Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 2011.10.07 N 238 Қаулысымен
«Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-111 Заңы 17-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында әскерге шақыру учаскесіне Қазақстан Республикасының 1992 жылы туған ер жынысты азаматтарды және әскерге шақырылатындар жасынан асқан тіркеуден өтпеген азаматтарды тіркеу өткізілсін.
2. Әскерге шақыру учаскесіне тіркеу жүргізу үшін тіркеу бойынша қоса берілген дербес комиссия құрамы бекітілсін.
3. Селолық округ әкімдеріне:
1) ауданның қорғаныс істері бойынша Біріккен бөліміне әскерге шақырылатын жасөспірімдердің тізімін ұсынсын;
2) әскери есепті жүргізетіндердің басшылығымен әскерге шақырылатын жасөспірімдердің жиналу пунктісіне белгіленген мерзімде әскер қатарына шақырылатындардың келуін қамтамасыз етсін.
4. Ауданның қаржы бөлімі әскерге шақыру учаскесінде азаматтардың тіркеуін өткізу үшін, бес техникалық жұмысшыларды күту үшін қаржы қаражатының уақытылы бөлінуін қамтамасыз етсін.
5. Аудандық емханаға (келісім бойынша):
1) кеуде жасушалар ағзаларының флюорографиялық зерттеуін, группасын және резусын анықтаумен қан анализін, белокқа несептің зерттеуін, жүректің электрокардиограммасын жасауды қамтамасыз етсін;
2) әскерге шақыру учаскесін керекті дәрі-дәрмекпен, медициналық жабдықтармен толықтырсын;
3) тіркеу жүргізілгенде табылған сырқаттанған әскерге барушыларға кезектен тыс медициналық қызмет көрсету және емделу қамтамасыз етілсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Елена Петровна Кузичеваға жүктелсін.
7. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Аудан әкiмi А. Әмрин
Аудан әкімдігінің
2009 жылы 26 қаңтар № 10
қаулысымен бекітілді
Тіркеу өткізу жөніндегі комиссияның
құрамы
Чепухин - комиссия төрағасы
Сергей Иванович Шал ақын ауданның Қорғаныс істері
бойынша біріккен бөлімінің бастығы
Кузичева - комиссия төрағасының орынбасары,
Елена Петровна Шал ақын ауданы әкімінің орынбасары
Комиссия мүшелері
Асылбекова - медициналық комиссияның төрағасы,
Айнагүл Жасұланқызы аудандық аурухананың бас дәрігерінің м.а.;
Есенғожин - Шал ақын ауданының ішкі істер бөлімі
Әлібек Сәлімұлы бастығының орынбасары;
Шекенова - комиссия хатшысы, аудандық
Балдырған Сапашқызы емхананың медбикесі