Ескерту. Күші жойылды – ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 12.11.2024 № 11-1-4/633 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жергілікті жерден, соның ішінде дипломатиялық қызмет персоналының отбасы мүшелері қатарынан жұмысқа қабылданған штаттан тыс жұмыскерлердің еңбек шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 08-2/83 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 4194 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жергілікті жерден, соның ішінде дипломатиялық қызмет персоналының отбасы мүшелері қатарынан жұмысқа қабылданған штаттан тыс жұмыскерлердің еңбек шарттарында:
бүкіл мәтін бойынша "жеке" деген сөз алынып тасталсын;
2-тармақтағы "мерзімді" деген сөз алынып тасталсын;
4-тармақ "басқа лауазым бойынша" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген жағдайларда" деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақта "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабында" деген сөздер мен санды "Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтың бесінші бөлігі алынып тасталсын.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің | |
міндетін атқарушы | Қ. Сарыбай |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қазақстан Республикасының | |
Еңбек және халықты | |
әлеуметтік қорғау министрі | |
___________ Г. Әбдіқалықова | |
2010 жылғы 29 қыркүйекте |