Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің 2010.02.24 N 9 Шешімімен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 33-бабы 2-тармағына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңы 20-бабына сәйкес аудан әкімі ШЕШТІ:
1. Тіс протездеуге әлеуметтік көмекті (әрі қарай - әлеуметтік көмек) келесі санаттағы азаматтарға көрсетілсін:
Ұлы Отан соғысына қатысқандарға;
Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне;
Ұлы Отан соғысына қатысқандар кепілдік және жеңілдіктері бойынша теңестірілген тұлғаларға;
Ұлы Отан соғысының мүгедектерінің кепілі және жеңілдіктері бойынша теңестірілген тұлғаларға.
2. Әлеуметтік көмектің тағайындауын анықтау:
тіс протездеу бағасы мөлшерінде тағайындалады (металлопластикалы, металлокерамикалы, металлоакрилды және қымбатбағалы металдардан басқалары);
аудан бюджетінде қаралған қаражат шегінде көрсетіледі;
тіс протездеуге қажеттілік ететін, Тимирязев ауданы аумағында тұрғылықты тұратын және осы шешімдегі 1 тармақта көрсетілген тұлғаларға беріледі.
3. Тіс протездеуге әлеуметтік көмек тағайындау үшін «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
1) белгіленген үлгіде өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;
3) осы әлеуметтік көмек көрсетілетін санаттағы азаматтарға тиесілін растайтын құжат көшірмесі;
4) тұратын жерді растайтын құжат көшірмесі;
5) ұйымнан тіс протезінің бағасы туралы есеп-фактура.
4. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Е.Қ. Қосұбаевқа) жоғарыда көрсетілген санаттағы азаматарға тіс протезіне әлеуметтік көмек төлеуін қаматамасыз ету.
5. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының қаражат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Т.В.Берескаяға) 451-007-000 «Жергілікті өкілдік органдардың шешімі бойынша мұқтаж жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету» бағдарламасы бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге қаржыландыру шығысын уақытында қамтамасыз ету.
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары И.В.Циммерманға жүктелсін.
7. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткенде қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ.Қасенов