Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихаттың 2010.03.12 N 27-12 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 36-бабының 3-тармағы, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 10-бабы, Қазақстан Республикасының "Бір мемлекеттің басқа мемлекеттің аумағында тұрақты тұратын азаматтардың құқықтық мәртебесі туралы шартты бекіту туралы" 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 20-II Заңының 4-бабы және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6, 7-баптарына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Орал қалалық мәслихатының 2007 жылғы 5 сәуірдегі N 43-6 (2007 жылғы 24 сәуірдегі тіркеу N 7-1-67, "Жайық үні" газетінде 2007 жылғы 3 мамырда, "Пульс города" газетінде 2007 жылғы 17 мамырда жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
1) "4-тармағынан басқа" сөздерінен кейін шешімнің 3-тармағы "Орал қаласында нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен мөлшері туралы Ережесінің" N 1 қосымшасының" сөздерімен толықтырылсын, әрі қарай шешімнің мәтіні бойынша.
2) "Орал қаласында нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен мөлшері туралы Ережесінің" N 1 қосымшасының 2-тармағы "Қазақстан Республикасының азаматтарына" сөздерінен кейін "және бір мемлекеттің азаматтарының құқықтық мәртебесі туралы шартына қосылған, басқа мемлекеттің аумағында тұрақты тұратын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекет азаматтарына" сөздермен толықтырылсын (Мәскеу, 1998 жылғы 28 сәуір), әрі қарай ереженің мәтіні бойынша.
Орал қалалық мәслихатының кезекті
47-сессиясының төрағасы
Орал қалалық мәслихатының хатшысы