Ескерту. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Өскемен қаласы әкімінің аппаратының 2010 жылғы 10 қаңтардағы N Ин-5/16 хатымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Өскемен қаласы мәслихатының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 11/4 «2009 жылға Өскемен қаласының бюджеті туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-1-98 нөмірімен тіркелген) шешімінің 12 тармағына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2009 жылы ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, спорт және мәдениеттің мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде «Қазпошта» акционерлік қоғамының бөлімшелері арқылы жылына бір рет келесі құжаттарды тапсырғанда әлеуметтік көмек төлеу:
1) жазбаша өтініш;
2) жеке куәліктің көшірмесі;
3) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі;
4) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
5) жұмыс орнынан анықтама.
Құжаттар (анықтамадан басқасы) «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне салыстыру үшін түпнұсқа және көшірме түрінде ұсынылады, бұдан кейін түпнұсқалар өтініш иесіне қайтарылып беріледі.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Қ. Нұрғазиевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы қолданысқа алғашқы ресми жарияланғаннан кейін енгізіледі.
Өскемен қаласының әкімі И. Әбішев