Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13-бабы 4 тармағына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Шымкент қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ және Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Шымкент қаласының атаулары жоқ көшелеріне:
Абай ауданы Самал-3 шағынауданының атауы жоқ көшесіне Әбіләкім Әбдрамановтың;
Еңбекші ауданы Нұртас шағынауданының атауы жоқ көшесіне Тәліп Тайбековтің есімдері;
Абай ауданы Агропром шағынауданының атауы жоқ көшесіне Ақ Баян;
Абай ауданы Самал-1 шағынауданының атауы жоқ көшесіне Жас Ел деген атаулар берілсін.
2. Осы бірлескен шешім мен қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы,
қалалық мәслихат хатшысы Ж.Мақашов
Шымкент қаласының әкімі А.Жетпісбаев