Ескерту. Күші жойылды (ҚР Қаржы министрінің 16.01.2013 № 19 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2013 туындалған қатынастарға таратылады) бұйрығының 37-қосымшасының 8-тармақшасын қараңыз).
РҚАО-нің ескертуі!
Бұйрықтың қолданылу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 574-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Құжаттар нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 633 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5448-мен тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 53 (1476) ресми жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
7-қосымшада:
23) тармақтағы «бюджеттік» деген сөзден кейін «.» деген белгі «;» белгімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 24)-27) тармақтармен толықтырылсын:
«24) ыдыстарда орналасқан: (меншік құқығындағы/жалдау шарты бойынша);
25) жалдау шартының нөмірі;
26) жалдау шартын жасау күні;
27) жалдау шартының қолданыс мерзімі.»;
ескерту:
бірінші абзацтағы «13» және «23» деген сандар «13)» және «27)» деген сандармен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «2),» деген сан алынып тасталсын;
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық кодексінің 279-бабының 6) тармақшасында көрсетілген этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізу, темекі бұйымдарын өндіру және (немесе) көтерме саудада өткізу, акциздік тауарларды өндіру, жинау (құрамдау) бойынша тіркеу карточкасын берген кезде 8)-10), 14), 16)-21), 24) тармақтар толтырылмайды.».
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңмен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және 2010 жылғы 1 шілдеден бастап туындайтын қатынастарға таратылады.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі Б. Жәмішев