Тіркелген салық мөлшерлемелері туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2018 жылғы 4 мамырдағы № 20/152-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Курчатов қаласындағы Әділет басқармасында 2018 жылғы 16 мамырда № 5-3-123 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2020 жылғы 14 қазандағы № 45/344-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 14.10.2020 № 45/344-VI шешімімен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы кодексінің 546 - бабы 3 - тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 – бабы 1 – тармағы 15) тармақшасына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Курчатов қаласы аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілерге, салық салу объектісінің бірлігіне айына тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Курчатов қалалық мәслихатының "Тіркелген салықтың базалық ставкасы туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-3-69 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 17 наурызда "Дидар" және "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) 2009 жылғы 19 ақпандағы № 16/119-IV шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Э. Батырбеков
      Курчатов қалалық мәслихатының хатшысы Г. Қарымбаева

  Курчатов қалалық
мәслихатының
2018 жылғы 4 мамырдағы
№ 20/152-VІ шешіміне
қосымша


       

Салық салу объектісінің атауы

Айына тіркелген салық мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш)

1

Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

2

Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3

Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

1

4

Ойын жолы

5

5

Карт

2

6

Бильярд үстелі

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады