Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихаттың 2010.03.12 N 27-12 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 7-баптарына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Орал қалалық мәслихатының "Орал қаласында нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен мөлшері туралы Қағиданы" бекіту туралы" 2007 жылғы 5 сәуірдегі N 43-6 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-1-67 нөмермен тіркелген, 2007 жылғы 3 мамырдағы "Жайық үні" газетінде және 2007 жылғы 17 мамырдағы "Пульс города" газетінде жарияланған), Орал қалалық мәслихатының 2007 жылғы 16 шілдедегі N 47-9 "Орал қалалық мәслихатының "2007 жылғы 5 сәуірдегі N 43-6 "Орал қаласында нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен мөлшері туралы Қағиданы" бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-1-73 тіркелген, 2007 жылғы 13 желтоқсандағы "Жайық үні" газетінде N 50 және 2007 жылғы 13 желтоқсандағы "Пульс города" газетінде N 50 жарияланған) шешімімен, Орал қалалық мәслихатының 2008 жылғы 2 шілдедегі N 9-15 "Орал қалалық мәслихатының "2007 жылғы 5 сәуірдегі N 43-6 "Орал қаласында нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен мөлшері туралы Қағиданы" бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-1-107 тіркелген, 2008 жылғы 24 шілдедегі "Жайық үні" газетінде N 30 және 2008 жылғы 31 шілдедегі "Пульс города" газетінде N 31 жарияланған) шешімімен, Орал қалалық мәслихатының 2008 жылғы 29 қыркүйектегі N 11-19 "Орал қалалық мәслихатының "2007 жылғы 5 сәуірдегі N 43-6 "Орал қаласында нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен мөлшері туралы Қағиданы" бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-1-115 тіркелген, 2008 жылғы 9 қазандағы "Жайық үні" газетінде N 41 және 2008 жылғы 9 қазандағы "Пульс города" газетінде N 41 жарияланған) шешімімен, Орал қалалық мәслихатының 2009 жылғы 31 наурыздағы N 15-11 "Орал қалалық мәслихатының "2007 жылғы 5 сәуірдегі N 43-6 "Орал қаласында нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен мөлшері туралы Қағиданы" бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-1-137 тіркелген, 2009 жылғы 7 мамырдағы "Жайық үні" газетінде N 19 және 2009 жылғы 7 мамырдағы "Пульс города" газетінде N 19 жарияланған) шешімімен енгізілген толықтырулар мен өзгерістерді ескере отырып, келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасының 3 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Тұрғын үйдi күтiп ұстау және коммуналдық қызметтi пайдалану ақысын төлеудің шектi шығын көлемi отбасының жиынтық табысынан 20%, ал жалғызбасты және ерлi-зайыпты жұптар, зейнеткерлер, мүгедектер үшін ауыру себебіне қарамастан және оларды күтетiн азаматтарға, тұл жетiм балалар, ата-анасыз қалған балалармен бiрге тұратын қамқоршылар күндiз оқу нысанындағы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жүйеде, жоғары білім беру жүйесінде оқу орнын бітіргенге дейін, бірақ жиырма үш жастан аспайтын шекте, кәмелетке толмаған балалармен бiрге тұратын немесе үш жасқа толмаған баланы тәрбиелеп отырған баласымен бiрге тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы, жасы жиырма үш жастан аспайтын күндiз оқу нысанындағы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жүйеде, жоғары білім беру жүйесінде оқитын тұлғалармен бірге тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы, жасы 50-ден асқан жұмыссыз әйелдер, жасы 55-тен асқан жұмыссыз ерлер үшін 10% көлемiнде белгіленеді.";
шешімнің 23 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қалалық қаржы бөлімі жылына кемiнде бір рет алғашқы құжаттар бойынша тұрғын үй көмегіне бюджеттiк қаржының жұмсалуының дұрыстығын тексеруге және оны өткізудің нәтижелері туралы қалалық мәслихатқа хабарлауы қажет.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 қазаннан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Орал қалалық мәслихатының
кезекті 21-ші сессиясының төрағасы
Орал қалалық мәслихатының хатшысы