Шемонаиха ауданы бойынша салық салу бірлігіне тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2009 жылғы 13 ақпандағы N 16/3-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Шемонаиха аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 19 ақпанда N 5-19-91 тіркелді. Күші жойылды - Шемонаиха аудандық мәслихатының 2011 жылғы 19 наурыздағы N 35/6-IV шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шемонаиха аудандық мәслихатының 2011.03.19 N 35/6-IV (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) шешімімен.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 422-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Қазақстан Республикасы Занының 6-бабына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Салық салу бірлігіне тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. "Боулинг (кегельбан) бойынша тіркелген жиынтық салығының ставкасы туралы" 2006 жылғы 12 мамырдағы № 25/7-ІІІ (нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-19-32 нөмірімен тіркелген, 2006 жылғы 9 шілдеде "Уба - Информ" газетінің 23 нөмірінде жарияланған); "Шемонаиха ауданы бойынша төлем ставкаларын бекіту туралы" 2007 жылғы 24 шілдедегі № 35/6-ІІІ (нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-19-58 нөмірімен тіркелген, 2007 жылғы 24 тамызда "Уба-Информ" газетінің 34 нөмірінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

Сессия төрағасы

Е. АЙТМҰХАМЕД

Шемонаиха аудандық



мәслихатының хатшысы

Ә. БАЯНДИНОВ

   


Шемонаиха аудандық мәслихатының
2009 жылғы 13 ақпандағы
№ 16/3 -ІҮ шешiмiне
қосымша

Шемонаиха ауданы бойынша айына салық салу бірлігіне
тіркелген салықтың ставкасы

Рет

 

Салық салу объектісінің
атауы
 

Тіркелген салықтың ставка
мөлшері (айлық есептік
көрсеткіш)
 

1
 

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
 

1
 

2
 

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
 

1
 

3
 

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер
 

1
 

4
 

Ойын жолы
 

10
 

5
 

Бильярд үстелі
 

3
 

   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады