Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан - жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 12 наурыздағы N 765 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс        

       ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан - жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспар (бұдан әрі - Жалпыұлттық жоспар) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) Жалпыұлттық жоспардың іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауының қағидалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүйелі негізде жүргізуді қамтамасыз етсін;
      2) жыл сайын жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша 25 қаңтарға және 25 шілдеге Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
      3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Жалпыұлттық жоспардың іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                     Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы   
Президентінің      
2009 жылғы 12 наурыздағы 
N 765 Жарлығымен    
БЕКІТІЛГЕН       

Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы
"Дағдарыстан - жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына
Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық
жоспары

N
р/с

Іс-шаралардың атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімі

1

2

3

4

5

I. Экономиканы одан әрі жаңғырту мен жұмыспен қамту стратегиясының жаңа жоспары
Мемлекеттік қаржыларды тиімді басқару

1.

Экономиканы одан әрі жаңғырту мен жұмыспен қамту стратегиясын іске асырудың жаңа жоспарын қазірдің өзінде бекітіліп қойылған Ұлттық қордан бөлінетін трансферттерге қосымша қаржыландыруды қамтамасыз ету

ҚР Президенті Жарлығының жобасы (Ұлттық қордан мақсатты трансферт бөлу туралы)

ЭБЖМ, ҚМ

2009 жылғы наурыз

2.

Бюджеттік қаражаттарды жұмсауды оңтайландыру мен ашықтығын арттыруды қамтамасыз ету

заң жобасы

ЭБЖМ, ҚМ, ЕК, Астана мен Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері

2009 жылғы сәуір

3.

Апта сайынғы режимдегі мониторинг арқылы бюджеттік қаражаттардың мақсатты пайдаланылуына бақылауды қамтамасыз ету және қатаң қаржылық тәртіпті қамтамасыз ету

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ҚМ, ЕК

ай сайын

Мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыру

4.

Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде шаралар кешенін қабылдау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ЭБЖМ, МҚА, орталық мемлекеттік органдар, Астана мен Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері

2009 жылғы желтоқсан

5.

Үкімет мүшелері мен әкімдер қызметін бағалау жүйесіне жұмыссыздық пен жұмыспен қамту көрсеткіштерін енгізу

нормативтік құқықтық акт

ЭБЖМ, орталық атқарушы органдар, Астана мен Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері

2009 жылғы мамыр

6.

Мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың сатып алуларындағы қазақстандық қамту үлесін ұлғайту

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ИСМ, ЭМРМ, Астана мен Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері, "Самұрық-Қазына" АҚ, "ҚазАгро" АҚ

2009-2011 жылдардағы желтоқсан

7.

Барлық мемлекеттік органдар жүргізетін тексерулердің есебін алудың бірыңғай жүйесін құру

Президент Әкімшілігіне ақпарат

БП, мүдделі мемлекеттік органдар

2009 жылғы шілде

8.

Рұқсат беру рәсімдерін оңайлату, әкімшілік кедергілерді батыл қысқарту мен тексерулер жүйесін тәртіпке келтіру жөнінде іс жүзіндегі шаралар қабылдау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ЭБЖМ, ӘдМ, ИСМ, Астана мен Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері

2009 жылғы 15 шілде,
2010 жылғы 15 қаңтар

Өңірлік жұмыспен қамту мен кадрларды қайта даярлау стратегиясы

9.

Өңірлік жұмыспен қамту мен кадрларды қайта даярлау бағдарламаларын қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен кемінде 140 миллиард теңге бөлу

Заң жобасы

ЭБЖМ, Астана мен Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері

2009 жылғы сәуір

10.

Жұмыспен қамту стратегиясын қоса қаржыландыру үшін аудандар бюджеттеріне облыстық бюджеттерден нысаналы трансферттер бөлу

нормативтік құқықтық актілер

Астана мен Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері

2009 жылғы сәуір

11.

Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, кадрларды қайта даярлау мен жаңа жұмыс орындарын құру (кемінде 350 мың жаңа жұмыс орнын) жөнінде шаралар кешенін әзірлеп, қабылдау

Мемлекет басшысына баяндау

ЭБЖМ, ЕХӘҚМ, Астана мен Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері

2009 жылғы мамыр

12.

Жұмыспен қамту мен кадрларды қайта даярлаудың өңірлік бағдарламаларын орындау мақсатында кәсіпорындардағы босаған жұмыс орындарына апта сайынғы мониторинг ұйымдастыру

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ЕХӘҚМ, Астана мен Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері

ай сайын

13.

Жұмыстан босап қалған мамандарды қазіргі бар оқу орындарының базасында, экономиканың алдағы қажеттіліктерінен шыға отырып, қайта даярлау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

БҒМ, ЕХӘҚМ, Астана мен Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері

2009 жылғы сәуірден бастап тоқсан сайын

14.

Техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлауға өңірлер экономикасы салалары мен аяларының қажеттіліктерін ескере отырып, кәсіптер мен мамандықтар тұрғысынан мемлекеттік білім беру тапсырыстарын ұлғайту

Президент Әкімшілігіне ақпарат

БҒМ, ЭБЖМ, Астана мен Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері

2009 жылғы сәуір

15.

Шетелдік мамандарды қазақстандық кадрлармен алмастыру, сондай-ақ 2009 жылы шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны кезең-кезеңімен қысқарту жөніндегі шараларды іске асыру

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ЕХӘҚМ, БҒМ, Астана мен Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері

қаңтар, жыл сайын

16.

"Халықты жұмыспен қамту туралы" Заң мен Еңбек кодексіне халықтың еңбекке орналасу мүмкіндіктерін арттыруға және біліктілік деңгейін жақсартуға бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізу

заң жобасы

ЕХӘҚМ, БҒМ

2009 жылғы сәуір

Әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар практикасы бағдарламаларын кеңейту

17.

Әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар практикасы бағдарламаларын іске асыру (кемінде 96 мың жаңа жұмыс орны)

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ЕХӘҚМ, БҒМ, АШМ, Астана мен Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері

2009 жылғы 15 шілде,
2010 жылғы 15 қаңтар

18.

Жергілікті тауар мен қызмет көрсетулерді өндірушілер әлеуетін барынша пайдалану және жаңа өндірістерді дамыту үшін мүмкіндіктер жасау жөнінде шаралар кешенін қабылдап, іске асыру

Мемлекет басшысына баяндау

ИСМ, ЕХӘҚМ, Астана мен Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері

2009-2011 жылдардағы желтоқсан

II. Экономиканы жаңғырту және базалық инфрақұрылымды дамыту
Коммуналдық желілерді реконструкциялау мен жаңғырту (сумен жабдықтау мен кәріздер, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау)

19.

Өңірлер мен нақты объектілер тұрғысынан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін реконструкциялау мен жөндеуді қамтамасыз ету

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ИСМ, ЕХӘҚМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері

тоқсан сайын, 2009 жылғы шілдеден бастап

Республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу, реконструкциялау және салу

20.

Республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды өңірлер мен нақты объектілер тұрғысынан жөндеуді, реконструкциялауды және салуды қамтамасыз ету

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ККМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері

тоқсан сайын, 2009 жылғы шілдеден бастап

Әлеуметтік инфрақұрылымды (ең алдымен мектептер мен ауруханаларды) жаңарту

21.

Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін жөндеу мен жаңғырту жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз ету

Президент Әкімшілігіне ақпарат

БҒМ, ДСМ, ЕХӘҚМ, Үкімет пен Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері

тоқсан санын, 2009 жылғы шілдеден бастап

Әрбір нақты елді мекендегі жергілікті маңызы бар объектілерді абаттандыру

22.

Әрбір нақты елді мекендегі кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің аумақтарын абаттандыру жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз ету

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ЕХӘҚМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері

тоқсан сайын, 2009 жылғы сәуірден бастап

23.

Ағымдағы даму мәселелерін шешу, оның ішінде аумақтар мен жергілікті маңызы бар объектілерді абаттандыру, сондай-ақ микрокредиттеу мәселелерін аудандық мәслихаттар бақылауымен шешу үшін ауыл әкімдерін жергілікті бюджеттен 50-100 млн. теңге көлемінде қаржы қаражатымен қамтамасыз етудің нақты қажеттіліктерін және тиімді тетіктерін айқындау

нормативтік құқықтық актілер, Президент Әкімшілігіне ақпарат

ЭБЖМ, ЕХӘҚМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері

2009 жылғы сәуір, тоқсан сайын, 2009 жылғы шілдеден бастап

24.

Әрбір өңір тұрғысынан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық желілері мен объектілерін жаңғырту мен дамыту, жергілікті маңызы бар автожолдарды және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін реконструкциялау мен жөндеу жөніндегі 2010 жылға арналған жобалар тізбесін айқындау мен бекіту

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ЭБЖМ, ЕХӘҚМ, АШМ, ККМ, ДСМ, БҒМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері

2009 жылғы қараша

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экспортты әртараптандыру үшін агроөнеркәсіптік кешенді дамыту

25.

Агроөнеркәсіптік кешенде (АӨК) экспортқа бағдарланған инвестициялық жобаларды іске асыру

Президент Әкімшілігіне ақпарат

АШМ, "ҚазАгро" АҚ, ӘКК

2009-2011 жылдар шілде, қаңтар

26.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үшін нысаналы кредиттер беру

Президент Әкімшілігіне ақпарат

АШМ, ИСМ, "ҚазАгро" АҚ, "Самұрық-Қазына" АҚ

2009 жылғы қараша

27.

Көксарай су қоймасын, басқа да суғару құрылыстарын салуды жалғастыру

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ТЖМ, АШМ

2009 жылғы желтоқсан

Энергетика және көлік инфрақұрылымы объектілерін дамыту

28.

Атырау қаласында мұнай-химия кешенін салу

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ЭМРМ, "Самұрық-Қазына" АҚ

2009-2011 жылдар шілде, қаңтар

29.

Мойнақ ГЭС-ін салу, Екібастұз МАЭС-1, МАЭС-2 кеңейту мен реконструкциялау және Балқаш ЖЭС-ін салу

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ЭМРМ, "Самұрық-Қазына" АҚ

2009-2011 жылдар шілде, қаңтар

30.

"Бейнеу-Бозой-Ақбұлақ" магистральдық газ құбырын салу

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ЭМРМ, "Самұрық-Қазына" АҚ, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарының әкімдері

жыл сайын, 2009-2010 жылдар 15 шілде

31.

"Батыс Еуропа - Батыс Қытай" автожолы транзиттік дәлізін реконструкциялау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ККМ, "Самұрық-Қазына" АҚ, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарының әкімдері

жыл сайын, 2009-2011 жылдар желтоқсан

32.

Мұнай өңдеу саласын заманауи техникалық деңгейге шығару, оған қол жеткізу елдің сапалы мотор отынына, авиация керосиніне, мұнай химиясы және басқа да мұнай өнімдері үшін шикізатқа деген қажеттілігін қамтамасыз етеді

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ЭМРМ, ИСМ, "Самұрық-Қазына" АҚ

2009 жылғы 15 шілде,
2010 жылғы 15 қаңтар

III. Халықтың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы
Қоғамды топтастыру

33.

Дағдарысқа қарсы шараларды түсіндіру, азаматтарды толғандыратын проблемаларды анықтау және кейіннен шешу мақсатында орталық және жергілікті мемлекеттік органдар басшыларының халықпен, еңбек ұжымдарымен, кәсіптік қауымдастықтармен, қоғамдық бірлестіктермен кездесулерін ұйымдастыру

Президент Әкімшілігіне ақпарат

МАМ (жинақтау), орталық меморгандар, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері

тоқсан сайын, жекелеген графиктер бойынша

34.

Азаматтық бірігуді, этносаралық және конфессияаралық келісімді насихаттау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ҚХА Хатшылығы, МАМ, ӘдМ, "Арна Медиа" ҰАХ, "Нұр Отан" ХДП

2009 жылғы 15 шілде,
2010 жылғы 15 қаңтар

35.

Азаматтық қоғам институттарының, этномәдени орталықтардың өкілдерін дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру мен түсіндіруге тарту

Президент Әкімшілігіне ақпарат

МАМ, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар

2009 жылғы 15 шілде,
2010 жылғы 15 қаңтар

36.

Халықты толғандыратын нақты проблемаларды шешу үшін қоғамдық күштерді топтастыру мақсатында саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, этномәдени орталықтармен және басқа да азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылды, ынтымақтастықты дамыту

Президент Әкімшілігіне ақпарат

"Нұр Отан" ХДП, "Атамекен Одағы" ҰЭП (келісім бойынша), Қазақстанның Азаматтық альянсы (келісім бойынша)

2009 жылғы 15 шілде,
2010 жылғы 15 қаңтар

37.

Дағдарысқа қарсы іс-шараларды іске асыруға, осы мақсатқа бөлінген бюджет қаражатының жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру

Президент Әкімшілігіне ақпарат

"Нұр Отан" ХДП, "Нұр Отан" ХДП-ның Парламенттегі және мәслихаттардағы фракциялары

2009 жылғы 15 шілде,
2010 жылғы 15 қаңтар

38.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі ұсыныстар

Президент Әкімшілігі, Үкімет, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері

2009 жылғы желтоқсан

39.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы мерейтойын мерекелеуге дайындық аясында Қазақстанның қазіргі заман тарихы бойынша зерттеулер жүргізу және нәтижелерін жариялауға дайындау

Қазақстан тәуелсіздігінің тарихы бойынша зерттеу жұмыстарының жоспарын, жарияланымдар жоспарын Президент Әкімшілігінде келісу

БҒМ, МАМ

2009 жылғы тамыз,
2010 жылғы қараша

40.

