Ескерту. Күші жойылды - Шемонаиха аудандық мәслихатының 2011.03.19 N 35/6-IV (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 422-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Қазақстан Республикасы Занының 6-бабына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Салық салу бірлігіне тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Боулинг (кегельбан) бойынша тіркелген жиынтық салығының ставкасы туралы" 2006 жылғы 12 мамырдағы № 25/7-ІІІ (нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-19-32 нөмірімен тіркелген, 2006 жылғы 9 шілдеде "Уба - Информ" газетінің 23 нөмірінде жарияланған); "Шемонаиха ауданы бойынша төлем ставкаларын бекіту туралы" 2007 жылғы 24 шілдедегі № 35/6-ІІІ (нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-19-58 нөмірімен тіркелген, 2007 жылғы 24 тамызда "Уба-Информ" газетінің 34 нөмірінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы |
Е. АЙТМҰХАМЕД |
Шемонаиха аудандық |
|
мәслихатының хатшысы |
Ә. БАЯНДИНОВ |
Шемонаиха аудандық мәслихатының |
Шемонаиха ауданы бойынша айына салық салу бірлігіне
тіркелген салықтың ставкасы
Рет |
Салық салу объектісінің |
Тіркелген салықтың ставка |
1 |
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы |
1 |
2 |
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы |
1 |
3 |
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер |
1 |
4 |
Ойын жолы |
10 |
5 |
Бильярд үстелі |
3 |