
Аудандық
мәслихаттың хатшысы К. Искаков