Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 23.01.2013 № 10-3 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі)
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 7 баптарына және Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодексінің 381 бабына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Орал қалалық мәслихатының "Орал қаласында біржолғы талондардың құнын және жекелеген салық төлем ставкаларын белгілеу туралы" 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 13-15 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-126 тіркелген, 2009 жылғы 29 қаңтардағы "Жайық үні" газетінде және 2009 жылғы 29 қаңтардағы, 2009 жылғы 5 ақпандағы, 2009 жылғы 12 ақпандағы "Пульс города" газетінде жарияланған), Орал қалалық мәслихатының 2009 жылғы 6 наурыздағы № 14-3 "Орал қалалық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 13-15 "Орал қаласында біржолғы талондардың құнын және жекелеген салық төлем ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-130 тіркелген, 2009 жылғы 12 наурыздағы "Жайық үні" газетінде № 11 және 2009 жылғы 12 наурыздағы "Пульс города" газетінде № 11 жарияланған) шешімімен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, келесі өзгерістер енгізілсін:
1) шешімнің 4 қосымшасының 2 тармағындағы "7,24 теңге мөлшерінде" сөздер "7,2375 теңге мөлшерінде" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Орал қалалық мәслихатының
кезекті 19-шы сессиясының төрағасы
Орал қалалық мәслихаты
хатшысының міндетін атқарушы