Тайынша ауданының ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласының азаматтық қызметкерлеріне арналған қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы N 165 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 3 ақпанда N 13-11-167 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 шілдедегі N 111 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 11.07.2013 N 111 шешімімен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 6-бабының 1-тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодесінің 238-бабының 2-тармағына, «Агроөндірістік кешен мен селолық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабы 4-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Тайынша ауданының ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласының азаматтық қызметкерлеріне арналған аудандық бюджет қаражаттарының есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің жалақыларымен және ставкалармен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалары белгіленсін.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                           Ю. Красноголовый

      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        К. Искаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады