Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жергілікті жерде, оның ішінде Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелері қатарынан жұмысқа қабылданған штаттан тыс жұмыскерлердің еңбек жағдайларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2024 жылғы 12 қарашадағы № 11-1-4/633 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 13 қарашада № 35366 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № 571 қбп қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналының шет елдегі еңбек жағдайларының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жергілікті жерде, оның ішінде Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелері қатарынан жұмысқа қабылданған штаттан тыс жұмыскерлердің еңбек жағдайлары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Валюта–қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы
Р. Василенко

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
міндетін атқарушы
2024 жылғы 12 қарашадағы
№ 11-1-4/633 бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жергілікті жерде, оның ішінде дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелері қатарынан жұмысқа қабылданған штаттан тыс жұмыскерлердің еңбек жағдайлары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жергілікті жерде, оның ішінде Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшелері қатарынан жұмысқа қабылданған штаттан тыс жұмыскерлердің еңбек жағдайлары (бұдан әрі – Жағдайлар) Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № 571 қбп қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналының шет елдегі еңбек жағдайларының 1-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріндегі (бұдан әрі – шет елдердегі мекемелер) штаттан тыс жұмыскерлердің еңбек жағдайларын анықтайды.

      2. Осы Жағдайларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) еңбек жағдайлары – еңбекке ақы төлеу, еңбекті нормалау, еңбек міндеттерін орындау, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі жағдайлары, кәсіптерді (лауазымдарды) қоса атқару, қызмет көрсету аймақтарын кеңейту, жұмыста уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін атқару, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібі, техникалық, өндірістік-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тараптардың келісуі бойынша өзге де еңбек жағдайлары;

      2) шет елдегі мекеме – Қазақстан Республикасының шет елдегі дипломатиялық өкілдігі және оларға теңестірілген өкілдігі, сондай-ақ консулдық мекемесі;

      3) штаттан тыс жұмыскер – шет елдегі мекемемен еңбек қатынастары бар және еңбек келісімшарты бойынша тікелей жұмыс атқаратын жеке тұлға.

2-тарау. Штаттан тыс жұмыскерлердің еңбек шартын жасаудың, бұзудың және еңбек жағдайларын орнату мен өзгертудің шарттары

      3. Шет елдегі мекеменің басшысы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен (бұдан әрі – Министрлік) келісу бойынша шет елдегі мекемеге жұмысқа қабылданатын тұлғалармен еңбек шартын жасайды, содан кейін штаттан тыс жұмыскерді жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығарады.

      Еңбек шарты жазбаша түрде кемінде 2 (екі) данадан жасалып, оларға тараптар қол қояды.

      4. Дипломатиялық қызмет персоналының бірге жүретін отбасы мүшесімен еңбек шарты жасалған кезде, оның аяқталу мерзімі оның отбасы мүшесі болып табылатын дипломатиялық қызмет персоналының шет елдегі мекемедегі жұмыс мерзімінен аспауы тиіс.

      5. Штаттан тыс жұмыскерге шет елдегі мекемеде қолданыстағы ішкі еңбек тәртіптерінің ережелері қолданылады.

      6. Штаттан тыс жұмыскердің еңбек жағдайлары осы Жағдайларға сәйкес белгіленеді.

      Осы Жағдайларға сәйкес реттелмеген штаттан тыс жұмыскердің еңбек жағдайлары Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес белгіленеді.

      7. Еңбек шарты Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген негіздер бойынша тоқтатылып, кейін шет елдегі мекеме басшысының бұйрығы қабылданады.

      8. Штаттан тыс жұмыскерлердің шет елдегі мекемеде жұмыс істеген уақыты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек өтіліне қосылады.

      Егер штаттан тыс жұмыскер Қазақстан Республикасының азаматы болған жағдайда, оның еңбек кітапшасындағы жазбаны шет елдегі мекеменің басшысы берген шет елдегі мекемедегі лауазымын және жұмыс істеу мерзімін растайтын анықтамасы негізінде Министрлік жүргізеді.

