Бородулиха ауданында иттер мен мысықтарды ұстау ережесін бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2009 жылғы 9 ақпандағы N 16-8-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бородулиха ауданындағы Әділет басқармасында 2009 жылғы 17 ақпанда N 5-8-80 тіркелді. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихат аппаратының 2012 жылғы 08 маусымдағы N 01-11/176 хатымен

      Ескерту. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихат аппаратының 2012.06.08 N 01-11/176 хатымен.
      
      
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодексінің 3 бабының 2 тармағына,  Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 6 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. «Бородулиха ауданында иттер мен мысықтарды ұстау ережесі» (қосымша берілген) бекітілсін.
      2. Осы шешім Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Сессия төрағасы                                      Қ. Галиев
      
      Аудандық мәслихат хатшысы                        Б.  Аргумбаев

      Аудандық мәслихаттың
      2009 жылғы 9 ақпандағы
      № 16-8-IV шешімімен
      БЕКІТІЛГЕН

      Бородулиха ауданында иттер мен мысықтарды ұстау
  ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ереже

      Осы ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы  № 155 “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодексінің 3 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 6 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына сәйкес әзірленген.
      1. Осы ереже аудан аумағындағы иттері және мысықтары бар бұдан әрі мәтін бойынша “Иелер” деп аталатын барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
      2. Иттері және мысықтары бар иелер санитарлы - гигиеналық, ветеринарлы - санитарлық нормаларды және осы жануарлардың жалпы қолданыстағы орындарды ластауына жол бермеуді,сондай-ақ адамдар қауіпсіздігін міндетті түрде қамтамасыз етуді, 23.00-ден 07.00-ге дейін тыныштықты қамтамасыз етуді қоса ала отырып, оларды ұстау ережісін қатаң сақтауға міндетті.
      3. 2 тармақта көрсетілген талаптарды сақтаған жағдайда ұстауға рұқсат етіледі:
      1) жеке үйлерде жақсы қоршалған аумақтарда иттерді ұстауға, иттің бар екендігі туралы кірер есікте ескертпе жазба болуы тиіс;
      2) санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық қызметтердің рұқсатымен балалар және жасөспірімдер мекмелеріндегі, жазғы және қысқа сауықтыру санаторлы-курортты мекемелердегі (санаторийлердегі, демалыс үйлеріндегі, пансионаттардағы) зообұрыштарда, тірі табиғат мүйістерінде иттерді, мысықтарды және басқа жануарларды ұстауға;
      3) мекемелер мен ұйымдардағы күзетші иттерді тек байлауда немесе торларда ұстауға;
      4) тиым салатын жазбалар болмаған жағдайда иесінің тұмылдырық кигізген және қысқа қарғыбауға байлаған итімен мекемелерге, азық-түліктік емес дүкендерге, поштаға баруына.
      4. Иттер мен мысықтарды көліктерде тасымалдау жолаушылардың мазасын алмайтын жағдайларда жүзеге асырылуға тиіс. Бұл кезде жануарлар не тұмылдырықтанған, не арнайы торларда, сөмкелерде болуы тиіс.
      5. Қоғамдық орындарда (көшелерде, аула аумақтарында, саябақтарда, кіші саябақтарда және басқа жерлерде) байлаулы қалтырылғандарынан басқа иесіз жүрген иттер қаңғыбас иттер деп саналады және оларды қаңғыбас иттерді аулайтын және өлген жануарлардың өліктерін жинайтын мамандандырылған мекеме аулайды және бес тәулік бойы арнайы торларда ұстайды.

   2. Иттер мен мысықтар иелерінің міндеттері

      6. Жануарлардың иелеріне төмендегіні сақтауға:
      1) сатып алған уақытынан бастап екі апта мерзімі ішінде өз жануарларын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің аудандық аумақтық басқармасының ветеринарлық инспекция бөлімінде тіркеуге, әсіресе жауынгер текті иттері бар иелер;
      2) жануарларды үнемі егіп отыруды жүргізуге;
      3) иттер мен мысықтардың тістеген, жарақатаған жағдайлары туралы дәрігерлік мекемелерге, аудандық ветеринарлық станцияға жедел хабарлауға;
      4) адамдар мен жануарларды тістеген немесе оларда жарақатаған иттер мен мысықтарды тексеру үшін және карантиндік іс-шараларды өткізу үшін ветеринарлық станцияға жедел жеткізуге;
      5) көшелерден өткенде иттерді қысқа қарғыбаумен, ірі иттерді тұмылдырықпен ұстауға;
      6) қолданысында жер телімі бар болса еркін серуендеп жүрген иттерді жақсы қоршалған аумақтарда немесе байлауда ұстауға. Учаскеге кірер жерде иттің бар екендігі туралы ескертпе жазба болуы тиіс;
      7) жануарларды олардың биологиялық қажеттіліктеріне сәйкес ұстауға, оларға адамгершілікпен қарауға, қараусыз, тамақсыз, сусыз қалдырмауға, ұрып-соқпауға, ал ауырып қалған жағдайында дер кезінде ветеринарлық көмекке жүгінуге;
      8) одан әрі ұстау мүмкіндігі болмаған жағдайда басқа тұлғаға беруге немесе ветеринарлық мекемелерге тапсыруға;
      9) жануар өлген жағдайда өлігін ветеринарлық немесе қаңғыбас иттерді аулау және өлген жануарлардың өлігін жинау жөніндегі мамандандырылған мекемеге өткізуге.
      7. Жануарлар иелеріне тиым салынады:
      1) жануарларды балалардың аула алаңдарының, мектепе дейінгі балалар мекемелерінің, мектептердің және оқу орындарының, денсаулық сақтау объектілерінің, спорт алаңдарының, саябақтардың, су қорғандарының және қала жағажайларының аумақтарында серуендетуге;
      2) жануарларды жалпы қолданыстағы жерлерде: кіре берістерде, саты алаңында және шатырларда, жертөлелерде, жатақхана дәліздерінде ұстауға;
      3) аудан аумағында ит төбелестерін өткізуге;
      4) белгіленбеген орындарда ветеринарлық анықтамасыз және жануарларға арналған құжаттарсыз (төлқұжат, күшік картасы, тектік сертификат) күшіктер мен иттерді, мысықтарды сатуға;
      5) өлген жануардың өлігін лақтырып тастауға немесе өздіктерінен көмуге.

3. Үй жануарлары иесінің құқықтары

      8. Кез-келген жануарлар өз иесінің жеке меншігі болып табылады және барлық жеке меншік сияқты заңмен қорғалады.
      9. Құтырма аурумен ауырған жағдайлардан басқа кезде жануарлар иесінен тек оның келісімі арқылы ғана алына алады.
      10. Иесі итін қысқа қарғыбауға байлап (ірі иттерді - тұмылдырықтап) дүкеннің немесе басқа мекеменің жанына шектеулі уақытқа ғана қалдыруға құқылы.

      4. Осы ережелерді сақтамағандары үшін жануарлар иелерінің жауапкершіліктері

       11. Осы ережелерді бұзғаны үшін жануар иелері Қазақстан Республикасының “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Кодексінің 311 бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
      12. Жануарларға олардың өлуіне немесе жарақат алуына әкеліп соғатындай  қатігездікпен қарағаны үшін иелері қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

      5. Тұрғын үйлер кооперативтерінің, жеке меншік пәтер иелері кооперативтерінің, кондоминиумдардың иттер мен мысықтарды ұстау ережелерін қамтамасыз ету бойынша міндеттері

     13. Жеке меншік пәтер иелерінің кооперативтері, тұрғын үйлер кооперативттері, кондоминиумдар міндетті:
      1) жеке меншік пәтер иелерінің кооперативтеріне, тұрғын үйлер кооперативттеріне, кондоминиумдарға тиесілі аумақтада немесе құрылыстан бос шағын аудандардың (кварталдардың) және кооперативтің қосалқы жерлерінің аумақтарында жазба-тақтайшалар мен белгілер орната отырып, иттерді серуендететін орындарды анықтауға;
      2) иттерді серуендету белгіленген аулалық аумақтардың санитарлық жағдайын қамтамасыз етуге;
      3) жануарлардың кіріп кетуін болдырмау үшін жертөлелерге, шатырларға және басқа да қосалқы үй-жайларға кіретін есіктерді жабық ұстауға;
      4) жануарларды аулаумен айналысатын ұйымдарға өздерінің аумақтарында қаңғыбас мысықтар мен иттердің бар екендігі туралы хабарлауға.

    6. Ветеринарлық қадағалау органдарының міндеттер

      14. Ветеринарлық қадағалау органдарына төмендегіні кәжетті:
      1) жануар иелерінің ветеринарлық-санитарлық іс-шараларды орындауына, олардың өткізілу мерзімдеріне қадағалау жүргізуді жүзеге асыру;
      2) жануарлар ауруларының алдын алу, халықты жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардан қорғау, ауданда ветеринарлық-санитарлық жақсы жағдайды қамтамасыз ету үшін халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуге;
      3) жануарлар ауруларының алдын алу және оларды емдеу бойынша жануарлар иелеріне білікті көмек көрсетуге.
      
      
      Аудан әкімі аппаратының басшысы                   В. Бастриков

Об утверждении Правил содержания собак и кошек в Бородулихинском районе

Решение Бородулихинского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 9 февраля 2009 года N 16-8-IV. Зарегистрировано Управлением юстиции Бородулихинского района Департамента юстиции Восточно-Казахстанской области 17 февраля 2009 года за N 5-8-80. Прекращено действие по истечении срока, на который решение было принято, на основании письма аппарата Бородулихинского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 08 июня 2012 года N 01-11/176

      Сноска. Прекращено действие по истечении срока, на который решение было принято, на основании письма аппарата Бородулихинского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 08.06.2012 N 01-11/176.
      
      
      В соответствии с пунктом 2 статьи 3 Кодекса Республики Казахстан от 30 января 2001 года № 155 «Об административных правонарушениях», подпунктом 8 пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 «О местном государственном управлении в Республики Казахстан» Бородулихинский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить (прилагаемые) «Правила содержания собак и кошек в Бородулихинском районе».
      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Управлении юстиции и вводится в действие по истечении 10 календарных дней после  его первого официального опубликования.
      
      
      Председатель сессии                           К. Галиев
      
      
      Секретарь районного маслихата                 Б. Аргумбае

Утверждено решением
районного маслихата
от 9 февраля 2009 года
№ 16-8-IV

ПРАВИЛА
содержания собак и кошек в Бородулихинском районе

1. Общие положения

      Настоящие правила разработаны в соответствии с пунктом 2 статьи 3 Кодекса Республики Казахстан от 30 января 2001 года № 155 "Об административных правонарушениях", подпунктом 8 пункта 1 статьи 6 Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 "О местном государственном управлении в Республике Казахстан".
      1. Настоящие правила распространяются на всех юридических и физических лиц на территории района, имеющих собак и кошек, далее по тексту именуемых "Владельцы".
      2. Владельцы, имеющие собак, кошек, обязаны строго соблюдать санитарно-гигиенические, ветеринарно-санитарные нормы и правила содержания их, включая недопущение загрязнения этими животными мест общего пользования, а также необходимо обеспечить безопасность людей, тишину в доме с 23-00 до 7-00 часов.
      3. При соблюдении указанных в пункте 2 требований разрешается содержать:
      1) собак в индивидуальных домовладениях  на  огороженной территории, о наличии собаки должна быть сделана предупреждающая надпись при входе:
      2) собак, кошек и других животных в "зооуголках", "живых уголках" детских и подростковых учреждениях, летних и зимних оздоровительных санаторно-курортных учреждениях (санатории, дома отдыха, пансионаты) с разрешения санитарно-эпидемиологической и ветеринарной служб;
      3) сторожевых собак в учреждениях и организациях только на привязи или в вольерах;
      4) при отсутствии запрещающих надписей появление владельца с собакой в наморднике и на коротком поводке в учреждениях, непродовольственных магазинах, на почте.
      4. Перевозка собак и кошек на транспорте должна осуществляться при условии, исключающем беспокойство пассажиров. При этом животные должны быть либо в намордниках, либо в специальных клетках, сумках.
      5. Собаки, находящиеся в общественных местах (улицах, дворовых территориях, парках, скверах и прочих местах) без сопровождающих лиц, кроме оставленных владельцами на привязи, считаются бродячими, подлежат обязательному отлову специализированными учреждениями по отлову бродячих и сбору трупов павших животных и содержанию их в вольерах в течение пяти суток.

2. Обязанности владельцев собак и кошек

      6. Владельцам животных следует:
      1) в двухнедельный срок с момента приобретения зарегистрировать своих животных в отделе ветеринарной инспекции районного территориального управления Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан, в особенности владельцы, имеющие собак бойцовых пород:
      2) регулярно проводить вакцинацию животных;
      3) немедленно сообщать в медицинские учреждения, районную ветеринарные станции о случаях укусов, травм, нанесенных собакой, кошкой;
      4) немедленно доставлять собак и кошек, покусавших людей и животных или нанесших им травму, в ветеринарные станции для осмотра и проведения карантинных мероприятий;
      5) переходить улицу с собакой только на коротком поводке, крупной собакой - в наморднике;
      6) при наличии в пользовании земельного участка содержать собак в свободном выгуле только на хорошо огороженной территории или на привязи. О наличии собаки должна быть сделана соответствующая предупреждающая надпись при входе на участок;
      7) содержать животное в соответствии с его биологическими потребностями, гуманно обращаться с ним, не оставлять без присмотра, без пищи и воды, не избивать, а в случае заболевания - вовремя прибегнуть к ветеринарной помощи;
      8) при невозможности дальнейшего содержания передать другому лицу или сдать в ветеринарное учреждение;
      9) при гибели животного сдать труп в ветеринарное или специализированное учреждение по отлову бродячих и сбору трупов павших животных.
      7. Владельцы животных не должны:
      1) выгуливать животных на территориях детских дворовых площадок, детских дошкольных учреждений, школ и учебных заведений, объектов здравоохранения, спортивных площадок, парков, водозаборов и городских пляжей;
      2) содержать животных  местах общего пользования: в подъездах, на лестничных клетках и чердаках, в подвалах, в коридорах общежитий;
      3) проводить собачьи бои на территории района;
      4) продавать щенков и собак, кошек в не установленных местах, без ветеринарных справок и документов на животных (паспорт, щенячья карта, сертификат породности);
      5) выбрасывать труп павшего животного или самостоятельно производить захоронение.

3. Права владельца животного

      8. Любое животное является собственностью владельца и, как всякая собственность, охраняется законом.
      9. Животное может быть изъято у владельца только с его согласия, кроме случаев заболевания бешенством.
      10. Владелец имеет право на ограниченное время оставить собаку привязанной на коротком поводке возле магазина или другого учреждения (крупную собаку - в наморднике).

4. Ответственность владельца животного за несоблюдение
настоящих правил

       11. За нарушение настоящих правил владелец животного несет ответственность в соответствии со статьей 311 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях.
      12. За жестокое обращение с животными, повлекшее их гибель или увечье, владелец несет уголовную ответственность в соответствии с требованиями действующего законодательства.

5. Обязанности жилищных кооперативов, кооперативов
собственников квартир, кондоминиумов по обеспечению
правил содержания собак и кошек

      13. Кооперативам собственников квартир, жилищным кооперативам, кондоминиумам необходимо:
      1) определять места для выгула собак на территории, закрепленной за кооперативом собственников квартир, жилищным кооперативом, кондоминиумом, либо на территории микрорайона (квартала) свободной от застройки и прилегающей к кооперативам, с установкой табличек, знаков.
      2) поддерживать санитарное состояние дворовых территорий, где определен выгул собак;
      3) содержать входы в подвалы, на чердаки и в другие подсобные помещения в закрытом состоянии, исключающие проникновение туда животных;
      4) сообщать организациям, занимающимся отловом животных, о наличии на своей территории бездомных кошек и собак.

6. Обязанности органов ветеринарного надзора

      14. Органам ветеринарного надзора необходимо:
      1) осуществлять контроль за выполнением владельцами животных ветеринарно-санитарных мероприятий, сроками их проведения;
      2) проводить разъяснительную работу среди населения в целях профилактики заболеваний животных, защиты населения от болезней, общих для животных и человека, обеспечения ветеринарно-санитарного благополучия в районе;
      3) осуществлять квалифицированную помощь владельцам животных по профилактике и лечению заболеваний животных.
      
      
      Руководитель аппарата акима                В. Бастриков