Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 04.05.2018 № 20/152-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы 1 тармағына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV Қазақстан Республикасы Кодексінің 422 бабы 2 тармағына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қосымшаға сәйкес тіркелген салықтың базалық ставкасы бір айға салық салудың өлшем бірлігінде бекітілсін.
2. 2006 жылғы 13 ақпандағы № 23/136–III "Кәсіпкерлік қызметтің жекеше түрлеріне тіркелген жиынтық салық ставкасы туралы (ақшалай ұтыссыз)" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-3-18 нөмірімен 2006 жылдың 01 наурызында тіркелген; 2006 жылғы 07 наурыздағы № 23 "Дидар", 2006 жылғы 21 наурыздағы № 42 "Рудный Алтай" облыстық газеттерінде жарияланған); 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 29/182–III "Бір дербес компьютерге ең төменгі мөлшерде тіркелген жиынтық салық ставкасы туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-3-34 нөмірімен 2007 жылдың 10 қаңтарында тіркелген; 2007 жылғы 16 қаңтардағы № 5 "Дидар", 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 5 "Рудный Алтай" облыстық газеттерінде жарияланған); 2007 жылғы 20 шілдедегі № 35/218–III "Бір дербес компьютерге ең төменгі мөлшерде тіркелген жиынтық салық ставкасы туралы" 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 29/182-III шешімге өзгертулер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-3-44 нөмірімен 2007 жылдың 06 тамызында тіркелген; 2007 жылғы 11 тамыздағы № 98 "Дидар", 2007 жылғы 11 тамыздағы № 121 "Рудный Алтай" облыстық газеттерінде жарияланған) шешімдердің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Сесия төрағасы | В. ПРОНИНА |
Курчатов қалалық | |
мәслихатының хатшысы | Ш. ТӨЛЕУТАЕВ |
Курчатов қалалық мәслихаты 16 сессиясының 2009 жылғы 19 ақпандағы № 16/119-ІV шешіміне қосымша |
Курчатов қаласы үшін тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері
(айлық есептік көрсеткіш)
№ р/с | Салық салу объектісінің атауы | Бір айға тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) |
1 | Бір ойыншымен ойын жүргізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2 | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
4 | Ойын жолы | 5 |
5 | Карт | 2 |
6 | Бильярд үстелі | 3 |
Курчатов қаласы бойынша
Салық басқармасының бастығы М. БІТІМБАЕВ