Қоғамды топтастыруға, әлеуметтік оптимизмді арттыруға, халыққа мемлекет қолға алып отырған дағдарысқа қарсы шараларды, сондай-ақ дағдарыс жағдайында қиындықтарды жеңудің тәсілдерін түсіндіруге (мамандыққа қайта оқыту, жұмысқа орналастыру, микрокредиттер алу, бизнес құру мүмкіндіктері және т.б.) бағытталған кешенді ақпарат-насихат жұмысын ұйымдастыру

Президент Әкімшілігіне ақпарат

МАМ, орталық атқарушы органдар, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері, "Арна Медиа" ҰАХ, "Нұр Отан" ХДП

жыл бойына, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан - жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруды ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес

Әлеуметтік қолдау және мемлекеттің әлеуметтік шығыстары

41.

Жұмысын жоғалтқан жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жәрдемақы төлеудің кезеңін 4 айдан 6 айға дейін ұзарту мақсатында "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасын әзірлеп, Парламентке енгізу

заң жобасы

ЕХӘҚМ

2009 жылғы мамыр

42.

Бюджет қызметкерлеріне әлеуметтік төлемдер мен жалақыны өсіру жөніндегі мемлекеттің көзделген кепілдіктері мен міндеттемелерін қамтамасыз ету

Мемлекет басшысына баяндама

ЕХӘҚМ

2010 жылғы 15 қаңтар

Қоғамдық құқық тәртібін қамтамасыз ету

43.

Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі іс-шаралар кешенін тұжырымдау

Президент Жарлығының жобасы

Президент Әкімшілігі

2009 жылғы маусым

44.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жалпы қылмыстарға негізсіз қайта дәрежелеу фактілерін болдырмауға бағытталған шаралар тұжырымдау

заң жобасы

ЭСЖКА

2009 жылғы қазан

45.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұйымдасқан қылмыстық іске қатысы бар адамдарды мемлекеттік қызметке қабылдаудан бас тартуды және мемлекеттік қызметтен босатуды көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселені зерделеу

Президент Әкімшілігіне ақпарат

БП, МҚА, ІІМ, ҰҚК, ЭСЖКА, ӘдМ, ҚМ

2009 жылғы мамыр

46.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ішкі істер органдарының қызметін жетілдіруге бағытталған шараларды тұжырымдау

заң жобасы

ІІМ

2009 жылғы желтоқсан

47.

Мыналарды:
қоғамдық тәртіпті бұзушылықтарға қарсы іс-қимылды күшейту;
көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда құқық тәртібін, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
бұл мақсаттар үшін ішкі істер органдарының барлық құрылымдары мен ішкі әскерлерді белсенді пайдалану;
құқық қорғаушылық бағыттағы қоғамдық құрылымдар қатарын кеңейту;
пәтер иелері кооперативтерін, жеке күзет құрылымдарын тұрғын массивтерінде құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде іс-шаралар өткізуге тарту жөніндегі іс-шаралар кешенін қабылдап, іске асыру

Үкімет қаулысы

ІІМ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдері

2009 жылғы маусым

48.

Азаматтарды жұмыстан заңсыз шығару, жұмыс орындарын қысқарту, сондай-ақ жалақыны негізсіз кешіктіру мен төлемеу фактілерінің алдын алу мен жолын кесу жөнінде шаралар қабылдау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

БП

тоқсан сайын

49.

Мемлекеттің дағдарысқа қарсы шараларға бөлетін қаражатын пайдаланудың заңдылығына тиісті прокурорлық қадағалауды қамтамасыз ету

Президент Әкімшілігіне ақпарат

БП

тоқсан сайын

2005-2008 жылдардағы жалпыұлттық іс-шаралар жоспарларының тапсырмаларын іске асыру туралы

50.

2005-2007 жылдардағы және 2008 жылғы жалпыұлттық іс-шаралар жоспарларының іске асырылуы қазіргі жағдайда қаржылық тұрғыдан қиындық келтіретін немесе мүмкін емес тапсырмаларын бақылаудан алудың орындылығының негіздемелері бар ұсыныстар енгізу

Президент Әкімшілігіне ақпарат

Үкімет

2009 жылғы наурыздың соңы

Ескерту:
Аббревиатуралардың шешімі:
ЕХӘҚМ - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
ҚМ - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ӘдМ - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі
ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
МҚА - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ЭСЖКА - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы)
БП - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
ЕК - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті
ӘКК - Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар
"Самұрық-Қазына" АҚ - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы
"ҚазАгро" АҚ - "ҚазАгро" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамы
"Нұр Отан" ХДП - "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясы
"Арна Медиа" ҰАХ - "Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингі" акционерлік қоғамы
"Атамекен одағы" ҰЭП - "Атамекен одағы" ұлттық экономикалық палатасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады