Ескерту. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 2011.04.27 N 109 Қаулысымен
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына, 7-бабы 2) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2010 жылғы Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында тұратын, халықтың нысаналы тобына жататын тұлғалардың қосымша тізімі анықталсын (қосымшаға сәйкес).
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы тобына жататын тұлғаларды жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу жөніндегі шаралар қарастырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Циммерман И.В. жүктелсін.
4. Осы қаулы 2010 жылғы 10 қантарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ. Қасенов
2009 жылғы 8 желтоқсан № 235
аудан әкімдігінің қаулысына
қосымша
2010 жылға халықтың нысаналы тобына жататын тұлғалардың қосымша тізімі
1. 24 жасқа дейінгі жастар
2. 50 жастан жоғары тұлғалар
3. Бір жылдан артық ұзақ мерзімде жұмыс істемейтін тұлғалар
4. Жоғары және орта арнайы оқу орындарының түлектері
5. Аудан ұйымдарынан және кәсіпорындарынан босатылған жұмысшылар
6. Жұмыспен қамту сұранысы бойынша уәкілдік органдардың жолдауымен кәсіптік оқытуда бітірген жұмыссыздар.