Шымкент қаласының көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы N 28/270-4с Шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы N 1917 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 29 қаңтарда N 14-1-107 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13-бабы 4 тармағына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Шымкент қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ және Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Шымкент қаласының атаулары жоқ көшелеріне:
      Абай ауданы Самал-3 шағынауданының атауы жоқ көшесіне Әбіләкім Әбдрамановтың;
      Еңбекші ауданы Нұртас шағынауданының атауы жоқ көшесіне Тәліп Тайбековтің есімдері;
      Абай ауданы Агропром шағынауданының атауы жоқ көшесіне Ақ Баян;
      Абай ауданы Самал-1 шағынауданының атауы жоқ көшесіне Жас Ел деген атаулар берілсін.
      2. Осы бірлескен шешім мен қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      қалалық мәслихат хатшысы                   Ж.Мақашов

      Шымкент қаласының әкімі                    А.Жетпісбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады