Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 23.01.2013 № 10-3 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 7 баптарына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Орал қалалық мәслихатының "Орал қаласында біржолғы талондардың құнын және жекелеген салық төлем ставкаларын белгілеу туралы" 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 13-15 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-126 тіркелген, 2009 жылғы 29 қаңтардағы "Жайық үні" газетінде және 2009 жылғы 29 қаңтардағы, 2009 жылғы 5 ақпандағы, 2009 жылғы 12 ақпандағы "Пульс города" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 қосымшадағы барлық тармақтардан "бейнекассеталарды" деген сөздері алынып тасталсын.
2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Орал қалалық мәслихатының кезектен
тыс 14-сессиясының төрағасы
Орал қалалық мәслихатының хатшысы