"Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс өткізудің Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі міндетін атқарушының 2002 жылғы 12 ақпандағы № 32 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2010 жылғы 27 қыркүйектегі 251 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 26 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6595 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 75 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2012.05.31 № 75 бұйрығымен.

      «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 4-3 бабының 3-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс өткізудің Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі міндетін атқарушының 2002 жылғы 12 ақпандағы № 32 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1751 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      атауында және 1-тармақта «жерүсті телерадио хабарларын тарату» сөздері «телевизиялық және (немесе) радио хабарларын тарату» сөздерімен ауыстырылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс өткізудің Ережесінде:
      атауында және бүкіл мәтін бойынша «жерүсті телерадио хабарларын тарату» сөздері «телевизиялық және (немесе) радио хабарларын тарату» сөздерімен ауыстырылсын;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      Осы Ереже телевизиялық және (немесе) радио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 4-3-бабының 3)-тармақшасына сәйкес әзірленді және конкурс өткізудiң шарттарын және оған жеке және заңды тұлғалардың қатысуын айқындайды.»;
      2-тармақта «Мәдениет және ақпарат министрлігі» сөздері «Байланыс және ақпарат министрлігі» сөздерімен ауыстырылсын»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Конкурс Үміткерлері конкурс шарттарының барлық тармақтары бойынша түсініктеме алу үшін Комиссияның жұмысшы органына Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетіне өтініш жасайды.»;
      14-тармақта:
      3) тармақшада:
      Екінші абзац және үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «белгіленген тәртіппен расталған мына құжаттардың көшірмелерін:
      жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын және кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттар;
      «заңды тұлға үшін - мемлекеттік тіркеу туралы (қайта тіркеу) куәлік, құрылтай құжаттары.»;
      бесінші абзацтағы «бере алуы мүмкін» деген сөздер «береді» деген сөзбен ауыстырылсын;
      15-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын:
      «Конкурсқа қатысатын өтінімдер салынған конверттерді ашқан күні Комиссияның жұмыс органы конверттерді ашу хаттамасын дайындайды.
      Конверттерді ашу хаттамасына төраға және қатысқан барлық Комиссия мүшелері, сондай-ақ хатшы қол қояды.»;
      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Конверттерді ашқаннан кейін бес жұмыс күнінің ішінде сараптамалық қорытынды дайындайды.
      Мамандар Үміткерлер ұсынған қызметтердің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігі мәніне сараптамалық қорытынды береді және олардың конкурстық комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы болмайды. Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресімделеді және оған мамандардың қолдары қойылады.»;
      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «20. Конкурстың қорытындылары төрағаның және Комиссия мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.
      Конкурстың нәтижелері Комиссияның отырысында жеңімпаздарды анықтайтын күні хабарланады және екі жұмыс күнінің ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.»;
      21-тармақ алынып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
      2) Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Жұмағалиев

О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра культуры, информации и общественного согласия Республики Казахстан от 12 февраля 2002 года № 32 "Об утверждении Правил проведения конкурса на получение права на наземное телерадиовещание в Республике Казахстан"

Приказ Министра связи и информации Республики Казахстан от 27 сентября 2010 года № 251. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 октября 2010 года № 6595. Утратил силу приказом Министра культуры и информации Республики Казахстан от 31 мая 2012 года № 75

      Сноска. Утратил силу приказом Министра культуры и информации РК от 31.05.2012 № 75.

      В соответствии с подпунктом 3) статьи 4-3 Закона Республики Казахстан "О средствах массовой информации", ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра культуры, информации и общественного согласия Республики Казахстан от 12 февраля 2002 года № 32 "Об утверждении Правил проведения конкурса на получение права на наземное телерадиовещание в Республике Казахстан"  (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 1751), следующие изменения и дополнения:
      в заголовке и в пункте 1 слова "наземное телерадиовещание" заменить словами "телевизионное и (или) радиовещание";
      в Правилах проведения конкурса на получение права на наземное телерадиовещание в Республике Казахстан, утвержденных указанным приказом:
      в заголовке и по всему тексту слова "наземное телерадиовещание", "наземного телерадиовещания" заменить словами  "телевизионное и (или) радиовещание";
      пункт 1 изложить в следующей редакции:
      "1. Настоящие Правила проведения конкурса на получение права на телевизионное и (или) радиовещание в Республике Казахстан (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 3) статьи 4-3 Закона Республики Казахстан "О средствах массовой информации" и определяют условия проведения конкурса на получение права на телевизионное и (или) радиовещание (далее – конкурс) и участия в нем физических и юридических лиц.";
      в пункте 2 слова "Министерства культуры и информации" заменить словами "Министерства связи и информации";
      пункт 8 изложить в следующей редакции:
      "8. Претенденты на участие в конкурсе обращаются за необходимыми разъяснениями по любому из пунктов конкурсных условий в рабочий орган Комиссии - Комитет информации и архивов Министерства связи и информации Республики Казахстан.";
      в пункте 14:
      в подпункте 3):
      абзацы второй и третий изложить в следующей редакции:
      "для физического лица – документы, удостоверяющие личность и подтверждающие право на занятие предпринимательской деятельностью;
      для юридического лица – свидетельство о государственной регистрации (перерегистрации), учредительные документы.";
      в абзаце пятом слова "может предоставить" заменить словом "предоставляет";
      пункт 15 дополнить абзацами вторым и третьим следующего содержания:
      "В день вскрытия конвертов с заявками на участие в конкурсе, рабочим органом Комиссии составляется протокол вскрытия конвертов.
      Протокол вскрытия конвертов подписывается председателем и всеми присутствующими членами Комиссии, а также секретарем Комиссии.";
      пункт 17 изложить в следующей редакции:
      "17. После вскрытия конвертов в течение пяти рабочих дней готовится экспертное заключение.
      Специалисты дают экспертное заключение на предмет соответствия предлагаемых Претендентами услуг требованиям конкурсной документации и не имеют права голоса при принятии Комиссией решения. Экспертное заключение оформляется в письменном виде и подписывается специалистами.";
      пункт 20 изложить в следующей редакции:
      "20. Итоги конкурса оформляются протоколом, подписываемым председателем и членами Комиссии.
      Результаты конкурса объявляются на заседании Комиссии в день определения победителей и в течение двух рабочих дней размещаются на интернет-ресурсе уполномоченного органа.";
      пункт 21 исключить.
      2. Комитету информации и архивов Министерства связи и информации Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан его официальное опубликование в средствах массовой информации.
      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

      Министр                                          А. Жумагалиев