Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөнінде нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2011 жылғы 27 сәуірдеғы N 32/8-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Риддер қалалық әділет басқармасында 2011 жылғы 16 мамырда № 5-4-148 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Ескерту. Күші жойылды - Риддер қалалық мәслихатының 2012.12.21 N 11/9-V (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасы Бюджеттік Кодексінің 56 бабы 1 тармағының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 20 бабына, Риддер қалалық мәслихатының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 29/6-IV «2011-2013 жылдарға арналған Риддер қаласының бюджеті туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылдың 06 қаңтарындағы № 5-4-140 тіркелген) сәйкес, мұқтаж азаматтардың жеке санаттарын әлеуметтік қорғау мақсатында, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулықта 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Риддер қалалық мәслихаты шешімінің күші 2 қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 01 сәуірінде пайда болған қатынастарға тарайды.


      Кезекті сессияның төрағасы                   В. Стребков
 

      Қалалық мәслихат хатшысы                     А. Ермаков
 

Төртінші шақырылған Риддер
қалалық мәслихаты сессиясының
2011 жылғы 27 сәуірдегі
№ 32/8-IV шешіміне
1 қосымша

Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж
азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөнінде
Нұсқаулық

      Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулық (әрі қарай – Нұсқаулық) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы Бюджеттік Кодексінің» 56 бабы, 1 тармағы, 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушыларын, мүгедектерін және оларға теңестірілген тұлғаларды әлеуметтік қорғау және жеңілдіктер туралы» Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңының 8 және 13 баптарына, Риддер қалалық мәслихатының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 29/6-IV «2011-2013 жылдарға арналған Риддер қаласының бюджеті туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 06 қаңтарындағы № 5-4-140 тіркелген) сәйкес жасалған.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Риддер қаласының аумағында және оның ауылдық елді мекендерінде тұратын, оралмандарға, мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету саласында заңнаманың қолданылуын нақтылайды.
      2. Нұсқаулықтың іс-әрекеті Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңымен реттелетін қатынастарға тарамайды.
      3. Әлеуметтік көмектің қаржыландыру көзі Риддер қаласының бюджеті болып табылады.
      4. Әлеуметтік көмек «Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасына сәйкес оның әкімшісі «Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ болып табылатын және тиісті қаржы жылына арналған қала бюджетінде осы мақсаттарға көзделген қаражаттар шегінде ұсынылады.
      5. Төлем екінші деңгейдегі банктер арқылы ақшалай қаржыны Өтініш берушілердің жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.
      6. Өтініш беруші осы Нұсқаулықпен бекітілген тізімге сәйкес «Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (әрі қарай Бөлім) қажетті құжаттарды ұсынады және жазбаша түрде өтініш береді.
      Өтініш беруші Бөлімге осы немесе басқа әлеуметтік төлемдерді алу құқығына әсер ететін барлық өзгерістер туралы хабарлайды.
      7. Біржолғы әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы шешім осы Нұсқаулыққа сәйкес оған ұсынылатын құжаттар және жазбаша өтініш негізінде азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдерді бөлу бойынша әкімдік жанындағы қалалық комиссиямен қабылданады (әрі қарай - Комиссия).
      8. Әлеуметтік төлемдерді алу үшін әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      3) азаматтарды тіркеу кітабы;
      4) екінші деңгейдегі банктегі шоты;
      5) отбасының табысын растайтын құжаттар (11 тармақтың 1) тармақшасымен белгіленген әлеуметтік қолдау үшін жүгінген жағдайда);
      6) төлемдерді алу құқығын растайтын құжат;
      өтініш берушінің мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі;
      медициналық мекеменің емделу, операция бағасы, медициналық тексеру туралы қорытындысы;
      өртке қарсы қызметтің немесе төтенше жағдайлар бойынша басқарманың қорытындысы;
      Ұлы Отан Соғысының мүгедегі, қатысушысы куәлігінің көшірмесі (газеттерге жазылуды ресімдеуге әлеуметтік көмек үшін);
      тісті протездеуге және емдеуге шыққан шығындар туралы құжаттар (10 бөліммен белгіленген шығындарды өтеу үшін жүгінген жағдайларда).
      9. Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқаларымен және көшірмелерімен ұсынылады, артынан түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылып беріледі.

2. Ай сайынғы әлеуметтік төлемдер

      10. Ай сайынғы әлеуметтік төлемдерге құқықты:
      1) ДӘС (дәрігерлік-әлеуметтік сараптама) қорытындысы бар, оларды алып жүрген тұлғалардың жол жүруі үшін қала ішіндегі көлік қызметін пайдаланатын көзі көрмейтін мүгедектер. Төлем мөлшері - айына 550 теңге;
      2) қалалық көлікте жүру құнының өтемақысын алуға басқа негіздер бойынша төлемдерден тәуелсіз Риддер қаласының құрметті азаматтары. Төлем мөлшері айына - 1,0 айлық есептік көрсеткіш;
      3) басқа негіздер бойынша қалалық көлікте жүру құнының өтемақысын алуға арнайы мемлекеттік жәрдемақы алмаған облыстық маңызы бар персоналды зейнеткерлер. Төлем мөлшері 1,0 айлық есептік көрсеткіш;
      4) қалалық көлікте жүру құнына өтемақы алуға Ауғанстан соғысының мүгедектері мен қатысушылары. Өтемақы мөлшері әрқайсысына 2000 (екі мың) теңге;
      5) қалалық көлікте жүру құнына өтемақы алуға 1986-1989 жылдар аралығында Чернобыль АЭС зардаптарын жою қатысушылары. Өтемақы мөлшері әрқайсысына 2000 (екі мың) теңге.

3. Біржолғы әлеуметтік төлемдер

      11. Мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек – азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдерді бөлу бойынша комиссияның шешімі негізінде мына түрде ұсынылады:
      1) шұғыл әлеуметтік қолдауда төлемдер:
      шығыны айлық табыстың үш есе мөлшерінен асатын, төлемнің мөлшері жүз мың теңгеге дейін, шұғыл оперативті қымбат тұратын емдеу;
      онкологиялық ауруды емдеуге, біржолғы әлеуметтік төлем мөлшері он бес айлық есептік көрсеткішті құрайды;
      өрт, әдейі өртемеген жағдайда өртке қарсы қызметтің қорытындысы бойынша, су тасқыны, сұрапыл апат, төтенше жағдайлар.
      Осы тармақтың 1 тармақшасының 3 азат жолында көрсетілген жағдайларда өмір сүруге қаражатсыз қалған тұлғаларға көмектің мөлшері отбасына жүз мың теңгені құрайды. Үй тұрмысындағы заттарға жартылай зиян келген кезде көмектің мөлшері отбасына елу мың теңге;
      2) мерекелік күндерге азаматтардың жеке санаттарына төлемдер.
      12. Әлеуметтік төлемдер азаматтарға осы Нұсқаулықпен және комиссиямен бекітілген мөлшерде жылына бір рет ұсынылады.
      13. Әрбір өтініш бойынша комиссиямен өтініш иесінің тұрған жеріне бару арқылы материалды-тұрмыстық жағдайын тексеру жүргізіледі.
Тексерудің нәтижесі бойынша комиссияға ұсыну үшін акт құрастырылады. Құжаттарды қарау мерзімі қабылданған күннен бастап 15 күнтізбелік күнді құрайды.

4. 1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысы Жеңісінің жылдығын
мерекелеуге сыйлық беру

      14. 1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысы Жеңісінің жылдығын мерекелеуге материалды түрде сыйлық беріледі:
      1) 1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысының мүгедектері және Ұлы Отан соғысының қатысушыларына. Әлеуметтік төлем мөлшері - 10000 (он мың) теңге әрқайсысына;
      2) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы мінсіз әскери қызметі және жанкешті еңбегі үшін марапаттауға жатқызылған, бұрынғы КСР Одағының медалімен марапатталған тұлғалар, сонымен қатар толық мемлекеттік қамсыздандырудағы тұлғалардан басқа 1941 жылдың 22 маусымынан бастап 1945 жылдың 09 мамыры аралығында 6 айдан кем емес қызмет еткен және жұмыс істеген тұлғаларға. Әлеуметтік төлем мөлшері - 2500 (екі мың бес жүз) теңге әрқайсысына;
      3) Толық мемлекеттік қамсыздандырудағы тұлғалардан басқа «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған және қоршау кезінде Ленинград қаласында жұмыс істеген азаматтарға. Әлеуметтік төлем мөлшері - 5000 (бес мың) теңге әрқайсысына;
      4) Толық мемлекеттік қамсыздандырудағы тұлғалардан басқа бұрынғы фашистік концлагерлердің кәмелетке толмаған тұтқындарына. Әлеуметтік төлем мөлшері - 5000 (бес мың) теңге әрқайсысына;
      5) 1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысы әскери қызметкерлерінің, жауынгерлерінің жесір әйелдеріне (қаза тапқан, қайтыс болған, хабарсыз жоғалғандар) және толық мемлекеттік қамсыздандырудағы тұлғалардан басқа осы негіздер бойынша әлеуметтік мемлекеттік көмек алушыларға. Әлеуметтік төлем мөлшері - 5000 (бес мың) теңге әрқайсысына.
      15. Төлем жеке шот болған жағдайда Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың деректеріне сәйкес жүзеге асырылады.

5. “Алтын алқа”, “Күміс алқа” белгілерімен және 1, 2 дәрежелі
“Ана даңқы” орденімен марапатталған, сонымен қатар төрт немесе
одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар» көп
балалы аналарға материалдық көмек

      16. «8 наурыз» күніне және Балаларды қорғау күніне «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен, 1 және 2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналарға, сонымен қатар 4 немесе одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы аналарға материалдық көмек көрсетіледі. Көмектің мөлшері әрбір анаға 5000 (бес мың) теңгені құрайды.
      17. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні мемлекеттік мерекесінің құрметіне «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен, 1 және 2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналарға, сонымен қатар төрт немесе одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы аналарға материалдық көмек көрсетіледі. Көмектің мөлшері әрбір анаға 10000 (он мың) теңгені құрайды.
      18. Төлем жеке шот болған жағдайда Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың деректеріне сәйкес жүзеге асырылады.

6. Балаларды қорғау күніне мүмкіншіліктері шектеулі балалары
бар отбасыларға материалдық көмек

      19. Балаларды қорғау күніне (1 маусым) материалдық көмек Риддер қаласының мүмкіншіліктері шектеулі балаларға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде қызмет көрсетуде тұрған және мүмкіншіліктері шектеулі балалары бар отбасыларға әлеуметтік төлем түрінде көрсетіледі. Әлеуметтік төлемнің мөлшері әрқайсысына – 5000 (бес мың теңге).

7. Мүгедектер және қарттар күніне материалдық көмек

      20. 1-ші қазан Қарттар күнін және 10-шы қазан Мүгедектер күнін мерекелеуге материалдық көмек төленеді:
      1) толық мемлекет қамсыздандырудағы тұлғалардан басқа, сәйкес қаржылық жылда 80 жасқа толған және одан асқан қарт адамдарға. Әлеуметтік төлемнің мөлшері әрқайсысына – 2000 (екі мың) теңге;
      2) толық мемлекет қамсыздандырудағы тұлғалардан басқа, I топ мүгедектеріне. Әлеуметтік төлемнің мөлшері әрқайсысына - 2000 (екі мың) теңге;
      3) мүгедек балаларға (16 жасқа дейінгі). Әлеуметтік төлемнің мөлшері әрқайсысына - 2000 (екі мың) теңге.
      21. Төлем жеке шот болған жағдайда Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың деректеріне сәйкес жүзеге асырылады.

8. Мерзімді басылымдарға жазылу үшін әлеуметтік көмек

      22. «Казахстанская правда», «Егемен Қазақстан», «Рудный Алтай», «Дидар», «Лениногорская правда» мерзімді басылымдарына мемлекеттік және орыс тілдерінде (жазылушының таңдауы бойынша) жазылуға әлеуметтік көмек ұсынылады:
      1) Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
      2) Риддер қаласының ардагерлер активіне.
      23. Қалалық Ардагерлер кеңесі Ұлы Отан Соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің және Риддер қаласы Ардагерлер активінің санынан тұлғалардың Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қалалық ардагерлер Кеңесі төрағасының қолы үшін тізімін ұсынады. Ұсынылған тізімге және құжаттарға сәйкес газеттерге жазылуды ресімдеуге материалдық көмек көрсетіледі.
      24. Газетке жазылуды ресімдеуге материалдық көмек мерзімді басылымға (бір дана) бір жылға жазылу кезінде жазылу бағасының мөлшерінде анықталады. Материалдық көмек төлемі ағымдағы жылдың қараша айында жүзеге асырылады.

9. Ауғанстаннан әскерді шығару күніне біржолғы
материалдық көмек (15 ақпан)

      25. Ауғанстаннан әскерді шығару күніне біржолғы көмек алуға құқықты:
      1) Ауғанстан соғысының қатысушылары мен мүгедектері. Көмектің мөлшері – 5000 (бес мың) теңге;
      2) Ауғанстанда қайтыс болған жауынгерлердің ата-аналары. Көмектің мөлшері – 10000 (он мың) теңге.
      26. Төлем жеке шот болған жағдайда Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың деректеріне сәйкес жүзеге асырылады.

10. Тісті протездеуге әлеуметтік көмек
(қымбат металдардан жасалған протездерді қоспағанда)

      27. Тісті протездеуге және емдеуге шыққан шығындарды қайтару Риддер қаласының аумағында тұрақты тұратын азаматтарға ұсынылады.
      1) 1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
      2) зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшерімен зейнеткерлерге;
      3) осы негіздер бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын 1, 2 топ мүгедектеріне.
      28. Уәкілетті органның жұмысшысы құжаттардың көшірмелерін растайды, тіркеу журналына өтініш пен берілген құжаттарды тіркейді.
      29. Шығынды қайтару мөлшері туралы шешім тісті протездеуге және емдеуге шыққан шығындар туралы құжаттар негізінде, бір жылға бір тұлғаға 20000 (жиырма мың) теңгеден сәйкес қаржылық жылға бөлінген қаржы шегінде уәкілетті органмен қабылданады. Төлем ақшалай қаражат болған жағдайда, құжаттарды толық көлемде ұсынған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

11. Коммуналдық қызметтер өтемақысына
материалдық көмек ұсыну

      30. Коммуналдық қызметтер өтемақысына материалдық көмек Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 56 бабын орындау мақсатында бөлінген трансферттер шегінде ұсынылады:
      1) Қазақстан Республикасы алдында ерекше зор еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғаларға, айына 2000 (екі мың) теңге мөлшерінде;
      2) облыстық мәні бар персоналды зейнеткер мәртебесі бар зейнеткерлерге, айына 2000 (екі мың) теңге мөлшерінде.

