"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі заңының 8-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу ережесі бекітілсін.
2. Дамыту стратегиясы департаменті (С.М. Өмірбаев):
1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. "Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 659 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 17 қаңтардағы № 5096 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдары актілерінің 2008 жылғы 28 мамырдағы № 5 жинағында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н. Сарыбековке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Б. Жұмағұлов |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 468 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу қағидасы
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 29.11.2022 № 481 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу қағидасы Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Білім туралы", "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы", "Босқындар туралы", "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың меншік түріне қарамастан мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу тәртібін реттейді.
2. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасында уақытша тұратын тұлғалардың (босқындар, пана іздеген адамдар, консулдық лауазымды тұлғалар, дипломатиялық мекемелердің қызметкерлері, Қазақстан Республикасында көші-қон заңнамасына сәйкес жұмыс істейтін еңбек мигранттары) балалары мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу үшін білім беру ұйымдарына қабылданады және Қазақстан азаматтарымен бірдей құқықтарға ие.
2-тарау. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасына келгендердің мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу тәртібі
3. 16 жасқа дейінгі балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар өз баласын білім беру ұйымдарын анықтау барысында облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) білім басқармаларына өтініш жасайды және Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға құқық берілген құжатты ұсынады:
шетелдік - шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;
азаматтығы жоқ тұлға - азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
босқын - босқынның куәлігі;
паналатуды іздеуші тұлға - паналатуды іздеуші тұлғаның куәлігі;
қандас – қандас куәлігі.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдары қарау нәтижелері бойынша өтініш берушіге Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына құжатты білім беру ұйымдарына ұсыну үшін қайтарады.
4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім басқару органдары 3-тармақта көрсетілген тұлғалардан 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде білім алушыларға бос оқушы орындары бар білім беру ұйымын анықтап, осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша оқуға қолма-қол жолдама береді.
5. 16 жасқа дейінгі балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар оқуға жолдама алғаннан кейін білім беру ұйымына қағаз тасымалдағыш түрінде келесі құжаттарды тапсырады:
1) ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің 3-қосымшасының нысанына сәйкес өтініш;
2) шетелдік және азаматтығы жоқ көрсетілетін қызметті алушылар өздерінің мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар мынадай құжаттардың бірін ұсынады:
шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;
азаматтығы жоқ адам – азаматтығы жоқ адамның жеке куәлігі;
босқын – босқын куәлігі;
пана іздеуші – пана іздеуші адамның куәлігі;
қандас – қандас куәлігі.
3) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 065/у нысанды денсаулық жағдайы туралы анықтама және "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысаны, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен бекітілген № 026/у-3 нысан (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген);
4) орта білім беру ұйымында оқу үшін жолдама;
5) баланың 3х4 см өлшеміндегі фотосуретi 2 дана;
6) үлгерім табельдері немесе ағымдағы бағалардың анықтама-көшірмесі.
6. Білім беру ұйымдарының басшылары Қазақстан Республикасының азаматтығын алмаған тұлғалардың балаларын қабылдау кезінде, аталған балалардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен осы Қағидалардың 5-тармағында 2) тармақшасында көрсетілген құжаттарды талап етеді.
Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері құжаттарды ұсынудан бас тартуы кезінде, білім беру ұйымдарының басшылары тез арада ішкі істер органдарын хабардар етеді.
7. Білім беру ұйымдарының басшылары шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың балаларын Қазақстан Республикасының азаматтары балаларының саны аталған сыныпта балалардың тізімдік саны кемінде 85% болған кезде, баланың оқу ортасында сәтті әлеуметтенуіне, олардың білім туралы құжатына сәйкес шетелде алған білім деңгейіне қарай, тиісті сыныптар бойынша білім алушылар қатарына қабылдайды.
Білім туралы құжаттары жоқ болған жағдайда қалалық (аудандық) білім бөлімі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-13) тармақшасына сәйкес комиссия құрады.
Білім алушылардың қатарына тіркеу комиссиясының шешімі негізінде білім беру ұйымы басшысының шешімімен жүргізіледі.
8. Білім беру ұйымдары үш күннен кешіктірмей басшылары шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың балаларын оқуға қабылдау туралы мәліметті Ұлттық білім беру дерекқорына орналастырады.
9. Қазақстан Республикасында уақытша тұратын шетелдіктер оқу мерзіміне байланысты білімі туралы тиісті құжаттарын алады (негізгі орта білім туралы куәлік, орта білім туралы аттестат, білім алу деңгейін толық аяқтай алмаған жағдайда - оқу үлгерімі туралы табель немесе білім беру ұйымының мөрімен расталған пәндер бойынша бағалар жазылған сынып журналынан анықтама-үзінді).
Өтініш
Менің балам _______________________________________________________________
(баланың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
_________________________________________________________________________________
(тіркелген мекенжайы бойынша елді мекеннің, ауданның, қаланың және облыстың атауы)
оқуы үшін білім беру ұйымын анықтауды сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
_______________ "___" ________ 20__ жыл
(қолы)
Орта білім беру ұйымында оқу үшін жолдама
Сіздің балаңызға оқуға ______________________________________________________
(Білім беру ұйымының атауы)
ұсынылады.
Орындаушы ________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Телефон _________________________________________________________________________
Алдым: _________________________________________________________________________
(ата-анасы немесе басқа заңды тұлғаның қолы /тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
20_____ жылғы "_____" _________
Өтініш
Менің балам _______________________________________________________________
(тегі, ата, әкесінің аты (болған жағдайда)
_________________________________________________________________________________
(елді мекеннің, ауданның, қаланың және облыстың атауы)
_________________________________________________________________________________
тіркелген мекенжайы бойынша
_________________________________________________________________________________
(білім беру ұйымының толық атауы)
қабылдауды сұраймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
_______________ "___" ________ 20__ жыл
(қолы)