3-тарау. Еңбекақыны есептеу, еңбекақыдан ұстап қалу шарттары, кепілдіктер мен өтемақылар төлеу

      9. Штаттан тыс жұмыскерлердің еңбекақысы шет елдегі мекеменің жұмыс уақытының пайдалануын есептеу табеліне сәйкес нақты жұмыс істеген уақытына қарай шетел валютасымен төленеді.

      Штаттан тыс жұмыскерлердің еңбекақысының ең төмен мөлшері болу еліндегі Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісінің лауазымдық жалақысының 10 (он) пайызы мөлшерінде белгіленеді.

      Штаттан тыс жұмыскерлердің еңбекақысының ең жоғары мөлшері болу еліндегі Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісінің лауазымдық жалақысының 30 (отыз) пайызы мөлшерінде белгіленеді.

      Штаттан тыс жұмыскерлердің еңбекақысы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленбейді.

      10. Штаттан тыс жұмыскерлер шетел валютасындағы орташа жалақысы мөлшеріндегі төлеммен және күнтізбелік 30 (отыз) күн мерзімінде жыл сайынғы еңбек демалысын және әлеуметтік демалыстар алу құқығын пайдаланады.

      Ақысы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы шет елдегі мекеменің басшысының бұйрығымен ресімделеді.

      11. Науқастанған жағдайда штаттан тыс жұмыскерге уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төленеді, оның мөлшері орташа күндік жалақыны уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңіндегі жұмыс күндерінің санына көбейту арқылы анықталады.

      Уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеудің негізі болу елінің заңнамасына сәйкес берілген уақытша еңбекке жарамсыздық парақшалары болып табылады, ал болу елінен тыс жерлерде ауырып қалған жағдайда уақытша еңбекке жарамсыздық тіркелген елдің заңнамасына сәйкес құжаттар болады.

      12. Штаттан тыс жұмыскерлер шет елдегі мекеме басшысының бұйрығы негізінде қысқа мерзімді іссапарларға жіберіледі.

      Іссапар уақытында штаттан тыс жұмыскердің жұмыс орны (лауазымы) және іссапар күндеріне келетін жұмыс күндері үшін жалақысы сақталады.

      Іссапарларға жіберілетін штаттан тыс жұмыскерлерге іссапарда болған күнтізбелік күндер үшін тәулікақы, оның ішінде жол жүру уақыты, тағайындалған жерге бару және кері қайту бойынша жол жүру және тұрғын үй-жайды жалдау шығыстары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларына сәйкес төленеді.

      13. Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын (жыл сайынғы еңбек демалыстарын) пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған штаттан тыс жұмыскерге еңбек шарты тоқтатылған кезде шет елдегі мекеме оның жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалысының) пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлейді.

      Штаттан тыс жұмыскер жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалысының) пайдаланбаған күндері үшін өтемақы төлемі оның орташа жалақысы есебінен есептеледі.

  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
міндетін атқарушы
2024 жылғы 12 қарашадағы
№ 11-1-4/633 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кейбір күші жойылған бұйрықтарының тізімі

      1. "Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жергілікті жерден, соның ішінде дипломатиялық қызмет персоналының отбасы мүшелері қатарынан жұмысқа қабылданған штаттан тыс жұмыскерлердің еңбек шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 08-2/83 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4194 болып тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жергілікті жерден, соның ішінде дипломатиялық қызмет персоналының отбасы мүшелері қатарынан жұмысқа қабылданған штаттан тыс жұмыскерлердің еңбек шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 08-2/83 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қыркүйектегі № 08-1-1-1/327 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6591 болып тіркелген).

      3. "Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жергілікті жерден, соның ішінде дипломатиялық қызмет персоналының отбасы мүшелері қатарынан жұмысқа қабылданған штаттан тыс жұмыскерлердің еңбек шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 08-2/83 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 08-1-1-1/656 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9098 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады