Бородулиха ауданында ауылшаруашылық жануарларын ұстау ережесін бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2009 жылғы 9 ақпандағы N 16-9-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бородулиха ауданындағы Әділет басқармасында 2009 жылғы 17 ақпанда N 5-8-81 тіркелді. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихат аппаратының 2012 жылғы 08 маусымдағы N 01-11/176 хатымен

      Ескерту. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихат аппаратының 2012.06.08 N 01-11/176 хатымен.
      
      
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 3 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағына сәйкес Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Бородулиха ауданында ауылшаруашылық жануарларын ұстау және жаю ережесі" (қосымша берілген) бекітілсін.
      2. Осы шешім Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және оны алғаш ресми жариялаған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Сессия төрағасы                                     Қ. Галиев
      
      Аудандық мәслихат хатшысы                        Б. Аргумбаев

      Аудандық мәслихаттың
      2009 жылғы 9 ақпандағы
    № 16-9-IV шешімімен
     БЕКІТІЛГЕН

Бородулиха ауданында ауыл шаруашылық жануарларын ұстау
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ереже

      1. Бородулиха ауданында ауыл шаруашылық малдарын ұстау ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республиксының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 3 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына,Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдесіндегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағына сәйкес Бородулиха ауданында ауыл шаруашылық жануарларын ұстау мәселелерін реттеу мақсатында әзірленген.
      2. Осы Ереже Бородулиха ауданындағы ұйымдар мен кәсіпорындарды, олардың ведомстволық бағыныстылығы мен жеке меншік нысанына қарамастан, халықты және жеке кәсіпкерлерді қоса алғанда ауыл шаруашылығы малдарын ұстаушы барлық иелерге қолданылады.
      3. Осы Ережеде келесі ұғымдар қолданылады:
      1) ауыл шаруашылығы жануарлары – адам өсіретін ауыл шаруашылығы малдарының және ауыл шаруашылығы өндірісіне тікелей  қатысы бар құстардың барлық түрлері(ірі кара малдар, қойлар, ешкілер, жылқылар, түйелер, шошқалар, маралдар мен еліктер, қымбат терілі аңтар және үй қояндары), сонымен қатар олардың түраралық будандары;
      2) ауыл шаруашылық жануарларының иелері – меншігінде немесе басқа иелігінде ауыл шаруашылық жануарлары бар жеке және заңды тұлғалар;
      3) жануарларды ұстау – жануарлардың өмірін, физикалық және психологиялық денсаулығын сақтау, ветеринарлық-санитарлық нормаларды сақтаған жағдайда құнды тұқым алу, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен азаматтардың және жануарлар әлемі өкілдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жануарлар иелерінің істейтін іс-әрекеттері;
      4) ветеринария саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган – "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Бородулиха аудандық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесі.

