Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2012.02.28 № 216 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 30 наурыздағы № 477 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 14-1-93 нөмерімен тіркелген, "Шымкент келбеті", "Панорама Шымкента" газеттерінде 2009 жылдың 17 сәуірінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу қағидасында:
20 тармақтағы "жіберуге міндетті" деген сөздер "жібереді" деген сөзге өзгертілсін;
21 тармақтағы "хабарлауға тиіс" деген сөздер "хабарлайды" деген сөзге өзгертілсін.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі А.Жетпісбаев