12. Белсенді туберкулезбен ауыратын азаматтарға
қосымша тамақтануды қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек

      31. Риддер қаласының аумағында тұратын, стационарлық емдеудегі азаматтардан басқа, диспансерлік есепте тұрған белсенді туберкулезбен ауыратын азаматтар әлеуметтік көмекке құқықты.
      32. Әлеуметтік көмекті тағайындау Риддер қаласының туберкулезге қарсы мекемесімен ұсынылған құжаттарға және тізімдерге сәйкес ай сайын қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен жүргізіледі.
      33. 34 тармақта көрсетілген тұлғалар, туберкулезге қарсы мекеменің жауапты тұлғасына келесі құжаттарды ұсынады:
      1) әлеуметтік көмек көрсету туралы өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
      4) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен келісім бойынша екінші деңгейдегі банктегі шоты;Туберкулезге қарсы мекеменің жауапты тұлғасы 34 тармақта көрсетілген құжаттарды және белсенді топ бойынша диспансерлік есепте тұратындығы туралы қосымша анықтаманы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ұсынады.
      34. Балаларға әлеуметтік көмек тағайындау үшін өтінішті ата-анасының біреуі немесе заңды өкілмен (қамқоршымен, қолдаушы тәрбиешімен) 33 тармақта көрсетілген құжаттарды ұсынумен, сонымен қатар баланың жеке басын куәландыратын құжаттармен және қамқоршының, қолдаушы тәрбиешінің мәртебесін растайтын құжаттармен жүргізіледі.
      35. Әлеуметтік көмектің мөлшері күніне 300 (үш жүз) теңгені құрайды. Төлем айына күн санын есепке ала отырып тағайындалады және стационарлық емдеуде болған күндерін алып тастау арқылы ағымдағы айдың басында жүргізіледі.

13. Чернобыль АЭС апатының жылдығына
біржолғы материалдық көмек

      36. Біржолғы материалдық көмек алуға 1986-1989 жылдар аралығында Чернобыль АЭС зардабын жоюға қатысқандар құқылы.
      37. Төлем мөлшері әрқайсысына 25000 (жиырма бес мың) теңгені құрайды.
      38. Төлем жеке шот болған жағдайда Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың деректеріне сәйкес жүзеге асырылады.


      Қалалық мәслихат хатшысы                   А. Ермаков
 

Төртінші шақырылған Риддер
қалалық мәслихаты сессиясының
2011 жылғы 27 сәуірдегі
№ 32/8-IV шешіміне
2 қосымша

Күші жойылды деп танылған
нормативтік құқықтық актілердің тізімі

      Риддер қалалық мәслихатының 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 14/5-IV «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету бойынша нұсқауды бекіту туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 06 ақпандағы № 5-4-107 тіркелген, 2009 жылдың 13 ақпандағы № 13 «Лениногорская правда» газетінде жарияланған).
      Риддер қалалық мәслихатының 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 16/6-IV «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету бойынша нұсқауды бекіту туралы» 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 14/5-IV шешімге толықтырулар енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 13 мамырдағы № 5-4-112 тіркелген, 2009 жылдың 15 мамырдағы № 20 «Лениногорская правда» газетінде жарияланған).
      Риддер қалалық мәслихатының 2009 жылғы 24 шілдедегі № 18/8-IV «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету бойынша нұсқауды бекіту туралы» 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 14/5-IV шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 17 тамыздағы № 5-4-116 тіркелген, 2009 жылдың 21 тамыздағы № 34 «Лениногорская правда» газетінде жарияланған).
      Риддер қалалық мәслихатының 2010 жылғы 16 ақпандағы № 23/8-IV «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету бойынша нұсқауды бекіту туралы» 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 14/5-IV шешімге өзгерістер енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 03 наурыздағы № 5-4-128 тіркелген, 2010 жылдың 12 наурыздағы № 13 «Лениногорская правда» газетінде жарияланған).
      Риддер қалалық мәслихатының 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 25/8-IV «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету бойынша нұсқауды бекіту туралы» 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 14/5-IV шешімге өзгерістер енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 21 мамырдағы № 5-4-131 тіркелген, 2010 жылдың 28 мамырдағы № 24 «Лениногорская правда» газетінде жарияланған).


      Қалалық мәслихат хатшысы                   А. Ермаков
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады