Ескерту. Күші жойылды - Риддер қалалық мәслихатының 2011.04.27 N 32/8-IV (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 56 бабы 1 тармағы 4 тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Елбасының 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының 5.5 тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 3/32-IV «2008-2010 жылдарға Шығыс Қазақстан облысындағы туберкулезбен күрес бағдарламасының» шешімі, Риддер қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 19 ақпандағы № 15/4-IV «Риддер қаласының 2009 жылға бюджеті туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 25 ақпанда № 5-4-109 тіркелген) 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 13/2-IV шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімімен, мұқтаж азаматтардың жеке санаттарын әлеуметтік қорғау мақсатында Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Риддер қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 14/5- IV «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқауды бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 06 ақпанда № 5-4-107 тіркелген, 2009 жылғы 13 ақпанда № 7 «Лениногорская правда» газетінде жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
«Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқау» келесі мазмұндағы 16 бөліммен толықтырылсын:
16 бөлім «Белсенді туберкулезбен ауыратын азаматтарға қосымша тамақтануды қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек»
57. Риддер қаласының аумағында тұратын, стационарлық емдеудегі азаматтардан басқа, диспансерлік есепте тұратын белсенді туберкулезбен ауыратын азаматтар әлеуметтік көмекті алуға құқылы.
58. Әлеуметтік көмекті тағайындау Риддер қаласының туберкулезге қарсы мекемесімен ұсынылған құжаттарға және тізімдерге сәйкес ай сайын қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен жүргізіледі.
59. 57 тармақта көрсетілген тұлғалар, туберкулезге қарсы мекеменің жауапты тұлғасына келесі құжаттарды ұсынады:
1) әлеуметтік көмек көрсету туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен келісім бойынша екінші деңгейдегі банк шоты;
Туберкулезге қарсы мекеменің жауапты тұлғасы 59 тармақта көрсетілген құжаттарды және белсенді топ бойынша диспансерлік есепте тұратындығы туралы қосымша анықтаманы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ұсынады.
60. Балаларға әлеуметтік көмекті тағайындау үшін өтінішті ата-анасының біреуі немесе заңды өкілмен (қамқоршымен, қолдаушы тәрбиешімен) 59 тармақта көрсетілген құжаттарды ұсынумен, сонымен қатар баланың жеке басын куәландыратын құжаттармен және қамқоршының, қолдаушы тәрбиешінің статусын растайтын құжаттармен жүргізіледі.
61. Әлеуметтік көмек мөлшері күніне 100 (жүз) теңгені құрайды. Төлем айына күн санын есепке ала отырып тағайындалады және стационарлық емдеуде болған күндерін алып тастау арқылы ағымдағы айдың басында жүргізіледі.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 сәуірінен бастап пайда болған қарым-қатынастарға таратылады.
Кезекті сессияның төрағасы В.СТРЕБКОВ
Қалалық мәслихат хатшысы А.ЕРМАКОВ