Ескерту. Күші жойылды - Шымкент қаласы әкімдігінің 2011.03.05 N 244 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы , "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына жасаған Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 12 наурыздағы N 765 Жарлығы, "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына жасаған Жолдауын Оңтүстік Қазақстан облысының жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" облыс әкімдігінің 2009 жылғы 11 наурыздағы N 79 қаулысына сәйкес және жұмыспен қамтуда жәрдем көрсету іс-шараларын кеңейту мақсатында, Шымкент қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қаладағы кәсіпорындары мен ұйымдарында (әрі қарай – Жұмыс беруші) жоғары білім беретін оқу орындарын, колледж және кәсіптік лицейлерін бітірген, жұмыспен қамтылмаған бітірушілеріне (әрі қарай - Бітіруші) жастар тағылымдамасын ұйымдастыру және өткізуді.
2. Бітірушілер үшін жастар тағылымдамасын ұйымдастыру келесі шарттарды ескере отырып өткізіледі:
1) оқу орындарын бітіріп жұмысқа орналаспаған Бітірушілердің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде (әрі қарай – Уәкілетті орган) жұмыссыз ретінде тіркелуі;
2) бітірушінің алған мамандығы бойынша еңбек өтілі және дағдының болмауы.
3. Уәкілетті орган:
1) келешекте одан әрі даму және өндірісін кеңейту перспективасы бар және Бітірушілер үшін жастар тағылымдамасында әлеуетті жұмыс беруші бола алатындар жайында ақпарат жинау жұмыстарын іске асырады;
2) жұмыс берушінің кадрлық сұраныстары негізінде, жастар тағылымдамасында қатысу үшін жұмыссыз Бітірушілер арасында талғау жұмыстарын жүргізеді;
3) уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген Бітірушіге, жастар тағылымдамасында қатысу үшін жолдама береді;
4) оқу орындарын бітірген жұмыссыз Бітірушілерге жастар тағылымдамасы аясында жұмыс орындарын беруге ықыласты Жұмыс берушімен келісім-шарт жасайды.
Келісім-шартта Жұмыс беруші мен Уәкілетті органның құқықтары мен жауапкершілігі, жұмысқа қабылданып жатқан жұмыссыз Бітірушілердің саны, жастар тағылымдамасы аясында Жұмыс берушінің ұйымдастырған мамандықтарының тізімі ескеріледі.
Келісім-шарт алты ай мерзімге дейін жасалады.
4. Жұмыс беруші:
1) жастар тағылымдамасын өту үшін Уәкілетті орган жолдап отырған Бітірушімен Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасайды;
2) жастар тағылымдамасы аясында әр бір жұмыс орнында қауіпсіздік жағдайы жасалуын қамтамасыз етеді;
3) жастар тағылымдамасына қатысушылардың жұмыс уақытына есеп жүргізу тәбілін және актін жүргізіп, әр айдың 25-жұлдызына дейін Уәкілетті органға өткізеді;
4) жастар тағылымдамасына жолданған Бітірушіні тұрақты жұмысқа қабылдап алуға құқығы бар;
5) еңбек шартының мерзімі өткендігі немесе Бітірушіні тұрақты жұмысқа қабылданғандығы жайлы Уәкілетті органды хабардар етеді.
5. Уәкілетті орган Жұмыс берушімен түзген келісім-шартты, Қазақстан Республикасының Заңнамаларына сәйкес келген жағдайларда бұзуына құқығы бар.
6. Жастар тағылымдамасын өткізу жөніндегі іс-шаралар бюджет қаржысы есебінен қаржыландырылады.
7. Әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасына жіберілетін адамдар үшін ағымдағы нысаналы трансферттерден аударылатын орташа айлық аударымдар мөлшерін міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын қоса алғанда, жұмысқа орналастырылатындардың жоспарлы саны мен қатысу мерзімін ескере отырып, жергілікті атқарушы орган айқындайды.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Шымкент қаласы әкімдігінің 2010.07.15 N 1113 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ж.М.Күздеубаевқа жүктелсін.
9. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі А. Жетпісбаев