 2. Ауыл шаруашылық жануарларын ұстау

      4. Ауыл шаруашылық жануарлары қолданыстағы нормаларға сәйкес жеке меншік секторынан, стадиондар, қоғамдық тамақтану, сауда, тамақ өнеркәсібі, көп қабатты үйлер аумақтарынан, бұқаралық демалыс орындарынан,балалардың сауықтыру лагерлерінен,демалыс үйлерінен, санаторийлерден, табиғи және жасанды су айдындарынан, артезиан құдықтарынан алыста орналасқан арнайы жабдықталған қора-жайларда, торларда ұсталуы керек.
      5. Тұрғын үйде, егер онда бір отбасыдан көп отбасы тұрса, белгіленген ветеринарлық-санитарлық нормаларды сақтаған жағдайда осы үйде ауыл шаруашылық жануарларын арнайы жабдықталған қора-жайларда, торларда ұстауға рұқсат етіледі.
      6. Ауыл шаруашылық жануарларын сатуға, алып келуге және алып кетуге тек ветеринарлық төлқұжат негізінде ветеринария саласындағы уәкілетті орган беретін, белгіленген үлгідегі ветеринарлық куәлікті рәсімдегенде ғана рұқсат етіледі.
      7. Ауыл шаруашылық жануарларын әуе, су, темір жолдар көліктерімен тасымалдау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрінің 2006 жылғы 3 шілдедегі № 432 "Жануарларды және басқа мемлекеттік ветеринарлық бақылауға жататын жүктерді тасымалдағанға дейін және одан кейін көлік құралдарын (автомобиль теміржол, әуе, су) ветеринарлық домдау туралы ережесін бекіту туралы" Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 14 тамызда № 4339 Бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
      8. Ауыл шаруашылық жануарларын ұстаудың шарттары:
      1) ветеринария саласындағы мемлекеттік уәкілетті органның талабы бойынша уақытылы сәйкестендіру, жыл сайын қайта тіркей отырып тіркеу, өте қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы егу, паразиттік ауруларға қарсы жоспарлы алдын алу өңдеу жұмыстарын жүргізу;
      2) жаңа туылған немесе сатып алынған ауыл шаруашылығы жануарлары екі айдан кешіктірілмей ветеринария саласындағы мемлекеттік уәкілетті органда қаралуы және тіркелуі тиіс;
      3) санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық-санитарлық ережелер мен нормаларды сақтау.
      9. Ауыл шаруашылық жануарларының иелеріне рұқсат етілмейді:
      1) ауыл шаруашылық жануарларын айтап өту трассаларынан басқа селолық және кенттік тұрғын зоналарынан айдап өтуге,
      2) ауыл шаруашылық жануарларын көлдер мен басқа да табиғи және жасанды су айдындарында, адамдар демалатын орындарда шомылдыруға;
      3) қоршаған ортаны ластауға;
      4) сою алдындағы ветеринарлық тексерусіз және сойғаннан кейінгі тұтас еті мен мүшелеріне ветеринарлық-санитарлық сараптамасыз сату үшін ауыл шаруашылық жануарларын союға;
      5) ауыл шаруашылық жануарларының өлігін лақтырып тастауға және жерге көмуге;
      10. Ауыл шаруашылық жануарларын иелері қараусыз қалдырған жағдайда, қараусыз қалған ауыл шаруашылық жануарларын ұстау және қайтару Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес реттеледі.

3. Ауыл шаруашылық жануарлары иелерінің құқықтары

      11. Әрбір ауыл шаруашылық жануары иесінің жеке меншігі болып табылады және барлық жеке меншік сияқты заңмен қорғалады.

4. Ауыл шаруашылығық жануарлары иелерінің міндеттері

      12. Ауыл шаруашылық жануарларының иелеріне қажет:
      1) ауыл шаруашылық жануарларына адамгершілікпен қарау, оларды биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес ұстау, ал ауырып қалған жағдайында ветеринарлық көмекке жүгіну;
      2) ветеринар мамандардың ветеринарлық іс-шараларды өткізуіне қажетті жағдайлар жасау, ветеринария саласындағы уәкілетті органның талабы бойынша ауыл шаруашылық жануарларын қарауға, диагностикаға, зерттеуге және емдеу - алдын алу өңдеулеріне уақытылы әкелу;
      3) барлық ауыл шаруашылық жануарларын төлқұжаттауды және сәйкестендіруді қамтамасыз ету;
      4) олардың тұратын және серуендейтін жерлерін қажетті санитарлық тазалықта ұстау және үнемі залалсыздандырып отыру. Жем қалдықтары мен қоқысты коммуналдық қызметтер арқылы қоқыс тастайтын жерге уақытылы шығару;
      5) ауыл шаруашылқ жануарларын қараусыз қалдырмау және қаңғып кетуіне жол бермеу;
      6) маңайдағы адамдардың, ауыл шаруашылық жануарларының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті шараларды қабылдау;
      7) ауыл шаруашылық жануарларын сатып алған, жоғалтқан немесе олар өлген жағдайда уақытылы ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға хабарлау;
      8) ауыл шаруашылық жануарларының адамдарға немесе басқа жануарларға жарақат келтіргені туралы жақын маңдағы дәрігерлік мекемеге және ветеринар маманға уақытылы хабарлау;
      9) коммуналдық қызметке және ветеринар маманға ауыл шаруашылық жануарларының өлігін шығару және жою туралы дер кезінде хабарлау.

5. Осы Ережелерді сақтамағаны үшін ауыл шаруашылық
жануарлары иелерінің жауапкершіліктері

      13. Осы Ережелерді бұзғаны үшін кінәлі жеке және заңды тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
      14. Материалдық шығындары болған жағдайда зардап шегуші сол шығындардың орнын толтыру үшін сотқа жүгінуге құқығы бар.
      
      
      Аудан әкімі аппаратының басшысы                   В. Бастриков

Об утверждении правил содержания сельскохозяйственных животных в Бородулихинском районе

Решение Бородулихинского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 9 февраля 2009 года N 16-9-IV. Зарегистрировано Управлением юстиции Бородулихинского района Департамента юстиции Восточно-Казахстанской области 17 февраля 2009 года за N 5-8-81. Прекращено действие по истечении срока, на который решение было принято, на основании письма аппарата Бородулихинского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 08 июня 2012 года N 01-11/176

      Сноска. Прекращено действие по истечении срока, на который решение было принято, на основании письма аппарата Бородулихинского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 08.06.2012 N 01-11/176.
      
      В соответствии с пунктом 2 статьи 3 Кодекса Республики Казахстан от 30 января 2001 года № 155 «Об административных правонарушениях», подпунктом 8) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 «О местном государственном управлении в Республике Казахстан», пунктом 2 статьи 10 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года № 339 «О ветеринарии», Бородулихинский районный маслихат РЕШИЛ:
      1 Утвердить (прилагаемые) «Правила содержания сельскохозяйственных животных в Бородулихинском районе».
      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Управлении юстиции и вводится в действие по истечении 10 календарных дней после дня его официального опубликования.
      
      
      Председатель сессии                        К. Галиев
      
      
      Секретарь районного маслихата               Б. Аргумбаев

      Утверждено решением
      районного маслиха
      от 9 февраля 2009 года
      № 16-9-IV

Правила
содержания сельскохозяйственных животных
в Бородулихинском районе

1 Общие правила

      1. Правила содержания сельскохозяйственных животных в Бородулихинском районе (далее - Правила) разработаны в соответствии с  пунктом 2 статьи 3 Кодекса Республики Казахстан от 30 января 2001 года № 155 «Об административных правонарушениях», подпунктом 8) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 "О местном государственном управлении в Республике Казахстан", пунктом 2 статьи 10 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года № 339 «О ветеринарии», с целью регулирования вопросов содержания и выпаса сельскохозяйственных животных в Бородулихинском районе.
      2. Настоящие Правила распространяются на всех владельцев сельскохозяйственных животных в Бородулихинском районе, включая организации и предприятия независимо от их ведомственной подчиненности и форм собственности, населения и индивидуальных предпринимателей.
      3. В настоящих Правилах используются следующие понятия:
      1) сельскохозяйственные животные - культивируемые человеком все виды сельскохозяйственных животных, имеющих непосредственное отношение к сельскохозяйственному производству (крупный рогатый скот, овцы, козы, лошади, верблюды, свиньи, маралы и олени, пушные звери и кролики), а также их межвидовые гибриды:
      2) владелец сельскохозяйственного животного - физическое или юридическое лицо, которое имеет в собственности или ином владении сельскохозяйственное животное:
      3) содержание животных - действия, совершаемые владельцами животных для сохранения жизни животных, физического и психического здоровья, получения полноценного потомства при соблюдении ветеринарно-санитарных норм, а также для обеспечения общественного порядка и безопасности граждан и представителей животного мира;
      4) уполномоченный государственный орган в области ветеринарии – государственное учреждение «Бородулихинская районная территориальная инспекция Комитета государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан».

2. Содержание сельскохозяйственных животных

      4. Сельскохозяйственные животные должны содержаться в оборудованных закрытых помещениях, вольерах, расположенных на расстоянии от жилых домов индивидуального сектора, от территории стадионов, предприятий общественного питания, торговли, пищевой промышленности, многоквартирных домов, мест массового отдыха, оздоровительных детских лагерей, домов отдыха, санаториев, естественных и искусственных водоемов, артезианских колодцев в соответствии с действующими нормами.
      5. При жилых домах, в случае проживания в них более одной семьи, разрешаются содержать в оборудованных закрытых помещениях, вольерах сельскохозяйственных животных при соблюдении установленных ветеринарно-санитарных норм.
      6. Продажа, ввоз и вывоз сельскохозяйственных животных разрешается только при оформлении ветеринарного свидетельства установленного образца, которое выдается уполномоченным государственным органом в области ветеринарии на основании ветеринарного паспорта.
      7. Перевозка сельскохозяйственных животных автомобильным, воздушным, водным, железнодорожным транспортом осуществляется в соответствии с Приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 3 июля 2006 года N 432 "Об утверждении правил ветеринарно-санитарной обработки транспортных средств (автомобильный, железнодорожный, воздушной, водный) до и после перевозки в них животных и других подконтрольных государственному ветеринарному контролю грузов", зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов 14 августа 2006 года за № 4339.
      8. Условия содержания сельскохозяйственных животных:
      1) своевременная идентификация, регистрация с ежегодной перерегистрацией, вакцинацией против особо опасных инфекционных болезней и плановой профилактической обработкой против паразитарных заболеваний по требованию уполномоченного государственного органа в области ветеринарии;
      2) новорожденные и приобретенные сельскохозяйственные животные не позднее двух месяцев должны быть осмотрены и зарегистрированы в уполномоченном государственном органе в области ветеринарии;
      3) соблюдение санитарно-гигиенических, ветеринарно-санитарных правил и норм.
      9. Владельцам сельскохозяйственных животных не допускается:
      1) перегон сельскохозяйственных животных в сельской и поселковой жилой зоне, кроме прогонных трасс.
      2) купания сельскохозяйственных животных в озере и других естественных и искусственных водоемах, в местах отдыха людей;
      3) загрязнения окружающей среды;
      4) убоя сельскохозяйственных животных для реализации без предубойного ветеринарного осмотра и послеубойной ветеринарно-санитарной экспертизы туш и органов;
      5) выброса или зарывания в землю трупов сельскохозяйственных животных;
      10. В случае допущения безнадзорности сельскохозяйственных животных их владельцами, содержание и возврат безнадзорных сельскохозяйственных животных регламентируется в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

3. Права владельцев сельскохозяйственных животных

      11. Любое сельскохозяйственное животное является собственностью владельца и как всякая собственность охраняется законом.

4. Обязанности владельцев сельскохозяйственных животных

      12. Владельцам сельскохозяйственных животных необходимо:
      1) гуманно обращаться с сельскохозяйственными животными, содержать их в соответствии с биологическими особенностями, а в случае заболевания своевременно прибегать к ветеринарной помощи;
      2) создать необходимые условия ветеринарным специалистам для проведения ветеринарных мероприятий, по требованию уполномоченного государственного органа в области ветеринарии своевременно представлять сельскохозяйственных животных для осмотра, диагностики, исследований и лечебно-профилактических обработок;
      3) обеспечить паспортизацию и идентификацию всех сельскохозяйственных животных;
      4) поддерживать надлежащее санитарное состояние в местах их содержания и прогулок, регулярно проводить дезинфекцию. Объедки кормов и мусор своевременно вывозить на свалку через коммунальные службы;
      5) не оставлять сельскохозяйственных животных без присмотра и не допускать их бродяжничества;
      6) принимать необходимые меры, обеспечивающие безопасность окружающих людей, сельскохозяйственных животных;
      7) при приобретении, потере или падежа сельскохозяйственного животного своевременно сообщать в уполномоченный государственный орган в области ветеринарии;
      8) сообщать в ближайшие медицинские учреждения и ветеринарным специалистам о нанесении травм сельскохозяйственными животными человеку или другому животному;
      9) своевременно информировать коммунальную службу и ветеринарного специалиста о необходимости вывоза и уничтожения трупов сельскохозяйственных животных.

5. Ответственность владельцев сельскохозяйственных
животных за нарушение настоящих правил

      13. Физические и юридические лица, виновные в нарушении настоящих Правил, привлекаются к ответственности в соответствии с действующим законодательством.
      14. При наличии материального ущерба потерпевший имеет право обратиться в суд за его возмещением.
      
      
      Руководитель аппарата акима             В. Бастриков