Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және тарату қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйекте N 220 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 7 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6523 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 118 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 № 118 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 26) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қосымша беріліп отырған Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және тарату қағидасы бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін бөлу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төраға міндетін атқарушының 2005 жылғы 5 сәуірдегі № 88-б бұйрығы (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3652 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2005 жыл 27 қыркүйек № 113 болып жарияланған);
      2) «Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін бөлу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төраға міндетін атқарушының 2005 жылғы 5 сәуірдегі № 88-б бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2010 жылғы 1 ақпандағы № 30 бұйрығы (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6057 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2010 жыл 12 наурыз № 37 (1659) болып жарияланған).
      3. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті(Қ.Б. Елеусізова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін, оның ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      6. Осы бұйрық қолданысқа енгізілген кезеңге дейін тіркелген домендік атаулар қайта тіркеуге жатпайды және оларды тіркеу мерзімі өткенге дейін қолданылады, домендік атауларды тіркеуді одан әрі ұзарту қосымша беріліп отырған Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және тарату қағидасына сәйкес жүргізіледі.

      Министр                                   А. Жұмағалиев

Қазақстан Республикасы
Байланыс және ақпарат
министрінің     
2010 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 220 бұйрығымен    
бекітілген      

Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және тарату қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және тарату қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленген.
      2. Осы Қағида Интернет желісі қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және тарату тәртібін анықтайды, сонымен қатар жоғары деңгейлі қазақстандық домендік атауында домендік атауды және барлық кіші домендерді бөлу туралы барлық сұраныстарға таратылады.
      3. Осы Қағидада мынадай негізгі терминдер мен түсініктемелер пайдаланылады:
      1) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – ақпараттандыру және «электрондық үкiмет» саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      2) бірінші деңгейлі домендік атау (жоғары деңгейлі) – домендік кеңістік иерархиясында түпкілікті домендік атаудан бір саты төмен орналасқан және түпкілікті домендік атаудың (RFC 882) тікелей тура кіші домені болып табылатын домендік атау;
      3) домендік атау – Интернет желісіндегі адресаттың ережелеріне сәйкес қалыптастырылған, желінің объектісіне атаулы жолданымға арналған және белгілі бір желілік мекен-жайға сәйкес нышандық (әріптік-цифрлы) белгі;
      4) домендік атау трансфері – тіркелушінің тіркеушіні ауыстыру процедурасы;
      5) домендік атау туралы мәліметтерді өзгерту – тізілімдегі тіркелушінің ауысуынан басқа домендік атау туралы кез келген мәліметтерді өзгерту процедурасы;
      6) домендік атауды тапсыру – домендік атауды тіркелушінің ауысу процедурасы;
      7) домендік атауды тіркеу – тіркелушінің өтініміне сәйкес тіркеушінің тіркелетін домендік атау туралы мәліметтерді тізілімге қосуы және тіркелушіге домендік атау туралы мәліметтерді басқаруға уәкілеттік беру;
      8) домендік атауды ұсыну – домендік атаудың жұмыс қабілетін домендік атаулар жүйесіне (DNS) ол туралы мәліметтерді беру арқылы жүзеге асыру. Ұсынудың шарты тізілімде кемінде екі DNS-сервер туралы мәліметтердің бар болуы болып табылады;
      9) домендік атаулар жүйесі (Domain Name System – DNS) – домендік атаулар туралы ақпарат алу үшін таратылған деректер қоры. IP адрестер мен домендік атаулардың сәйкестігі туралы ақпараттан тұрады және RFC-1034, RFC-1035 сәйкес жұмыс істейді;
      10) домендік кеңістік – домендік атаулардың құрылымдалған иерархиясы;
      11) екінші деңгейлі домендік атау – домендік кеңістік иерархиясында бірінші деңгейлі домендік атаудан бір саты төмен орналасқан және бірінші деңгейлі домендік атаудың (RFC 882) тікелей (тура) кіші домені болып табылатын домендік атау;
      12) жоғары деңгейлі қазақстандық домендік атау – Қазақстан Республикасы мүдделері үшін пайдалануға ICANN (Internet Corporation for Assigned Names and Numbers) халықаралық ұйымымен бөлінген бірінші деңгейлі домендік атау;
      13) жоғары деңгейлі қазақстандық домендік атаудың әкімшісі – жоғары деңгейлі қазақстандық домендік атауының тұрақты жұмысын қолдайтын басқарушы және қаржыландыратын ұйым ретіндегі уәкілетті органның өтініші бойынша ICANN (Internet Corporation for Assigned Names and Numbers) халықаралық ұйымымен аккредиттелген, коммерциялық емес қоғамдық ұйым;
      14) қазақстандық Интернет желісі сегменті – жоғары деңгейлі қазақстандық домендік атауларын пайдаланатын және Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің жиынтығы;
      15) өтінім – өтініш берушінің тіркеушіге тіркеу (тіркеу мерзімін ұзарту), бұған дейін хабарланған мәліметтерді тапсыру, трансфер немесе домендік атаудың қолданыстағы тіркеуін жою үшін міндетті барлық мәліметтерден тұратын өтініші;
      16) түпкілікті домендік атау – домендік кеңістік иерархиясының басы. Түпкілікті домендік атау нүктемен «.» (RFC-882) белгілейді;
      17) тіркелуші – тіркеушіге домендік атауды тіркеу үшін өтінім мен міндетті құжаттарды (ұзарту, өзгерту, тапсыру, трансфер, жою) жолдаған және тіркеу кезеңінде оның меншік иесі болып табылатын, тіркелген домендік атау туралы мәліметтерді басқару бойынша құқықтар мен міндеттерге ие жеке немесе заңды тұлға;
      18) тізілім – құрамында тіркелушілердің өтінімдеріне сәйкес барлық міндетті мәліметтер бар, жоғары деңгейлі қазақстандық домендік атауларда тіркелген барлық домендік атаулардың деректер қорының орталықтандырылған жиынтығы;
      19) тізілімді жүргізу – домендік атаулар тізілімінің қызметін қамтамасыз ету, тіркеушілердің тізілімге өзгерістер енгізу мүмкіндіктері, домендік атауларды ұсыну, WHOIS-сервер арқылы тіркелген домендік атаулар туралы барлық ағымдық мәліметтерді ұсыну;
      20) тіркеу орны – жоғары деңгейлі қазақстандық домендік атау әкімшісі уәкілетті органның және ICANN (Internet Corporation for Assigned Names and Numbers) халықаралық ұйымының келісімі бойынша белгілейтін, Интернет желісінде жоғары деңгейлі қазақстандық домендік атаулардың тізілімін жүргізуді жүзеге асыратын ұйым;
      21) тіркеуді бұзу – тізілімнен домендік атау туралы ақпаратты толығымен алып тастау;
      22) тіркеуді тоқтату – домендік атаудың жұмыс қабілетін тізілімнен домендік атау туралы ақпаратты алып тастамай уақытша тоқтата тұру (ұсынуды тоқтата тұру);
      23) тіркеуді ұзарту – домендік атауды тіркеу әрекеттерінің мерзімін кезекті мерзімге ұзарту;
      24) тіркеуші – тіркелушілерге домендік атауды тіркеу бойынша қызметтер көрсететін, тіркеу орны мен тіркеуші арасында жасалған келісімге (шартқа) сәйкес ақпаратты тізілімге енгізуді қамтамасыз ететін және тіркелушінің тіркеу орнында домендік атауды басқару жөніндегі құқықтарын іске асыратын жоғары деңгейлі қазақстандық домендік атау әкімшісімен аккредиттелген Қазақстан Республикасының резиденті, заңды тұлға;
      25) үшінші деңгейлі домендік атау – домендік кеңістік иерархиясында екінші деңгейлі домендік атаудан бір саты төмен орналасқан және екінші деңгейлі домендік атаудың (RFC 882) тікелей (тура) кіші домені болып табылатын домендік атау;
      26) DNS–сервері – RFC-1032, RFC-1034, RFC-1035, RFC-1122, RFC-1133, RFC-1591 сәйкес жұмыс істейтін домендік атаулар жүйесіне (Domain Name System) қызмет көрсетуге арналған мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету (бұдан әрі - БҚ), сондай-ақ БҚ орындалатын құрал-жабдық;
      27) RFC құжаты – Интернет желісі жұмысының техникалық және ұйымдастырушылық жұмысын анықтайтын және Internet Engineering Task Force (IETF) және Internet Engineering Steering Group (IESG) қоғамдық ұйымдарымен қабылданатын стандарт;
      28) WHOIS-сервер – RFC-3912 сәйкес жұмыс істейтін, тіркелген домендік атаулар туралы мәліметтер алуға арналған мамандандырылған БҚ, сондай-ақ БҚ орындалатын құрал-жабдық.

2. Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу тәртібі

      4. Домендік атауды тіркеу үшін тіркелуші осы Қағиданың қосымшасына сәйкес электронды немесе жазбаша түрде шынайы және толық ақпаратты өтінім береді. Серверлік жабдыққа қойылатын талап оның физикалық орналасқан жері Қазақстан Республикасының аумағы болуы болып табылады. Тіркелушілердің барлық өтінімдері тіркеу орны немесе тіркеушіге түсу тәртібі бойынша қаралады.
      5. Тіркеушінің интернет-ресурсында жарияланған, тіркеушімен жасалған, домендік атауды тіркеу бойынша қызмет көрсетудің толық шарттарын қамтитын домендік атауды тіркеу туралы келісімнің мәтініне тіркелуші өзінің келісуін өтінім мәтінінде растайды.
      6. Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және тарату қағидасының 4-тармақ, 8-тармақтың 6) тармақшасының және 9-тармақтың 3) тармақшасының іс-қимылдары осы бұйрық қолданысқа енгізілгенге дейін тіркелген домендік атауларға таралмайды. Жаңа домендік атауларды тіркеу қосымша беріліп отырған Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және тарату қағидасына сәйкес жүргізіледі.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Байланыс және ақпарат министрінің 2011.10.21 № 319 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығы.
      7. Домендік атау тізілімге ол туралы ақпарат енгізілген кезден бастап тіркелді деп есептеледі.
      8. Домендік атауды тіркеуден мынадай жағдайларда бас тартылады:
      1) егер тіркелушінің тіркеуге берілген өтініміндегі мәліметтері толық емес және/немесе дәйексіз болып табылса;
      2) егер өтінім берілген домендік атау өтінім беру уақытында бұған дейін тіркелген болса;
      3) RFC-1032, RFC-1034, RFC-1035, RFC-1122, RFC-1133, RFC-1591 Интернет стандарттарының сұрауларына сәйкес болмаса;
      4) домендік атау осы Қағиданың 18 тармағында көрсетілген резервке сақталған домендік атаулар тізбесінде бар болған жағдайда;
      5) домендік атауды пайдалануға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар болса;
      6) өтініш берген домендік атауды қолданатын интернет-ресурстың серверлік жабдығы Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан болса.
      Осы тармағында қарастырылған жағдайларда, тіркеуші тіркелушіге 10 күнтізбелік күн мерзім ішінде домендік атауды тіркеуден бас тартудың себептері мен дәлелдері баяндалған хабарлама жібереді.
      9. Тіркеу орны немесе тіркеуші домендік атауды тіркеуді мынадай жағдайларда тоқтата тұрады:
      1) өтінімдегі домендік атау туралы мәліметтер толық емес немесе дәйексіз екендігі анықталғанда;
      2) домендік атаудың тіркеуді тоқтату туралы тіркелушінің өтінішінің болуы;
      3) тіркелген домендік атауды қолданатын интернет-ресурстың серверлік жабдығы Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан болса;
      4) заңды күшіне енген сот шешімінің болуы.
      Осы тармағында қарастырылған жағдайларда, заңды күшіне енген сот шешімімен үлкен мерзім белгіленбеген болса, тіркеуші аталған доменді тіркеуді кемінде 10 күнтізбелік күн мерзімге тоқтата тұру туралы хабарлама жолдаумен тоқтатады. Аталған мерзім өткеннен соң тіркелуші қосымша мәліметтер ұсынады немесе тоқтата тұрудың болған себептерін жояды.
      10. Тоқтата тұру себептері жойылған жағдайда немесе тіркеуді жаңғырту туралы заңды күшіне енген сот шешімі бойынша домендік атауды тіркеуді жаңғырту жүргізіледі.
      11. Домендік атауды тіркеуді жою мынадай жағдайларда жүргізіледі:
      1) домендік атауды тіркеуін тоқтату жүргізілген себептерін жоймау;
      2) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша.
      Осы тармағында қарастырылған жағдайларда, тіркеуші тізілімге тиісті мәліметтерді енгізе және тіркелушіні ескерте отырып, шұғыл түрде тіркеуді жояды.
      12. Домендік атауды пайдалану «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына және осы Қағидаға сәйкес тіркелушімен жүзеге асырылады.
      13. Домендік атауларды пайдалану туралы барлық тіркелушілер мен үшінші жақтың арасындағы домендік атаудың тіркелуіне қатысты даулар сот тәртібімен шешіледі.
      14. Домендік атауларды пайдалану кезінде ықтимал бұзушылықтарды болдырмау мақсатында тіркелуші Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қайшы келетін ақпараттар, оның ішінде Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты насихаттау және үгіттеу, экстремизм немесе терроризмді насихаттау немесе үгіттеу, сондай-ақ есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық басымдықты насихаттау, сондай-ақ, қатыгездiк пен зорлық-зомбылықты насихаттауға бағытталған ақпараттарды құрайтын ресурстарды құру үшін домендік атауды пайдаланбау.
      15. Тіркеу жүйесін тарату негізінде үш деңгейлі өзара қарым-қатынас үлгісі жатады:
      жоғары деңгейлі қазақстандық домендік атау әкімшісі, тіркеу орын;
      тіркеуші;
      тіркелуші.
      16. Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тарату кезінде жоғары деңгейлі қазақстандық домендік атау әкімшісі өзара қарым-қатынас жасайды:
      1) жоғары деңгейлі қазақстандық домендік атауын әкімшілендіру және дамыту мәселелері бойынша уәкілетті органмен;
      2) жоғары деңгейлі қазақстандық домендік атауын әкімшілендіру мәселелері бойынша ICANN (Internet Corporation for Assigned Names and Numbers) халықаралық ұйымымен;
      3) жоғары деңгейлі қазақстандық домендік атаудағы домендік атауларға қатысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен (оның ішінде құқық қорғау және сот);
      4) жоғары деңгейлі қазақстандық домендік атауын әкімшілендіру мен дамыту мәселелері бойынша тіркеу орнымен, оның жұмысын бақылайды және тіркеушілерді аккредиттейді.
      17. Жоғары деңгейлі қазақстандық домендік атау әкімшісі Интернет желісінің қазақстандық сегментінің әкімшілігінің қызметін тіркеу орнына және тіркеушіге бермейді.
      18. Белгілі бір арналуы бар, резервке сақталған домендік атауларына мыналар кіреді:
      1) COM.KZ – коммерциялық ұйымдар үшін үшінші деңгейлі домендік атауларды тіркеуге арналған;
      2) EDU.KZ – білім қызметіне лицензиясы бар Қазақстан Республикасы резиденттерінің ұйымдары үшін үшінші деңгейлі домендік атауларды тіркеуге арналған;
      3) GOV.KZ – Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары үшін үшінші деңгейлі домендік атауларды тіркеуге арналған;
      4) MIL.KZ – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің органдары үшін үшінші деңгейлі домендік атауларды тіркеуге арналған;
      5) NET.KZ – уәкілетті органның тиісті лицензиялары бар деректерді беру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар үшін үшінші деңгейлі домендік атауларды тіркеуге арналған;
      6) ORG.KZ – коммерциялық емес ұйымдар мен жобалар үшін үшінші деңгейлі домендік атауларды тіркеуге арналған.
      Белгілі бір арналуы бар, резервке сақталған домендік атаулары уәкілетті органның келісімі бойынша жоғары деңгейлі қазақстандық домендік атау әкімшісімен анықталады. Бұл ақпарат көпшілікке арналған және тіркеу орнының интернет-ресурсында орналасады.
      19. Тіркеу орны және тіркеушілер Интернет желісінің қазақстандық сегментінде тіркелушілерге домендік атауларды таратады.
      20. Резервке сақталған домендік атаулардан басқа екінші деңгейлі және үшінші деңгейлі домендік атауларды тарату домендік атауларды тіркеу тәртібі бойынша жүзеге асырылады.

Интернет желісінің қазақстандық
сегментінің домендік кеңістігін
тіркеу, пайдалану және тарату 
Қағидасына қосымша      

Нысан

Тіркеушіге
(Тіркеушінің аты)

Тіркелушінің өтінімі

      1. *домендік атаудың аты;
      2. *домендік атауды тіркеу кезеңі;
      3. *төрт байланыс туралы мәліметтер:
      1) *тіркелуші;
      2) әкімшілік байланыс;
      3) техникалық байланыс;
      4) қаржылық байланыс;
      4. *әрбір байланыс келесі мәліметтерден тұруы қажет:
      1) *байланыс тұлғасының Т.А.Ә. (егер байланыс жеке тұлға болса);
      2) *ұйымның аты (егер байланыс заңды тұлға болса);
      3) *пошталық мекенжай;
      4) *қала;
      5) *облыс;
      6) *пошталық индекс;
      7) *елдің 2 әріптік коды;
      8) *телефон;
      9) факс;
      10) *электрондық пошта мекенжайы;
      5. *DNS-серверлер туралы мәліметтер:
      1) *алғашқы DNS-сервердің желілік мекенжайы;
      2) *бірінші DNS-сервердің желілік мекенжайы;
      3) қосымша DNS-серверлердің мекенжайы.
      6. *өтініш берген домендік атауды қолданатын интернет-ресурстың серверлік жабдығының орналасқан жері:
      1) *пошталық мекенжай;
      2) *қала;
      3) *облыс.
      Осымен  тіркеушінің интернет-ресурсында жарияланған, домендік атауды тіркеу бойынша қызмет көрсетудің толық шарттарын қамтитын домендік атауды тіркеу туралы келісімнің мәтініне өз келісімімді растаймын.

      Ескертпе:

      Тіркелуші мәліметтерді тіркеушіге ұсынады және бүкіл тіркеу мерзімі бойы тіркелімде сақталады.
      Жұлдызшамен белгіленген тармақтар міндетті болып табылады.
      Барлық мәліметтер латын транскрипциясында беріледі.
      Техникалық және қаржылық байланыстар туралы деректер жоқ болса, олардың қызметін автоматты түрде әкімшілік байланыс орындайды.
      Әкімшілік байланыс туралы деректер жоқ болса, оның қызметін автоматты түрде тіркелуші орындайды.
      Серверлік жабдыққа қойылатын талап оның физикалық орналасқан жері Қазақстан Республикасының аумағы болуы болып табылады.

Об утверждении Правил регистрации, пользования и распределения доменного пространства казахстанского сегмента сети Интернет

Приказ Министра связи и информации Республики Казахстан от 7 сентября 2010 года № 220. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 7 октября 2010 года № 6523. Утратил силу приказом и.о. Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 118

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра по инвестициям и развитию РК от 28.01.2016 № 118 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие приказа см. п. 5.

      В соответствии с подпунктом 26) статьи 6 Закона Республики Казахстан от 11 января 2007 года "Об информатизации", ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила регистрации, пользования и распределения доменного пространства казахстанского сегмента сети Интернет.
      2. Признать утратившими силу:
      1) приказ и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи от 5 апреля 2005 года № 88-б "Об утверждении Правил распределения доменного пространства казахстанского сегмента сети Интернет" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3652, опубликованный в газете "Юридическая газета", 20 сентября 2005 г., № 172);
      2) приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи от 1 февраля 2010 года № 30 "О внесении изменений и дополнений в приказ и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи от 5 апреля 2005 года № 88-б "Об утверждении Правил распределения доменного пространства казахстанского сегмента сети Интернет" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6057, опубликованный в газете "Юридическая газета", 12 марта 2010 г., № 37 (1833)).
      3. Департаменту государственной политики в области информационных технологий Министерства связи и информации Республики Казахстан (Елеусизовой К.Б.) в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан его официальное опубликование и размещение на интернет-ресурсе Министерства связи и информации Республики Казахстан.
      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра связи и информации Республики Казахстан Сарсенова С.С.
      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.
      6. Действия пункта 4, подпункта 6) пункта 8 и подпункта 3) пункта 9 Правил регистрации, пользования и распределения доменного пространства казахстанского сегмента сети Интернет не распространяются на доменные имена, зарегистрированные до введения в действие настоящего приказа. Регистрация новых доменных имен осуществляется в соответствии с прилагаемыми Правилами регистрации, пользования и распределения доменного пространства казахстанского сегмента сети Интернет.
      Сноска. Пункт 6 в редакции приказа Министра связи и информации РК от 21.10.2011 № 319 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования).

      Министр                                    А. Жумагалиев

Утверждены          
приказом Министра      
связи и информации      
Республики Казахстан    
от 7 сентября 2010 года № 220

Правила регистрации, пользования и распределения доменного
пространства казахстанского сегмента сети Интернет

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила регистрации, пользования и распределения доменного пространства казахстанского сегмента сети Интернет (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 11 января 2007 года "Об информатизации".
      2. Настоящие Правила определяют порядок регистрации, пользования и распределения доменного пространства казахстанского сегмента сети Интернет, а также распространяются на все запросы о выделении доменного имени в казахстанском доменном имени верхнего уровня и всех поддоменов.
      3. В настоящих Правилах используются следующие основные термины и понятия:
      1) уполномоченный орган в сфере информатизации (далее – уполномоченный орган) – государственный орган, осуществляющий руководство в сфере информатизации и "электронного правительства";
      2) доменное имя первого уровня (верхнего уровня) – доменное имя, находящееся в иерархии доменного пространства на ступень ниже корневого доменного имени и являющееся непосредственным прямым поддоменом корневого доменного имени (RFC-882);
      3) доменное имя - символьное (буквенно-цифровое) обозначение, сформированное в соответствии с правилами адресации сети Интернет, предназначенное для поименованного обращения к объекту сети и соответствующее определенному сетевому адресу;
      4) трансфер доменного имени - процедура смены регистрантом регистратора;
      5) изменение сведений о доменном имени - процедура изменения любых сведений о доменном имени в реестре за исключением смены регистранта;
      6) передача доменного имени - процедура смены регистранта доменного имени;
      7) регистрация доменного имени - включение регистратором сведений о регистрируемом доменном имени в реестр согласно заявке регистранта и предоставление регистранту полномочий по управлению сведениями о доменном имени;
      8) делегирование доменного имени - осуществление работоспособности доменного имени посредством передачи данных о нем в систему доменных имен (DNS). Условием делегирования является наличие в реестре сведений о не менее двух DNS-серверах;
      9) система доменных имен (Domain Name System – DNS) - распределенная база данных для получения информации о доменных именах. Содержит информацию о соответствии доменных имен и IP адресов и работает в соответствии с RFC-1034, RFC-1035;
      10) доменное пространство - структурированная иерархия доменных имен;
      11) доменное имя второго уровня – доменное имя, находящееся в иерархии доменного пространства на ступень ниже домена первого уровня и являющийся непосредственным (прямым) поддоменом доменного имени первого уровня (RFC-882);
      12) казахстанское доменное имя верхнего уровня - доменное имя первого уровня, выделенное международной организацией ICANN (Internet Corporation for Assigned Names and Numbers) для использования в интересах Республики Казахстан;
      13) администратор казахстанского доменного имени верхнего уровня – некоммерческая общественная организация, аккредитованная международной организацией ICANN (Internet Corporation for Assigned Names and Numbers) по ходатайству уполномоченного органа как управляющая и финансирующая организация, поддерживающая стабильную работу казахстанского доменного имени верхнего уровня;
      14) казахстанский сегмент сети Интернет – совокупность информационных ресурсов и информационных систем, размещенных на территории Республики Казахстан и использующих казахстанские доменные имена верхнего уровня;
      15) заявка - обращение регистранта к регистратору, содержащее все обязательные сведения для регистрации (продление срока действия регистрации), изменения ранее сообщенных сведений, передачи, трансфера либо отмены существующей регистрации доменного имени;
      16) корневое доменное имя - это верх иерархии доменного пространства. Корневое доменное имя также обозначают точкой "." (RFC-882);
      17) регистрант - физическое или юридическое лицо, направившее регистратору заявку и обязательные для регистрации (продления, изменения, передачи, трансфера, отмены) доменного имени документы и являющееся его владельцем на период регистрации, обладающее правами и обязанностями по управлению сведениями о зарегистрированном доменном имени;
      18) реестр - централизованная совокупность баз данных всех зарегистрированных доменных имен в казахстанском доменном имени верхнего уровня, содержащая все обязательные сведения согласно заявкам регистрантов;
      19) ведение реестра - обеспечение функционирования реестра доменных имен, возможности внесения регистраторами изменений в реестр, делегирование доменных имен и предоставление всех текущих сведений о зарегистрированных доменных именах через WHOIS-сервер;
      20) регистратура - организация, определяемая администратором казахстанского доменного имени верхнего уровня по согласованию с уполномоченным органом и международной организацией ICANN (Internet Corporation for Assigned Names and Numbers), осуществляющая ведение реестра казахстанских доменных имен верхнего уровня в сети Интернет;
      21) отмена регистрации – полное исключение информации о доменном имени из реестра;
      22) приостановление регистрации - временная приостановка работоспособности доменного имени (приостановка делегирования) без исключения информации о доменном имени из реестра;
      23) продление регистрации - продление срока действия регистрации доменного имени на очередной период;
      24) регистратор - юридическое лицо, резидент Республики Казахстан, аккредитованное администратором казахстанского доменного имени верхнего уровня, оказывающее услуги регистрантам по регистрации доменного имени, обеспечивающее внесение в реестр информации в соответствии с соглашением (договором), заключенным между регистратурой и регистратором и реализующее права регистранта по управлению доменным именем в регистратуре;
      25) доменное имя третьего уровня – доменное имя, находящееся в иерархии доменного пространства на ступень ниже доменного имени второго уровня и являющееся непосредственным (прямым) поддоменом доменного имени второго уровня (RFC-882);
      26) DNS-сервер - специализированное программное обеспечение (далее - ПО) для обслуживания системы доменных имен (DNS), работающее в соответствии с RFC-1032, RFC-1034, RFC-1035, RFC-1122, RFC-1133, RFC-1591, а также оборудование, на котором ПО выполняется;
      27) документ RFC - стандарт, определяющий технические и организационные моменты функционирования сети Интернет и принимаемый общественными организациями Internet Engineering Task Force (IETF) и Internet Engineering Steering Group (IESG);
      28) WHOIS-сервер - специализированное ПО, предназначенное для получения сведений о зарегистрированных доменных именах, работающее в соответствии с RFC-3912, а также оборудование, на котором ПО выполняется.

2. Порядок регистрации, пользования и распределения доменного
пространства казахстанского сегмента сети Интернет

      4. Для регистрации доменного имени, регистрант предоставляет заявку с достоверной и полной информацией в электронной или письменной форме согласно приложению к настоящим Правилам. Требованием к серверному оборудованию является его физическое место нахождения на территории Республики Казахстан. Все заявки регистрантов рассматриваются в порядке их поступления в регистратуру или регистратору.
      5. Регистрант в тексте заявки подтверждает свое согласие с текстом соглашения о регистрации доменного имени, разработанное регистратором, содержащее подробные условия оказания услуг по регистрации доменного имени и опубликованное на интернет-ресурсе регистратора.
      6. Регистратор рассматривает заявку регистранта на регистрацию доменного имени в течение 10 календарных дней со дня ее получения и заключает с регистрантом соглашение о регистрации доменного имени, содержащее подробные условия оказания услуг по регистрации доменного имени. Соглашение о регистрации доменных имен размещается на интернет-ресурсе регистратора.
      7. Доменное имя считается зарегистрированным с момента внесения в реестр информации о нем.
      8. В регистрации доменного имени отказывается в случаях:
      1) если сведения, поданные регистрантом в заявке на регистрацию, являются неполными и/или недостоверными;
      2) если заявленное доменное имя к моменту подачи заявки уже зарегистрировано;
      3) несоответствия запроса стандартам Интернет: RFC-1032, RFC-1034, RFC-1035, RFC-1122, RFC-1133, RFC-1591;
      4) наличия доменного имени в перечне зарезервированных доменных имен, указанных в пункте 18 настоящих Правил;
      5) наличия вступившего в законную силу решения суда о запрете на использование доменного имени;
      6) нахождения серверного оборудования, на котором будет использоваться интернет-ресурс с заявляемым доменным именем, за пределами Республики Казахстан.
      В случаях, предусмотренных настоящим пунктом, регистратор направляет регистранту уведомление об отказе в регистрации доменного имени с изложением причин и мотивов отказа в течение 10 календарных дней со дня получения заявки.
      9. Регистрация доменного имени приостанавливается регистратурой или регистратором при:
      1) выявлении неполных или недостоверных сведений о доменном имени в заявке;
      2) наличии заявления регистранта о приостановлении регистрации доменного имени;
      3) нахождении серверного оборудования, на котором используется интернет-ресурс с зарегистрированным доменным именем, за пределами Республики Казахстан;
      4) наличии вступившего в законную силу решения суда.
      В случаях, предусмотренных настоящим пунктом, регистратор приостанавливает регистрацию данного доменного имени с отправлением уведомления о приостановлении на срок не более 10 календарных дней, если больший срок не установлен вступившим в законную силу решением суда. До истечения установленного срока, регистрант предоставляет дополнительные сведения или устраняет причину, по которой произведено приостановление.
      10. В случае устранения причины, по которой произведено приостановление либо по вступившему в законную силу решению суда о возобновлении регистрации, производится возобновление регистрации доменного имени.
      11. Отмена регистрации доменного имени производится в случаях:
      1) не устранения причины в установленный срок, по которой произведено приостановление регистрации доменного имени;
      2) по вступившему в законную силу решению суда.
      В случае, предусмотренном настоящим пунктом, регистратор незамедлительно производит отмену регистрации с внесением соответствующих сведений в реестр и уведомлением регистранта.
      12. Пользование доменным именем осуществляется регистрантом в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об информатизации" и настоящими Правилами.
      13. Все споры касательно пользования доменным именем между регистрантами и третьими лицами, оспаривающими регистрацию доменного имени, решаются в судебном порядке.
      14. В целях предотвращения возможных нарушений при пользовании доменным именем, регистрант не использует доменное имя для создания ресурсов, содержащих информацию, противоречащую Конституции Республики Казахстан, Гражданскому кодексу Республики Казахстан и Закону Республики Казахстан "О средствах массовой информации", включая пропаганду или агитацию насильственного изменения конституционного строя, нарушения целостности Республики Казахстан, подрыва безопасности государства, войны, пропаганду и агитацию экстремизма или терроризма, а также пропаганду наркотических средств, психотропных веществ, социального, расового, национального, религиозного, сословного и родового превосходства, а также культа жестокости и насилия.
      15. В основе распределенной системы регистрации лежит трехуровневая модель взаимоотношений:
      администратор казахстанского доменного имени верхнего уровня, регистратура;
      регистратор;
      регистрант.
      16. При распределении доменного пространства казахстанского сегмента сети Интернет администратор казахстанского доменного имени верхнего уровня взаимодействует:
      1) с уполномоченным органом по вопросам администрирования и развития казахстанского доменного имени верхнего уровня;
      2) с международной некоммерческой организацией ICANN (Internet Corporation for Assigned Names and Numbers) по вопросам администрирования казахстанского доменного имени верхнего уровня;
      3) с государственными органами (в том числе правоохранительными и судебными) Республики Казахстан по всем вопросам, касающимся доменных имен в казахстанском доменном имени верхнего уровня;
      4) с регистратурой по вопросам администрирования и развития казахстанского доменного имени верхнего уровня, контролирует ее работу и аккредитует регистраторов.
      17. Администратор казахстанского доменного имени верхнего уровня не передает функции администрирования казахстанским сегментом сети Интернет регистратору или регистратуре.
      18. Следующие зарезервированные доменные имена второго уровня распределены следующим образом:
      1) COM.KZ - предназначен для регистрации доменных имен третьего уровня для коммерческих организаций;
      2) EDU.KZ - предназначен для регистрации доменных имен третьего уровня для организаций резидентов Республики Казахстан, имеющих лицензии на образовательную деятельность;
      3) GOV.KZ - предназначен для регистрации доменных имен третьего уровня для государственных органов Республики Казахстан;
      4) MIL.KZ - предназначен для регистрации доменных имен третьего уровня для органов Министерства обороны Республики Казахстан;
      5) NET.KZ - предназначен для регистрации доменных имен третьего уровня для организаций по предоставлению услуг передачи данных, имеющих соответствующие лицензии уполномоченного органа;
      6) ORG.KZ - предназначен для регистрации доменных имен третьего уровня для некоммерческих организаций и проектов.
      Зарезервированные доменные имена, имеющие определенное предназначение, определяются администратором казахстанского доменного имени верхнего уровня по согласованию с уполномоченным органом. Эта информация является публичной и располагается на интернет-ресурсе регистратуры.
      19. Регистратура и регистраторы распределяют доменные имена в казахстанском сегменте сети Интернет регистрантам.
      20. Распределение доменных имен второго уровня и третьего уровня за исключением зарезервированных доменных имен, осуществляется по принципу регистрации доменных имен.

Приложение               
к Правилам регистрации, пользования
и распределения доменного пространства
казахстанского сегмента сети Интернет

Форма           

Регистратору           
(Наименование регистратора)           

Заявка регистранта

      1. *наименование доменного имени;
      2. *период регистрации доменного имени;
      3. *сведения о четырех контактах:
      1) *регистрант;
      2) административный контакт;
      3) технический контакт;
      4) финансовый контакт;
      4. *каждый контакт должен содержать следующие данные:
      1) *ФИО Контактного лица (в случае, если контакт является физическим лицом);
      2) *наименование организации (в случае, если контакт является юридическим лицом);
      3) *почтовый адрес;
      4) *город;
      5) *область;
      6) *почтовый индекс;
      7) *двухбуквенный код страны;
      8) *телефон;
      9) факс;
      10) *адрес электронной почты;
      5. *сведения о DNS-серверах:
      1) *адрес первичного DNS-сервера;
      2) *адрес вторичного DNS-сервера;
      3) адреса дополнительных DNS-серверов;
      6. *место нахождения серверного оборудования, на котором будет использоваться интернет-ресурс с заявляемым доменным именем:
      1) *почтовый адрес;
      2) *город;
      3) *область.

      Настоящим подтверждаю свое согласие с текстом соглашения о регистрации доменного имени, содержащее подробные условия оказания услуг по регистрации доменного имени, опубликованное на интернет-ресурсе регистратора.

      Примечание:
      Сведения предоставляются регистрантом регистратору и хранятся в реестре в течение всего срока регистрации.
      Пункты, отмеченные звездочкой, являются обязательными.
      Все сведения предоставляются в латинской транскрипции.
      В случае отсутствия сведений о техническом и финансовом контактах, их функции автоматически выполняет административный контакт.
      В случае отсутствия сведений об административном контакте, его функции автоматически выполняет регистрант.
      Требованием к серверному оборудованию является его физическое место нахождения на территории Республики Казахстан.